ЖҮКТІ ЖӘНЕ ЕМІЗУЛІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛА МА
Ғалымдар: «Егер жүкті және емізулі әйелдер жатырындағы нәресте және баласы үшін қауіптенсе, онда олар ораза ұстамаулары керек, ал егер қауіптенбесе, онда оларға ораза ұстамауға тыйым салынады!» дейді.
Демек, жүкті және емізулі әйелдер өзі немесе баласы үшін қауіп сезінсе ғана оразасын тоқтата алады. Алайда, егер олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады, өйткені Алла Тағала: «… ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!» деген. («Бақара» сүресі, 183-аят)
Сөйтіп, жүкті және емізулі әйелдер, көпшіліктің ойлайтынындай, жай жүктілігі мен бала емізетіндігі себепті емес, баласы, не өзі үшін қауіптенсе ғана (яғни белгілі себебі болса ғана) ораза ұстамауына болады. Егер ораза ұстаған әйел баласын емізсе немесе нәрестесінің нәжісін тазаласа, я болмаса сол нәжісті ұстаса, оның оразасы бұзылмайды.
zharar.com