Жүргізушінің сенімділігін анықтайтын факторлар | Скачать Реферат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Көлік жүйесі және
логистикалық жүйелер
кафедрасы
РЕФЕРАТ
пәні: Техникалық құралдардың сенімділігі мен қауіпсіздігі
тақырыбы: Жүргізушінің сенімділігін анықтайтын факторлар
Қабылдаған
Ассистент, Жаркенов Н. Б.
2017ж
Орындаған ОП-14-1 студенті
Макабаев Ж. К.
Қабылдаған
Ассистент, Жаркенов Н. Б.
2017ж
Орындаған ОП-14-1 студенті
Макабаев Ж. К.
(бағасы)
Қарағанды 2017
Мазмұны:
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
1.
Жүргізушінің жұмыс қабілеті және сенімділігі … … … … … … … … .
5
2.
Жүргізуші реакциясы … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … …
10
3.
Психомоторика туралы жалпы түсінік … … … … … … … … … … … … .
13
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … …
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … …
Кіріспе
Еңбекті белсендету жаңаша технологияларды кеңінен қолданғанның өзінде тек қана кәсіби шеберлікпен анықталмайды сонымен қатар басым деңгейде адамгершілік қасиеттермен, тұлғалық әрі психофизиологиялық ерекшеліктермен анықталады. Тәжірибе көрсеткендей адамды толық қанағаттандыратын мамандық өндіріске де пайдалы. Адамның қабілетіне, қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жұмыс қана толық қанағаттандырады. Осы тұрғыдан алғанда адамның нақты бір еңбекке жарамдылығын анықтау қазіргі кезде аса маңызды. Адамның мұндай жарамдылығы кәсіби бейімдеу, кәсіби іріктеу және таңдау әдістерімен анықталады.
Кәсіби бейімдеу — бұл адамға оның жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауға көмектесуге бағытталған адамның жеке әрі психофизиологиялық ерекшеліктерін айқындау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жүйесі.
Кәсіби іріктеу — дегеніміз адамның оқуға және нақты мамандық бойынша жұмыс жалғастыруға жарамдылығын анықтауға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйесі. Кәсіби таңдау дегеніміз кәсіби іріктеудің бір бөлігі. Оның міндеті — нақты бір мамандық шеңберіндегі жекелеген жұмыс түріне өзінің психофизиологиялық қасиеттерімен сәйкес келетін адамдарды анықтау, мысалы автобус, такси, ауыр жүк автомобильдерінің жүргізушілерін таңдау.
Кәсіби іріктеуге: медициналық, әлеуметтік психофизиологиялық және білімділік іріктеу жатады. Медициналық іріктеу Денсаулық сақтау Министрлігі шығарған құжаттармен регламенттеледі.
Біздің елімізде білімділік іріктеу аса маңызы емес, себебі жүргізуші мамандығына ие бол үшін орта білім жеткілікті. Әлеуметтік іріктеу белгілі бір мамандық талаптарына моральдық-адамгершілік жағынан сәйкес келмейтін тұлғарды уақытылы айқындап жұмыстан немесе оқудан аластауға мүмкіндік береді. Психофизиологиялық іріктеу нақты бір мамандықтарға қойылатын талаптарға психофизиологиялық қасиеттері сәйкес келмейтін тұлғаларды уақтылы анықтап жұмыстан және оқудан аластатуды қамтамасыз етеді.
Ресейдегі психофизиологиялық іріктеудің тиімділігі бойынша қорытынды мәліметтер оқу орындарындағы кәсіби жарамсыздығы бойынша оқудан шығып қалуды 30-50% төмендеуге, басқару жүйесінің сенімділігін 10-25 % дейін арттыруға, апатылықты 40-70% азайтуға, мамандарды дайындау құнын 30-40% төмендеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда автомобилизация деңгейі жоғары дәрежеге жеткен елдердің барлығында автомобиль жүргізушілерін психофизиологиялық іріктеуден өткізу жүргізіледі. Мұндай іріктеудің енгізілуі жүргізушілер сенімділігін арттыруға, ЖКО санын азайтуға, адам өлімі мен материалдық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Кейбір елдерде психологиялық іріктеуден жүргізушілерді оқытудың алдында ғана өткізумен шектелмейді. Мысалы Австрияда ЖҚЕ бұзған жүргізушілердің жарамдылығын анықтау үшін психологиялық тест жүргізеді екен. Кері нәтиже көрсеткен жүргізушілерді автомобиль басқарудан шектету бір жылдағы ЖКО санын 3 мыңға дейін азайтқан, ал материалдық шығынды 200 млн. шиллингіге дейін азайтқан.
