Жолаушы әйел әуеде ұшақтың авариялық шығар есігін ашып жебірген

0

Жолаушы әйел әуеде ұшақтың авариялық шығар есігін ашып жебірген

Жолаушы әйел әжетханамен шатастырып ұшақтың үрмелі трапы бар авариялық шығар есігін ашып жіберген, деп хабарлайды The Independent.

Манчестерден Исламабадқа бағыт алған ұшақтың ішіндегі жолаушылардың бірі рейстің сегіз сағатқа кешігуіне себепші болды. Лайнер ұшуға дайындалып, барлық жолаушылар өз орындықтарына жайғасып, белдіктерін тағуы тиіс кезде жолаушы әйел авариялық шығар есікті ашып жіберген.

Осылайша әжетханаға бармақ болған әйел есіктерді шатастырып алған. Pakistan International Airlines ұшағы әуеге көтерілуге дайындалып жатқанда, есіктерінің бірі ашылып, үрмелі трап төмен түскен. Сондықтан рейс сегіз сағатқа жуық кешіккен.

Әуе компаниясының қызметкерлері болған жайтқа қатысты мұқият тексеру жұмыстарын жүргізетін болады, себебі ұшар алдында бортсеріктер осы авариялық есіктердің жанында болуы тиіс.

Дереккөзі: КорреспонденТ

 

reactor.inform.kz