Жұлдызды түлектер! — Тәрбие сағаты — Bilim

0

Жұлдызды түлектер!

«Приречное ЖОББМ» КММ

 Бастауыш пән мұғалімі: Асайенова Алмагуль Ергазыевна

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғашқы ұстазбен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныту.

3. Білім беретін ордасы-мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы, слайдтар, қанатты сөздер мен тақырып.
Барысы: (көңілді музыка әуені)

Тыңдаңыздар,Тыңдаңыздар. Шоқ жұлдыздың жанғаны. Біреуге қажет болғаны. Әр үйдің шатырында кіп-кішкентай жұлдыздың жарқырап жанғаны, қандай ғажап.

Ал  бүгін осы залда бір ғана емес, бір топ талантты жұлдыз жарқырауда. Біздің әрбір түлегіміз жұлдыз болуға лайық!

Ендеше, жұлдызды жолға 2017 жылдың түлектерін шақырамыз.

(Музыка әуенімен  бастауыш сынып түлектері ортаға келеді)
Мұғалім: Қош келіпсіздер, ақ пейілді ата-аналар, құрметті әріптестер,балғын оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол-осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. «Жұлдызды түлектер» атты салтанатты кешімізді бастауға рұқсат  етіңіздер.

Біздің бүгінгі кешіміздің қонағы мектеп директоры Вера Николаевнаға, директордың оқу–тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Мухтизаровнаға, директордың тәрбие–ісі жөніндегі орынбасары Үміт Турсыновнаға құттықтау сөз кезегін береміз. (Гүл табыс ету)

Арманым болып аңсаған,

Мәңгілік қалдың мекендеп

Өзіңе арнап ән салам,

Алтын ұя — мектебім-

Мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше балаларыңыздың мектебіне арнаған ән-жырларын тамашалайық.

1-оқушы: Бастауышым — балдәуренім,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

2-оқушы: Бастауышым — балдәуренім,

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

3-оқушы: Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым — балдәуренім,

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

4-оқушы: Жасқана кіріп сыныпқа біз,

Әр бетін әліппенің күле ашқанбыз

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

5-оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп,

Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,

Мектептің ережесін үйрендік біз.

6-оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңмен бастадым,

«А» әрпін алғаш сенен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

7-оқушы: Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз,

Бірдей өстік оқу да, еңбекте.

Күліп ойнап, біріміз бен біріміз

8-оқушы: Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

9-оқушы: Жүзің жылы, құшағың кең,

Сеннен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

10-оқушы: Мектебім-білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім,артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

11-оқушы: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

12-оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып, өзіңнен,

Күллі шәкірт, саған басын иеді.

(Бәрі бас иеді)

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Мектеп  вальсі!» (Оқушылар билеп шығады)

Мұғалім: Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға ұл мен қыздар

Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

«Мектеп вальсін» тамашалаңыздар!

Мұғалім: Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін,

Құрметтейік, мәпелеп,

Ұстаздардың есімін, – деп осы сәтті пайдалана отырып, болашақ сынып жетекшісін Нұржанова Акмарал Абилькасымовнаны ортаға   шақырамыз. Осында отырған бүкіл ұстаз қауымына арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

Орындайтын Кумарова Каракат пен Ринатов Ибрахим

Мұғалім: Ғажап әріп, бұл әріп,  

Ойланып көр сен бірақ

Сыры неде ұғарсың

Жұмбақтың шешуін табарсың.

Ортаға 7 ата-ананы шақырамын. Ойын: «Әріптерден сөз құра»

Жұмбақ: Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттама       (кітап)

Білімнен мол сый-асы

Балдырғандардың ұясы   (мектеп)

Тілі жоқ өзінде

Сөзі бар ізінде      (қалам)

Білімнің жол басшысы

Шәкірттің қолбасшысы     (мұғалім)

Бір санға өсірді

Өзі қалып орнында

Бзді алға көшірді      (сынып)

Ілулі тұр кең алаң

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп      (тақта)

Мұғалім: Е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен – дегендей шәкірттеріміздің ертегісін тамашалайық.
Ертегі: «Белоснежка»
Мұғалім: Тойымызға бүгінгі

Ақ тілегін арқалап

Келді ата-анамыз-

Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық.

Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!

Мұғалім: Ендеше ата- аналарымызды қошеметтеп ортаға шақырайық.

(музыка «Көңіл толқыны» күйі)

Мұғалім: Сіздерді бала тәрбиесіндегі қажырлы еңбектеріңіз  және мектеп өміріндегі қоғамдық жұмысқа қосқан үлестерініз үшін Мақтау қағазымен марапаттаймын. (ГРАМОТА БЕРУ)  

Әр ана өз баласының атын атап, есімдегі алғашқы әріпке байланысты ақ тілегін бір сөзбен жеткізеді. Сіздерге рақмет, тілектеріңіз қабыл болсын.
Мұғалім: Балаларыңыз сіздердің жылы жүректеріңізге алғыс сезімін ән мен би арқылы жеткізсін.
Хормен: Ана – бақыт, ана- нұр

Ана – өмір, ана-гүл!

Ән. «Анашым»

Би. «Флешмоб»
Мұғалім: Төрт жылды да міне теп-тез өткердік,

Білім жолда өттік талай өткелді

Әліппені, ана тілін үйреткен

Өздеріңмен, шәкірттерім қоштасатын сәт келді.
Оқушы тақпағы: (мұғалімге гүл ұсыну)
Елназ: Шәкірттер сізді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Хормен: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Мұғалім: Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен. Мен сендерге ризамын. Ұстаздық ақ жүректен тілейтінім, тек сәттілік-шәкірттерім ертеңіне! Өнерлерің өрге жүзсін, қанаттарың талмасын!
Ән: «Қош бол, бастауыш!»
Мұғалім: Ал, шәкірттерім, сендерге ақ жол, сәт сапар тілеймін! Жұлдызынды жақ! Толқынды бетке ұстап, Білім — теңізімен өрге жүз!

Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!
Мұғалім: Осымен «Жұлдызды  түлектер!» атты кешіміз аяқталды.




Дереккөз: http://bilim-all.kz/