«Бір медальдың құны 75 миллион АҚШ доллары»: Арман Шораев

0

Қоғам белсендісі Арман Шораев соңғы жылдары олимпиадаға дайындық үшін мемлекеттен бөлген қаражатты айтып, оны Қазақстанның иеленген медельна бөліп берді.

«Бір медальдың құны 75 миллион АҚШ долларын құрап отыр» дейді Арман Шораев.

«Токиодағы олимиадада үш медальға ие болдық. Бір медальдың құны 75 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Соңғы үші жылда үкімет спортшыларды олимпиадаға дайындау үшін 100 миллиард теңге ақша жұмсады. Ол дегеніңіз 250 миллион доллар. Оны біздің алған медальға бөлсек, осындай сома шығады» дейді Арман Шораев.

Қоғам белсендісінің пікірінше дамыған елдерде спорт мен мәдениет туралы министрлік жоқ. Оны таратып жіберу керек. Елдегі шаңғы-трамплин кешендері туралы да айтқан Шораев оларды екі миллиард долларға елдегі жүз шақты ғана спортшыға арнап салған екенбіз. Ал, Қырғыстан, Тәжіксан сынды мемлекеттердің ішкі жалпы өнім құны осы қаражатпен тең.

«Егер тағы бір медаль алсақ онда бір медалдың құны 65 млн. доллар болады. Бұл барып тұрған ысырап. 65-70 миллион долларға ондай медальдың керегі жоқ» дейді белсенді.