Әлібиді түрмеде соққыға жыққан
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің инстаграм парақшасында Әлібидің жағдайы туралы сөз қозғап, пост жазды. Ол жас жігіттің тағдырына алаңдап, бұл туралы Асхат Маемировпен сөйлескенін тілге тиек етті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Жаңа ғана Асхат Маемировпен сөйлестім…Әлібидің казіргі жағдайы туралы нағашы әпкесі Қырмызы ханым пост жазыпты… Асхат мырза ертең Астанаға @abzalkuspan келеді, сөйлесіп, ақылдасамыз деді. Қанша танымал адам бас қосып, әділдікке жете алмай қойдық….Ең соңғы рет “Евразия “ арнасынан Әлібиге арналған бағдарламаны бір көрсеткен соң, көзін құртқызды (қай докей екен…) ютубқа салғызбапты.Енді не істеуге болады?! Әлібиге айттым, ана жолы, шыдамды бол деп….Зорланған- қорланған адам жоқ!» — деді (әншінің жазбасын еш өзгеріссіз беріп отырмыз-ред.) М.Түсіпбаева.
Бұған дейін Меруерт Түсіпбаева оразадан соң арнайы барып, Әлібидің жағдайын өз көзімен көріп қайтқанын айтқан болатын. Жас жігіттің тағдырына бей-жай қарай алмаған әнші ол туралы өз парақшасына да жазды. Қазір де әнші талантты жастың жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр.
Ал Әлібидің әпкесінің айтуынша, Ақтаудан Қызылордаға «көшірілген» Әлібиді жақында үш жігіт ұрып тастаған. Жағдайы жақсы емес.