Атамбаев: Менің Назарбаевпен қарым-қатынасым бұзылғаны жасырын емес

0

АЛМАЗБЕК АТАМБАЕВ БЫЛАЙ ДЕПТІ:

«Қазақ оппозиционері деп аталып жүрген Мұхтар Әбілязовпен байланысы бар дегенге қатысты айтатын болсам, мен Мұхтармен ешқашан кездескен де, сөйлескен де емеспін. Онымен ешқандай келісім де болған емес. Мен оны танымаймын. Менің 2016 жылдың қыркүйегіндегі оқиғалардан кейін Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасым бұзылғаны жасырын емес. Менің ойымша Қазақстандағы оқиғаларды сырттан ешкім ұйымдастырған жоқ.

Барлық төңкерістер мен көтерілістер кез келген елде біліксіз, халыққа қарсы биліктің әрекетінен кейін болады. Қазақстанда да мәселе сырттан ұйымдастырған күштерде, оппозиционерлер мен содырларда емес. Халықтық толқулардың себептері анық, бірақ Тоқаев мырза тым дипломат ретінде айтып отыр. Ол бұл себептер мен келеңсіздіктерді жою үшін барын салады деп үміттенемін.

Әрине, толқуға қатысқан халықты емес, халықты толқуға жеткізген жандарды жазалау керек. Өз халқын тонаған, өз халқының тынысын тарылтып, репрессия жасағандарды айтамын. Өз тәжірибемде айтатын болсам ішкі пиғылы белгісіз күштік құрылымдарға емес, қарапайым халық пен тәуелсіз БАҚ-тарға көбірек сенім артқан дұрыс. Сонда ғана Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Ұлтқа қауіпті комитетке» айналмайды. Әзірге президент ауысса да, нәтиже жоқ сияқты…

Менің тамырымда менің қазақ әжелерімнің қаны ағып жатыр. Менің үлкен ұлымның балалары, менің немерелерім жартылай қазақ. Дәл осындай жақындық көптеген қырғыздарда бар. Қазақ даласында біреу қиналса, қырғыз тауында көзімізден жас ағады. Біз қазақ бауырларымыз бен қарындастарымызды жақсы көреміз! Алаңдаймыз! Сіздердің қайғыларыңыз — біздің қайғымыз! Осы бір қайғылы оқиғада қаза тапқан және зардап шеккен әр отбасыға көңіл айтамын. Бекем болыңыздар! Сіздерге Жаратушы жар болсын!», — деді Алмазбек Атамбаев.