Жүйкені тоздыратын 7 нәрсе |
Оқылды:
2
Жүйкені тоздыратын және желіктіретін 7 нәрсе:
1. Еңбексіз жеген нан.
2. Некесіз болған жан.
3. Боямалы тән.
4. Нашадан бұзылған қан.
5. Темекенің түтіні.
6. Арақтың жұтымы.
7. Ақшалы ойынның ұтымы.
Мұндайларға бой бермес, асыл адам тұқымы.
Жан дүниеңді жақсартатын 7 жәйіт бар:
1. Әкімдердің шапағаты.
2. Ғұламалардың шариғаты.
3. Байлардың салауаты.
4. Кедейлердің қанағаты.
5. Үлкендердің ұлағаты.
6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтың ар-ұяты.
Осыларды азық етеді, асыл жандар жұрағаты.