БелТА Лукашенконың Назарбаевпен сөйлескенін жазды

0

Беларусьтің мемлекеттік агенттігі БелТА Беларусь режимінің басшысы Александр Лукашкенко 7 қаңтарда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Бұл ақпаратты Лукшаенконың ресми хабарламаларын жариялап отыратын «Пул первого» телеграм каналы да шығарды.

Агенттіктің хабарлауынша, екеуі Қазақстандағы жағдайды талқылаған. Ресми агенттіктер екі тараптың тағы не айтқанын толық жазбаған.

Назарбаев жұрт алдына 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бері шықпады. Әдетте Қазақстандағы негізгі тақырыптарға пікір білдіріп отыратын ол елде қаңтардын басынан бері болып жатқан жағдайға қатысты ешқандай сөз де айтпады.

Айта кетейік, 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Назарбаев басқарып келген Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алатынын жариялады.