Ақтөбе әкімдігі қолшатыр үшін жарты миллион теңге жұмсаған

0

Ақтөбелік шенеуніктер бүкіл халыққа күннен қорғайтын 50 қолшатырды не себепті алғанын түсіндіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында орналасқан қызық тапсырыс журналистердің назарына іліккен. Әкімдік қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге аса қажет емес саналатын затқа жарты миллион теңгеден астам қаражат жұмсауға дайын болған.

Бір қызығы, облыс әкімі қарамағындағылардың қазына ақшасын қайда жаратып жүргенінен бейхабар болған.

«Шынымды айтсам, білмеймін. Мұндай ақпаратты естіген емеспін. Әрине, бұл сұрақтар бойынша барлығын тексеретін боламын. Менің ойымша, бұл шындыққа жанаспайтын секілді», — дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Алайда белгілі болғандай, тапсырыс шынымен берілген. Және тапсырыс беруші облыс әкімінің аппараты болып шығады. Әкімнің орынбасары тіпті сатып алынған тауарларды жеке өзі көріп шыққан. Олар екі түріне тапсырыс бергені анықталды: бірі – екі адамға лайықталған ағаш сабы бар қолшатыр болса, екіншісі – қарапайым жиналмалы. Тек іскерлік саналатын қара түстілерін сұратқан. Шамасы, шенеуніктің киім үлгісімен бір түсте болғанын қаласа керек.

Нәтижесінде 50-нің барлығы сатып алынған.

Бірақ тапсырыс беруші көп нәрсені үнемдегеніне сендіргісі келеді. Барлығын жеңілдікпен 195 мың теңгеге сатып алынған. Үш жылдан кейін шенеуніктер оларды тағы да жаңалауды көздеп отыр. Ал сатып алынғандары қазірдің өзінде кәдеге жарап үлгерген.

«Біз ол қолшатырлармен жақында ғана келіп кеткен премьер-министрді күтіп алдық. Келген делегацияны өзіміз қарсы алдық. Әрине, ауа райына байланысты. Олар тек ғимараттардың ішінде ғана жүрмейді ғой. Келушілер нысандарды аралайды, алқаптарды көреді. Сол себепті де қолшатырлар жиі сынып қалады», — деп түсіндірді Ақтөбе облысы әкімдігі аппаратының басшысы Мейрам Әуелбеков.