3 триллион теңге: Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінетіндігін айтты.
«Біздің бағдарламада төрт негізгі басымдық бар. Әрбір азаматқа өз әлеуетін іске асыруға тең мүмкіндіктер беру қажет. Мемлекет шынымен мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуі керек. Ең бастысы — әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаждарды қолдауға үлкен көңіл бөлеміз», — деді Тоқаев «Нұр Отан» съезінде.
Президент әлеуметтік саясатты жүргізу барысында қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары күшейтілетіндігін айтты.
«Алдағы бес жыл ішінде жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллионнан астам теңге бөлінеді. Сонымен бірге біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосумен жүзеге асыруды ұсынамыз», — деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.