Әлия Назарбаева: Мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын

0

Қазақстан тұрғындары Әлия Назарбаевадан ақша сұрап жүр. Бірде автор Елбасының қызынан үй алуға қол ұшын беру туралы өтінішін жазып, қарызға 15 миллион теңге сұраған. Ол қарызды ай сайын жалақы түскенде 60-70 мың теңгеден шотына жіберу арқылы қайтаратынын жеткізді.

Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтініш білдірушінің хабарламасын жария етті. Елбасының қызы күн сайын көптеген адам көмекпен жүгінгенін атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

«Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз! 

Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз. Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту — ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу! Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!» — деді Әлия Назарбаева.