Астана атауы 60 жыл ішінде 5 рет өзгеріп Гиннестің рекордтар кітабына енді

0
543

Қазақстанның астанасы атауын ауыстыру бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді. Себебі 60 жыл ішінде Астананың атауы 5 рет өзгертілген.

Гиннес рекордтар кітабының сайтында Астананың 1997 жылы Қазақстанның астанасы болғаны, бірақ алғашында Ақмола аталғаны жазылған.

Айта кетсек, 1961 жылдан 1991 жылға дейін қала Кеңес Одағының тың және пайдаланылмай жатқан жерлерді игеру науқаны аясында ауыл шаруашылығын кеңейту бағдарламасы орталықтарының бірі болғандықтан, Целиноград, яғни «тың игеру қаласы» деп аталды. 1961 жылға дейін Ақмола деп аталды. Ал Ақмола 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған кезде қала атауы болып қабылданды.

Кейін 1998 жылы қаланың атауы Астана, 2019 жылы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. 2022 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қалаға бұрынғы атауы – Астана қайтарылды.