АҚШ президенті Сәуле Омарованың жоғары лауазымнан бас тарту себебін түсіндірді

0
341

АҚШ Президенті Джо Байден Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың АҚШ Банк реттеушісі басқармасының басшысы қызметінен бас тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Америка басшысы өз мәлімдемесінде, Омарова АҚШ Қаржы министрлігі жұмысына баға жетпес жаңашылдық әкеле алатынын айтты. Байден Омарова Америка Құрама Штаттарына келгенге дейін Кеңес өкіметі билігінде өмір сүргені, сол кезде оның америкалық болу арманы болғанын білдіретінін және Америкаға көшу арқылы оны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты.

«Тұтынушылар мүддесінің күшті жақтаушысы және қаржы жүйеміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының сенімді қорғаушысы ретінде Сәуле америкалықтардың атынан маңызды жұмысымызға баға жетпес көзқарас пен перспектива әкеле алар еді», — деді ол.

Сонымен қатар Байден Омарова көп шабуылға ұшырағанын атап өтті.

«Өкінішке қарай, оның кандидатурасы басталғаннан Сәуле шабуылдарға ұшырады. Мен төраға Браунға әділ таңдау жасағаны үшін және Омароваға біліктілігін көрсету мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамын», — деп түйіндеді Байден.

Қаржы министрлігінің Валюталық бақылау басқармасы федерал банк жүйесіндегі 1 200-ге жуық ұлттық банктерді қадағалайтын және реттейтін негізгі агенттік саналады.