Мақтаған министріміз ұлттық мүддені Ресейге сатып отыр

0

Кеше Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Аtameken Business телеарнасына шығып, дербес дерекке қатысты өз ойыр ортаға салды. Министрдің айтуынша, дербес дерекке байланысты жұрттың уайымы негізсіз. Өйткені Сбер компаниясымен жасалған меморандумда «Алаяқтар айналып өтіп кіріп кетпейтіндей қуыс-тесіктер жоқтығына көз жеткізу үшін Қазақстанға ашық шығыс кодтары керектігі ақ параққа қап-қара әріптермен» анық жазылған. Сондай-ақ, ол меморандумға қол қояр алдында Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен терең талқыланғанын ескертті.

«Мұндай шешімді біз бір минутта немесе біреудің қысымымен қабылдаған жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, Герман Оскровичпен (СберБанк басшысы) бірнеше рет кездестік. Жалпы ІТ саласының келешегі не болып жатқанын сол кісімен талқыладық. Майл.ру мен Яндексті зерттедік. Алайда қазіргі таңда бізді ақпараттық қауіпсіздік болсын, платформалық модельдердің талаптары жағынан болсын қанағаттандыратын бірден бір платформа – сберлік жоба екенін ұғып, түйсініп отырмыз», – дейді ол.

Бағдат Мусиннің айтуынша, қазақстандықтардың мәліметтерімен, бизнес-процестердің жұмыстарымен ресейлік мамандардың қолымен емес, қазақстандық ІТ мамандардың қолымен жасалады. Министр атап өткендей, қазақстандықтардың мәліметтерін басқа елге басқаруына беріп қоюға Қазақстанның заңы рұқсат бермейді.

Алайда ІТ саласының мамандары мен қарапайым халық Ресейге цифрлы тәуелді болуымыз бірдей деген пікірде. Бірақ жұртың пікіріне Бағдат Мусин назар аударудың орнына халықтың даурығып кеткеніне таңғалып отыр. Мақтаулы министрдің басына «Ұлттық мүддені Ресейге сатып отырмын-ау» деген ой кіріп шығар емес.