Алматыда митинг кезінде екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

0

Алматыдағы демократиялық партия жақтастары мен оларды қолдаушылар арасында қалған әйел зардап шекті, оны жедел-жәрдем көлігі алып кетті, деп хабарлайды ORDA.

Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының жанында демократиялық партияның жақтастары қоршауға алынған, арандатушылар осы арада  демократиялық партияның өкілдерімен төбелес шығарды. Нәтижесінде әйел адам зардап шегіп, ауруханаға жөнелтілді.

Оқиға орнында болған тілшілердің хабарлауынша, наразылық білдірушілер полицейлерден дәрігерлердің жарақат алған әйелді  қарауына рұқсат беруді талап еткен. Жарақат алған әйелді қарауға рұқсат берілді, оны жедел жәрдем көлігіне апарды. Наразылар жәбірленушінің қабырғалары сынған дегенді айтады.

Кейінірек тағы бір әйелдің жарақат алғаны хабарланды. Жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері оны да алып кетті.

Арнайы жасақ  қазір демократиялық партияның наразылық білдірушілерін бірнеше шеңбермен қоршауда ұстап тұр. Бұл іс жүзінде 16 желтоқсан мен 10 қаңтардағы наразылық кезінде қолданылған әдісті қайталау.

Журналистерді наразылық білдірушілерден  алшақтатып, олардың наразы топқа жақындауына тосқауыл қойылған.