Қарапайым жол жағдайларында автомобильді сенімді басқаратын жүргізуші күрделі жағдайлар мен өте қиын жол жағдайларында оның психофизиологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғары болғанда ол тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. М.А. Котик мұндай қасиеттер жиынтығын жүргізушінің негізгі сенімділігіне жатқызады, ол тәжірибеде байқалатын прагматикалық сенімділіктен өзгеше. Котиктің пайымдауынша төтенше жағдайда жүргізушінің сенімділігі, сондай жағдайларда қойылатын талаптарға сай келетін жеке тұлғалық және психофизиологиялық қасиеттерінің сәйкестігімен яғни базалық сенімділігімен айқындалады. Базалық сенімділігі төмен адамдардан төтенше жағдайлада қатесіз әрекет ете алатын жүргізуші тәрбиелеп шығару мүмкін емес. Сондықтан базалық сенімділігі төмен адамдар жүргізуші жұмысын атқаруына жол берілмеуі керек.
Жүргізушілерді психофизиологиялық іріктеуден өткізу үшін қолданылатын әдістерді тексерістен өткізу тәжірибесі кенеттен туындайтын өте күрделі жол жағдайында жүргізушінің сенімділігін қамтамасыз ететін психикалық іс-әректтің жылдамдық көрсеткішіне жоғары талаптар қоятын әдістер нақты болжағыш болып табылады. Осындай күрделі жағдайлардағы жүргізушінің жіберген қателіктері көбінесе ЖКО себебі болып табылады.
Жүргізушінің жұмыс қабілеті және сенімділігі
Жүргізушінің еңбегі, әсіресе қарқынды қозғалыс кезінде, ең ауыр жұмыстың бірі болып табылады. Жүргізуші 4 сағат жүргізіп келгеннен кейін реакция уақыты, зейіні және жұмыстың орындалу дұрыстылығы сияқты параметрлерден жүргізушінің талу көрсеткіші төмендейтінің зерттеу барысында дәлелденді.
Қысқа уақыт ішінде, жүргізушінің талу дәрежесі автокөлікті басқаруы бойынша оперцияның көлеміне байланысты. Операция көлемі неғұрлым көп болса, жүргізуші соғұрлым шаршайды.
Бірақ бедерсіз бір түрлі шаршау дейтін, яғни қозғалмай бірқалыпты күйде болғандағы физикалық талу бар. Бедерсіз бір түрлі шаршауды белсенді қызметпен төмендетуге болады. Талудың екі түрі бар: қарапайым, яғни демалыстан кейін ешқандай белгі қалмайтын, және куммулятивті, яғни жұмыста мамандық дайындығы аз болғандықтан нәтижесінде күннен күнге жиналатын талу. Куммулятивті талу жүргізуші операцияны қарқынды орындау кезінде оның психофизиологиялық мүмкіндігінен асып кеткенсе байқалады. Және де ол шуылдың, дірілдеудің, кабинаға газ түскеннің әсерінен ұлғаяды.
Көбінің айтуынша, жолдағы көліктердің апаты аяқастынан және оларды алдың алуға болмайды деген. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Бір оқиғаны алсақ, сондағы жүргізушінің қателігін дәлелдеп беруге болады. Егер жүргізуші ықыласты және жолдағы апаттардың бәрін есептеп алса, онда ол дер кезінде шара қолдану керек болды. Бірақ, өкінішке орай, жүргізушілер өздерінің мүмкіндіктеріне өздері баға бере алмайды.
Тәжірибелі жүргізушілер автокөлікті басқарғанда көптеген операцияларды орындайды және қозғалыста қауіпсіз тәртібін ойланбастан таңдайды деген пікір бар. Бұл дұрыс емес. Тәжірибелі жүргізушілер стандартты оқиғаға көңіл бөлмейді, яғни қозғалыстағы элементарлы кезендерге ( басқа көлік кенеттен шыққан кезде тоқтатайынба әлде жоқпа, бұрылайынба әлде бұрылмайынба), ал есептеулерді бұрынғы стратегия бойынша есептейді. Бұл шахмат ойынына ұсас. Жаңадан келген ойыншы беріліп тұрған жүрісті ойласа, ал гроссмейстер ойынның бірнеше жүру жолдарын біліп отырады.
