Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың суреттері жарияланды

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған ҚР ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметшілерінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олар әскери қызметшілердің суреттерін жариялап, көз жұмғандарды ескер алды.

Әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған ҚР ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметшілері:

— авиация бөлімінің штурманы, 19.10.1984 жылы туған майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаевтың;

— авиация бөлімінің ұшу тобының борт технигі, 15.12.1985 жылы туған капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратовтың;

— авиация бөлімінің ұшу тобы экипажының штурманы, 24.11.1994 жылы туған аға лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаевтың;

— авиация бөлімінің ұшу тобының аға борт механигі, 10.11.1985 жылы туған сержант Васильков Евгений Борисовичтің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

«АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар еді. Олар өмірінің соңына дейін әскери  антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз», — дейді ҰҚК баспасөз қызметі.

13 наурызда Алматы әуежайы маңында ҰҚК Авиациялық қызметінің ұшағы апатқа ұшырады.

Қазіргі уақытта дәрігерлер апатта аман қалған екі адамның өмірі үшін күресуде. Олардың жағдайы өте ауыр. Бір зардап шегуші денесінің 50 пайызын, екіншісі денесінің 30 пайызын күйік шалған. Емдеуге дәрігерлердің жеке құрамы, соның ішінде қаланың бас реаниматологыжұмылдырылды.