Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Сурет: NickyPe
Синоптик мамандар 13-15 наурыз күндері республиканың солтүстік аймақтарында күн суытатынын ескертті.
Демалыс күндері оңтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Боран, желдің күшеюі және мұздың болуы да болжануда. Республикада кей жерлерде тұман күтіледі.
«Қазақстанның көп бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында ауа райы аязды болады. Басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның енуі өзімен бірге ауа температурасының төмендеуін ғана емес, жауын-шашынды да әкеледі», — делінген хабарламада.