26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Синоптик мамандар 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Болжам бойынша, алдағы үш күнде қар жауады. Сондай-ақ, кей жерлерде бұрқасын жел соғып, көктайғақ болады.
«Аталған аралықта Қазақстан аумағында ауа райы бұлтты болады. Екпінді жел соғып, температура ауытқиды», — делінген Қазгидромет хабарламасында.