Жүкті әйел қалай тамақтану керек?
— Жемістер мен көкөністер
Жеміс-жидектер мен көкөністерді бөліп жарудың қажеті шамалы. Себебі, олардың пайдасы болмаса, зияны жоқ. Қайсысы болмасын, күнделікті рационыңызда болуын қамтамасыз етіңіз. Сол қалпында, салатқа тамаққа қосып,сіздің ғана емес, балаңыздың саулығы үшін.
— Жидектер: құлпынай, қара бүлдірген, таңқурай,қарақат.
Морс, компот, кисель жасаңыз, мұздатылған немесе балғын түрінде жеңіз. Күнделікті ас мәзірінде болуын қадағаласаңыз, сәбиіңіздің иммунитетін арттырасыз.
— Ботқа
Тары, жүгері және сұлы жармасының пайдасы зор. Олардың құрамында темір, көмірсу, дәрумендер мен минералдар бар. Мұндағы дәрумендер мен минералдар жүктілік кезеңінің жайлы өтуін қамтамасыз етеді.
— Сүт өнімдері
Кальцийдің негізгі көзі сүт өнімдері. Жаңа сауылғанымен қатар қышқыл түрі де пайдалы.
— Ет
Ақуыз бен темірге, В дәрумендеріне бай. Ал май мен консерванттары көп шұжықтардан (колбаса, сосиска) мүлдем бас тарту керек. Ет болашақ аналарға күш береді.
✅ Балық
Жүйке жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін Д дәруменін құрамында сақтайды. Болашақ анаға баланың ми қатпарларының дамуына қажетті ақуыз бен Омега-3 бар майшабақ, скумбрия, хамса балық, бахтах балықтарын жеу ұсынылады.
— Сөз соңында, айтарымыз:
Шын ниетіңізбен тамақ әзірлеп, рахаттана ішіңіз. Сонда ғана жақсы көңіл-күйде болып, бала денсаулығын қамтамасыз етесіз. Ал балаңыздың денсаулығы -сіздің қолыңызда.