Бірақ жүргізушінің шеберлігі жолдағы барлық қиындатылған қозғалыс кезіндегі шарттарда да компенсацияланбайды. Қозғалыстың қиын дәрежесі жүргізушілердің шеберлігінен асып түсуде, сондықтан жолдағы ЖҚА-ның абсолюттік саны өсуде және бұрын ЖҚА жүргізушілердің білімі аз болғандықтан болса, ал қазір тәртіпсіздіктен болып отыр. Жүргізушілерге сенімділік оның жұмыс қабілетіне байланысты. Жоғарғы дәрежеде жұмысты орындау мен жоғарғы сапалы көрсеткіштер оның жоғарғы жұмыс қабілетін көрсетеді. Егер автокөлікті басқарғанда жұмыс қабілеті төмендесе, онда ол кей жағдайларда ЖҚА-ға алып келеді. Жүргізушілердің жұмыс қабілетінің төмендеуі талуға, ішімдік қолданғанға, ауырған жағдайда, темекі шеккенге байланысты.
Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның бір тұтастығын қамтамасыз етеді. Ағзаның сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.
Адамның жүйке жүйесі негізгі үш бөліктен тұрады: орталық жүйке жуйесі, қиян жүйке жүйесі (перифериялық), қозғылы жүйке жүйесі (вегетативті)
Жүйке үлпасы жүйке жүйесінің негізгі компоненті болып келеді. Жүйке үлмасы жүйке жасушаларынан және өскіншелерінен тұрады. Өскіншелер арқылы олар басқа жүйке жасушаларымен және барлық ағзаның үлпаларымен байланысады.
Орталық жүйке жүйесінің кұрылысы өте күрделі болып келеді. Ол арқа және бас миынын тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметтерін орындайды. Ол бас миының бағаналы бөліктерінен (сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми), мишықтан, үлкен жарым шаларларынан және арқа миынан тұрады. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерін бас миының жарым шарлары (ми сыңарлары) құрайды. Үлкен жарым шарлар кұрамына қабық
асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке жасушаларының тұтас жиынтығы кіреді. Үлкен ми сыңарларының үстіңгі бөлігінде жүйке жасушылар қабаты — бас ми қабығы көмкерілген. Бас ми қабығының бөліктерінің құрылысы мен атқаратың қызметі әртүрлі болғанымен ми қабығының әрекетінде олар өзара байланысқан өзара әрекеттес жүйесін кұрайды. Үлкен ми сыңарлары әр түрлі қызмет атқаратын 4 бөліктен (маңдай, төбе, самай және шүйде) тұрады. Үлкен ми сыңарлары қыртысынан мынадай сезім, қимыл, көру, есту, дәм және иіс сезу аймақтары байқалады. Мысалы, көру орталығы — шүйде бөлігілде, есту және вестибуляр аппараты самай бөлігінің иірімдерінің үстінде, ал қимыл аймағы төбе бөлігінде болады.
Бүкіл денемізге жайылған жүйке жүйесі қиян (перифериялық) жүйке жүйесін құрайды. Қиян жүйке жүйесіне — жұлыннан шыққан отыз бір жұп жүйкелер және мидан шыққан он екі жүп жүйкелер жатады. Қиян жүйкелер орталык жүйке жүйесін дененің сырткы аймағында орналасқан мүшелермен байланыстырып тұрады. Тері, бұлшық ет, буын — дененің аймағындағы мүшелер болып табылады. Қиян жүйке жүйесін дене жүйкесі деп атауға болады. Бірнеше жүйке талшықтары буда түзеді. Жүйке будалары қызметіне қарай сездіргіш және қозғалтқыш жүйкелерге бөлінеді. Жүйкелердің негізгі қасиеті — тітіркену және қозуды өз бойымен өткізу. Теріні, бұлшық етті тітіркендіретін тітіркендіргіштердің барлығы жүйкені де тітіркендіреді. Орталық жүйке жүйесінен келетін жүйкелік қозу жүйкенің ұшындағы сезім мүшелеріне (рецепторларға) әсер етеді. Қозу жүйкенің өзінде пайда болмайды. Сондықтан да жүйкенің екі ұшындагы мүшелерден пайда болған қозу, орталықтан алшақ жатқан мүшелерге қарай және алшақ жатқан сезім мүшелерінен орталыққа карай өткізіп тұрады.
