15 кен орны аукционмен сатылғалы жатыр

0

2021 жылғы 23 сәуірде сағат 09:00-де электрондық аукциондар операторының сайтында: www.gosreestr.kz  жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған екінші электрондық аукцион өтеді, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Бұған дейін 2020 жылғы 23 желтоқсанда 10 жер қойнауы учаскесі бойынша бірінші электрондық аукцион табысты өткізілген болатын. Көмірсутектер шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған екінші электрондық аукционды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2021 жылғы 23 қаңтарда 15 жер қойнауы учаскесі бойынша ведомствоның интернет-ресурсында жариялаған болатын.

Электрондық аукционға шығарылған 15 учаскеден 23 сәуірде тек 8 учаске бойынша аукцион өткізілетін болады, қалған 7 учаске бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бірқатар құқықтық актілер қабылдады, оның ішінде «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 30 шілдеде № 21038 болып тіркелді).

Осылайша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аукциондар бұрын қағаз жүзінде жүргізіліп, қатысушыларға белгілі-бір  қолайсыздықтар туғызса, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға аукциондарға онлайн тәртіпте қатыса алады.

Жаңа тетік нарықтың  ашықтығын қамтамасыз етіп, бюрократияны азайтады және бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай азайтады.

Аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өту маңызды. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексінде реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа  қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.

Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Бұл үшін Оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, жеке ашық аукцион залын құрды.

Нарық.кз