Алғашқы алтын: Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды

0

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы алтынын жеңіп алды деп хабарлайды kznews.kz сайты olympic.kz порталына сілтеме жасап.

48 келіде жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов финалда таиландық Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберіп, өзінің әлемдегі мықтылығын дәлелдеді.

Айта кетелік, Теміртас Жүсіпов бұған дейін әлем чемпионаттарында жүлде алмаған. Ол Азия чемпионы, әскерилер арасындағы әлем чемпионы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы.

Теміртас әлем чемпионы атағын 33 жасында жеңіп алып отыр. Құттықтаймыз!