Жүйке жүйесінің жоғарыда айтылып өткен қызметтерінен басқа тағы да бір қызметі — тітіркендіруге жауап беру. Орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның тітіркендіруге жауап беруі рефлекс деп аталады. Жүйкені қозғанда жүріп өтетін жолы рефлекс доғасы деп аталады. Рефлекс доғасының ең қарапайым сызба нұсқасы қозуды жұлынға қайтаратын жауабы болып есептеледі (1сурет ).
Жүйке қызметінің жоғары физиологиялық механизмдері рефлекстер болып табылады. Кез-келген мүшедегі әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайтын дене беліктерін қабылдағыштар немесе рецепторлар дейді. Барлық сезім мүшелерінде және буындарда рецепторлар болады.
Ағзаның рефлекстік жауабы үлкен екі топқа: шартты және шартсыз рефлекстерге бөлінеді.
Шартсыз рефлекс деп, ешқандай алдына шарт коймай, туа біткен, тұқым қуалайтын биологиялық қажеттілікті айтады. Биологиялық туа пайда болған рефлекстерге: шөлдеу, ашығу, ауырсыну, дәрет сындыру, қорғану, жұтыну, т.б. жатады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде үнемі үздіксіз кездесіп, шартсыз рефлекстерге айналып отырады. Бұл екеуі де жоғары ми сыңарларының қатысуымен жүзеге асады.
Шартты рефлекстер деп жарықтың, дауыстың, иістің, дәмнің (тіл) қоздыруына ағзаның уақытында жауап қайғаруып айтады. Ламу нәтижесінде өте жетілген, айналадағы ортаны үнемі шексіз кең көлемде өзгеріп отыруына үйретіп, бейімделетін шартты рефлекстер пайда болған. Шартты рефлекстерге өте күрделі, тітіркендірудің үлкен жиынтығы қатысады.
Жүйке жүйесінің ішкі мүшелер мен бездердің, қан тамырларының жұмысын, зат алмасуын реттейтін бөлігі қозғылыс жүйке жүйесі деп аталады.
Тәнтанымның ерекшеліктеріне жөні атқаратын қызметіне қарай қозғылыс жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері болып бөлінеді. Бұл екі жүйке жүйесі ішкі мүшелерді торлайды. Олар қозуды орталық жүйке жүйесінен мүшелерге жеткізеді. Симпатикалық және парасимнатикалық жүйкелердің қызметі біріне-бірі қарама-қарсы бағытталған. Симпатикалық жүйке жүйесі кез-келген қозу мүшесінің жұмысын жылдамдатады. Мысалы, симпатикалық жүйкеден келген қозудың нәтижесінде жүректің қысымы күшейіп, жеделдесе, парасимпатикалық жүйке жүйесінен келген қозу жүректін жұмысын бәсеңдетіп, баяу соғуына әсер етеді.
Симпатикалық бөлік орталықтары арқа миының кеуде және бел аймақтарында орналасады, ал парасимпатикалық бөлік орталықтары бас миында және сегізкөз аймағында орналасады. Қозғалыс жүйке жүйесі сезім мүшелеріне әсер етеді. Оның әсері психикалық үрдістерден байқалады және де эмоциялық қобалжуларда үлкен роль атқарады.
Адамның тітіркендіруге талдау жасайтын жүйке мүшелерін және үш бөлімнен тұратын, бір бағыттағы жүйке жүйесінің қызметін талдауыштар (анализатор) деп атайды. Ол мынандай үш бөлімнен тұрады: рецепторлар, еткізуші сезімталдық жүйке, мидың белгілі бір әсерінен туған толқынды қабылдайтын аймағы. Сезім туу үшін талдауыштардың осы үш бөлігі болуы қажет.
