12 желтоқсан – «Алаш күні» болып белгіленуі мүмкін

0
41

Премьер-Министр Әлихан Смайылов бастаманы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынбақ.

Ол комиссия өз құзыретіне сәйкес, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерімен айналысуда.

«Жыл сайын «Ақ жол» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын «Алашқа тағзым» шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта, көтерілген мәселе Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады», – дейді Әлихан Смайылов.