30 жылда былыққа батқандай бата бермей, елге кішкене болса да өзгеріс алып келу мақсатым — Дәулет Мұқаев

0

Дәулет Мұқаев өз туралы айтылған «депутат болудағы мақсаты — құрылыс компанияларына қаражатты бұру және ловильдық қызметтерді атқару» деген қауесетке жауап берді. 

«Әрине, мен баспана туралы жиі айтқандықтан құрылыс компаниялары жарнама ұсынады. Сондай-ақ, бір компанияның бренд-амбассадорымын. Соның нәтижесінде үй атауларын қазақыландыруға септігім дейді. Бірақ бұл оны білдірмейді. Қазақтың басты проблемасы — баспана. Әрбір төртінші қазақ «ұлы дала квартиранты». Қазақта кемінде 3 кілт болу керек. Олар көліктің кілті, өзінің кеңсесінің кілті, үйінің кілті. Осы 3 кілтке қарай талпынуымыз керек. Осы 3 кілт бола ма, өмірдің кілтін тапқаның деп те айтамын. Өйткені, бас проблема — баспана. Үй жоқтың — күйі жоқ. Өзіміз айналдырған 20 млн халықпыз, айналып келгенде статистика өте қорқынышты. Одан кейін мемлекеттік бағдарламаларға да көңілім тоймайды. Оны мен әлеуметік желі де талай айттым. Бірақ бұл әңгімелерім сол жерде алып қоймай, жоғары жақта да, мінберде де естілсе деймін. Мен тау қопарамын деп айта алмаймын. Әр адам өзінің шамасы жеткенше күресу керек. Шамасы жеткенше үлесін қосу керек. Абай «сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан» дейді. Әрқайсымыз өз саламыздың кірпіші болуымыз керек. Сонда мықты кірпіштер жиналып, мықты мемлекет құруға болады», — деді блогер.

Сондай-ақ Дәулет Мұқаев 30 жылда былыққа батқандай бата бермей, елге кішкене болса да өзгеріс әкелгісі келетінін айтты.

«Біздің елде депутаттың бейнесі жемқор ретінде қалыптасып қалды, 30 жылда депутат жеп жатыр, ештеңе істемейді, жылы жерде отыр, ештеңе айталмайды, еште істемейді, миллион табады деп Мен ақша үшін емес, 30 жылда былыққа батқандай бата бермей, кішкене болса да өзгеріс алып келу негізгі мақсат менде… Саясат ертең не болатынын да білмейміз, ол сені лақтырып жіберуі де мүмкін, керісінше, барлығын әділ жасауы да мүмкін. Мен білмеймін. Бірақ мен шамам жеткенше күресу керекпін», — деді Дәулет Мұқаев.