Артымнан ілес кетеміз. Бердімұхамедов отставкасы
11 ақпан күні Түрікменстан астанасы Ашхабадта мемлекеттің алдағы 30 жылдағы даму жоспарларына арналған Халық мәслихатының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.
TDH мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында президент Құрбангұлы Бердімұхамедов сөз сөйледі.
– 15 жыл бойы мен Түркіменстанның ең жоғарғы және өте жауапты қызметінде жұмыс істеп келемін. Сонымен бірге мен Түркіменстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы, Мемлекеттік Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Түркіменстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Қолбасшысы, Түрікменстан Халық Маслахаты Милли Генгештің төрағасы қызметтерін атқарамын, – деді Түрікменстан президенті.