“Бірлік – береке бастауы” жобасы бойынша қортынды іс-шара өтеді

0
200

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі “Бірлік – береке бастауы” жобасы бойынша қортынды іс-шара өтеді. Шара аясында әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы түрлі этнос өкілдері арасында Абай шығармаларын мемлекеттік тілде мәнерлеп оқу бойынша бейне-челленджге және қазақ композиторлары мен ақындарының шығармаларына арналған музыкалық челленджге қатысып, жүлделі орынға қол жеткізген жеңімпаздар марапатталады. Сонымен бірге, жобаға әртүрлі деңгейде қолдау көрсеткен, атсалысқан кісілерге алғыс хаттар беріледі.

Жобаның мақсаты – Қазақстан халқының, түрлі этнос өкілдерінің өзара достығын нығайту, өзге этностар арасында қазақ мәдениеті мен тілінің қолданыс аясын арттыру.

Өтетін орны: Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Әл-Фараби даңғылы, 89/21, Алматы.

Өтетін уақыты: 2021 жыл, 27 қазан, сағат 10:00