Домой Басты тақырып Байден: Путин ешқашан Украинаны басып ала алмайды

Байден: Путин ешқашан Украинаны басып ала алмайды

0
1434

АҚШ президенті Джо Байден Ресейден мұнай тасымалдауға шектеу қойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Ұлыбритания да Ресейден мұнай импорттауға тыйым салмақ.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейден газ, көмір тасымалдауға шектеу қойылғанын да айтты.

– Путин бастаған соғысқа субсидия бермейміз. Осыдан соң газ бағасы қымбаттар, бірақ бұл бостандықтың құны болмақ, –  деді Джо Байден.

АҚШ президенті Джо Байден мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаны басып алуға дәрмені жетпейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бір қаланы басып алғанмен, бір елді түгел басып алу мүмкін емес.

– Путин ешқашан Украинаны басып ала алмайды. Ол бір қаланы алар, бірақ бүкіл елді ала алмайды, – деді ол.