Жүйке жасушалары өсінділерден тұрады (ұзын және қыска). Ұзын өсінді, әсер ететін мүшеге барып жіңішке тармақтарға бөлінеді де, рецепторға айналады. Ағза әсерді әр түрлі жүйкелердің ұштары рецепторлар арқылы қабылдайды. Өткізуші сезімталдық жүйке импульстарын бас ми қыртысына жібереді, онда ол белгілі бір өндеуден өтіп қайтадан рецепторға оралады. Осылай рецептор мен ми арасында тура ғана емес қайта оралу байланысы болады. Сезіну үрдісі белгілі рецепторда басталып қана қоймай сол рецепторда аяқталады.
Талдауыштар сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы талдауыштар сыртқы ортадан келген ақпаратты қабылдап талдау жүргізеді. Оларға көру, есту, дәм, иіс және сипап сезу жатады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішкі ортасынан келген тітіркендіргіштерді қабылдап талдайды. Оларға бұлшық ет қимыл, тепе-теңдікті сақтау (вестибуляторлы), қан қысымының өзіеруіне әсерін білдіретін баростезиялық талдауыштар жатады.
Температуралық, ауырғанды сезіну, кіреберіс талдауыштары сыртқы және ішкі ортаның әсерінен де қозуы мүмкін.
Адамдарда кез-келген рецептордың тітіркендірі іш арқылы қозуы ми қыртысына жеткізіледі. Ол жерде ауырғанды, жылылықты, суықтықты, көргенді, т.б. ажыратады. Сондықтан біз санамыздан тыс дүниеде бар заттарды сезім мүшелеріміз арқылы кабылдап (көріп,естіп) талдауыштар арқылы туйсік аламыз. Сыртқы орта туралы барлық ақпаратты жүргізуші талдауыштар көмегімен қабылдайды. Жүргізушінің қабылдауында көру, есту, кіреберіс және бұлшық ет-қимыл талдауыштары ерекше маңызды болып келеді.
Талу — бұл уақытша жұмыс қабілетінің төмендеуінің заңды үдісі. Обьективті әдіс арқылы орнатуға болатын адам организмдегі өзгерістерді сипаттайдың объективті үрдіс болып табылады.
Талудағы адамның субъективті уайымдауы шаршау деп аталады.
Шаршау кезінде жүйкенің жасушаларындағы функциялардын бұзылуынан сақтап қалу үшін организмдегі сигнал беруді және жұмыс қарқындылығын тоқтату керек. Бірақта шаршау сезімі талу деңгейіне сәйкес келмейді. Көңіл — күйдің, қорқыныштың, орындалатын жұмысқа қызығушылықтың, қарыз сезімінің, жұмысқа жауапкершілігінің әсерінен адам талу күйінде шаршау сезімін сезбей қалуы да мүмкін. Сол себептен қасында отырған жолаушыға қарағанда жүргізуші аз шаршайды, бірақ автокөлікті басқару жүргізушінің талыуы отырған жолаушыға қарағанда жоғары.
Жүргізушінің психикасы келіп түскен ақпараттарға байланысты реттеледі. Психикалық үрдістін үйлесімді жүруі үшін ақпараттардың қабылдауға үйлесімді деңгейін қажет етеді. Ақпараттардың жетіспеушілігі немесе молдығы талудың дамуына әкеледі. Сонымен қатар ақпараттын мағынасы мен сипаттамасы әсер етеді. Автокөлікті басқару кезінде, дәлірек айтқанда, егер жолда басқа қозғалушылар болмаса және көрініс біртүрлі болғанда, жүргізуші қаладағы қарқылындыққа қарағанда тез шаршайды. Біқалыпты жағдайда, яғни ақпараттың жетіспеушілігі немесе ештене істемегеннен шаршау белсенді жұмыс істегенге қарағанда тез болады.
Қатты шаршаудың әсерінен бас миының жүйке жасушалары бұзылады, алдымен, психикалық үрдістің ағыны, яғни қабылдау, зейін, ес және ойлауың бұзылуы пайда болады. Сонымен бірге, көздің өткірлігі, көз айналасының кебуі, қозғалысты нақты және оның кординаттарын көру бұзылады, реакция уақыты көбейеді, автоматизация дағдысының дәрежесі төмендейді, тамыр жиі соғады, қан қысымы көтеріледі, жылдамдық сезімі жоғалады және т.б.
Еңбек еткендегі және демалу кезіндегі рационалды тәртіптің прафилактикалық … жалғасы