Жыр, тақпақ, өлең, нашақорлыққа жол жоқ

0
455

«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА»

Нашақорлыққа жол жоқ.
Нашақорлық өмірлерді жалмады,
Әр сағаты тәулік, минутқа жалғады.
Өмірін құртып, ажалы келіп тұрса да,
Сол нышаны әр күн сайын қоймады.

Күні түні іздеп соны уайымдап,
Әр ғұмыры өтіп жатты зымырап.
Отбасынан, денсаулығынан айырылып,,
Кетіп жатыр өмірі де құлдырап.

Нашақорлық аздырады сананы,
Жек көрсетіп жақыныңмен жақсыны.
Осы тектес жамандыққа жоламай,
Жайлы өмір махаббатты қалады.

Өміріңді жақсы өткіз қор қылма,
Арақ пенен темекіні дос қылма.
Еңбек етіп шұғылданып спортпен,
Салауатты өмір салтын ұстан да!
Жайлы өмір, ұзақ ғұмыр сүрейікші жәй ғана.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қожабақы ауылы, №25 мектептің
10 сынып оқушысы Әділбекова Айсұлу