АҚШ сенаторы «Путинді өлтіруді» ұсынды

0

АҚШ-тың республикашыл сенаторы Линдси Грэм Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тез тоқтатудың жалғыз жолы – Ресей президенті Владимир Путинді өлтіру деп есептейді, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Линдси Грэм өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Ресейде Брут бар ма? Орыс әскерінде сәтті полковник Штауфенберг (1944 жылы Адольф Гитлердің өміріне сәтсіз қастандық жасаған Вермахт полковнигі) бар ма? Мұның жалғыз жолы біреу үшін аяқталуы мүмкін. Ресейде бұл жігітті көзін жою керек. Сіз еліңізге және әлеміңізге үлкен қызмет жасайсыз» деп жазды Грэм.

Орыс халқына арнаған сөзінде сенатор қазіргі жағдайды тек ресейліктердің өзедері ғана түзете алатынын айтты.

«Егер сіз қалған өміріңізді қараңғылықта, әлемнің қалған бөлігінен оқшауланған және өте кедейлікте өткізгіңіз келмесе, сіз жауапкершілікті алуыңыз керек» деп түйіндеді Грэм.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.

2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.

27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау үшін геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.