Жоба Велосипедтің пайдасы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Басқа Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: Барлық сыныптар
Ғылыми практикалық конференцияның қатысушыларына әдістемелік көмегім болар анық.
Жобаның тақырыбы :Велосипедтің пайдасы
Жобаның авторы :3 “А”сынып оқушысы Сарсенкулова Гульжан Жобаның жетекшісі :бастауыш сынып мұғалімі Сархад Майгул
« Теміртау қаласының № 4 жалпы білім беретін орта мектебінің »КММ 3 «А» сынып оқушысы Сарсенкулова Гульжанның«Велосипедтің пайдасы » зерттеу жұмысына Пікір Сарсенкулова Гульжанның «Велосипедтің пайдасы» тақырыбы бойынша зерттеу жобасына байланысты кітап-газеттерден оқып,жан-жақты ізденіп, өз ойын жаза алған. Еңбектеніп жазу барысында оқушының жан-жақты ізденгені көрініп тұр. Тақырып бойынша өз ойын жинақтап аша білген десе де болады. Оқушы тақырып барысында «Велосипедтің пайдасы» туралы мағлұматтар жинаған. Ата-ана мен мұғалімнің көмегімен қосымша «Велосипед жайлы жинақтамалар» атты шағын кітапша құрастырды .«Велосипедтің пайдасы» жақтарын зерттеп жаза білген.
Мұғалім: Сархад Майгул
Аннотация Осы жобамызда « Велосипедтің пайдасы »туралы деректерді жинақтап қысқаша түсіндіруге тырысты.
Жобаның тақырыбы: «Велосипедтің пайдасы»
Мақсаты: Велосипедтің шығу тарихымен танысу Міндеттері:
- Велосипедтің шығу тарих туралы мәліметтер жинақтау;
- Велосипедтің адамға пайдалы екендігін анықтау
- Велосипед туралы қызықты мәліметтер жинау;
Өзектілігі: Қаламызда веломәдениеттің пайдасы туралы білмеуі өкінішті. Біріншіден, бізде велосипедке арналған жолдар жоқ, екіншіден, оның халық арасында насихатталуы өте аз . Велосипедтің адамдарға пайдалы екенін жеткізу Болжам: егер адам велосипедтің пайдасы жайлы мәліметтерді білсе, онда велосипедтің адамға оң әсері беретіндігін білер еді.
Жоба 3 бөлімнен тұрады:МАЗМҰНЫ1.КІРІСПЕ: 1.1. Ақпараттар және әдебиеттер жинақтау1.2.Проблеманы шешу үшін жобаның мақсаты мен міндеттерін анықтау2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:2.1. Жұмыстың маңыздылығы2.2.Өнертапқыштар таң қалдыруда 2.3. Әлемдегі велосипедті қалалар2.4. Велосипед тебудің пайдалы жақтары2.5. Қандай жандарға велосипед тебуге болмайды ? 2.6. Велосипедшілерге қажетті заттар
3.Қорытынды3.1.Жұмысты қорытып айту3.2.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе Негізгі бөлім 2.1.Жұмыстың маңыздылығы : Әлемге танымал болып келе жатқан велосипедпен жүру – 18 ғасырдан бері Еуропа елден бастап қолданып келе жатқан көлік . Қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін байлыққа айналған. Ал мен зерттеп отырған велосипедтің пайдалы жақтарын анықтау ,жасыл экологияны қорғауға үлкен үлес беретіндігін ұғындыру 2.2.Өнертапқыштар таң қалдыруда
2.3. Әлемдегі велосипедті қалалар1. Бейжің, Қытай Халық саны: ≈21 млн адам2. Токио, Жапония Халық саны: ≈13 млн адам3. Богота, Колумбия Халық саны: ≈7,4 млн адам4.Рио-де-Жанейро, Бразилия Халық саны: ≈6,3 млн адам5. Берлин, Германия Халық саны: ≈3,4 млн адам6.Париж, Франция Халық саны: ≈2,2 млн адам7. Будапешт, Венгрия Халық саны: ≈1,7 млн адам.8.Монреаль, Канада Халық саны: ≈1,6 млн адам.9.Барселона, Испания Халық саны: ≈1,6 млн адам10.Копенгаген, Дания Халық саны: ≈1,2 млн адам11. Амстердам, Нидерланды Халық саны: ≈813 мың адам12. Севилья, Испания Халық саны: ≈706 мың адам13. Портленд, АҚШ Халық саны: ≈576 мың адам14.Дублин, Ирландия Халық саны: ≈506 мың адам15. Антверпен, Бельгия Халық саны: ≈503 мың адам16. Крайстчерч, Жаңа Зеландия Халық саны: ≈341 мың адам17. Утрехт, Нидерланды Халық саны: ≈313 мың адам18. Мальмё, Швеция Халық саны: ≈310 мың адам19. Базель, Швейцария Халық саны: ≈171 мың адам20. Тронхейм, Норвегия Халық саны: ≈169 мың адам
2.4. Велосипед тебудің пайдалы жақтары
- Аяқ, қол, арқа бұлшықеттерін шынықтырады. Өкпе аурулары , семіздік, созылмалы аурулар, инсульт, көздегі артық салмақтан арылтады , ми демалады.
- Бұлшықет – екінші жүрек. Бұлшықеттердің бәрі үнемі қозғалыста болса, «басты насос» жүректің жұмысы едәуір жеңілдейді.
- Қан айналым жүйесінің кейбір ауруларын жақсартады .Күніне бір сағат уақытыңды осыған арнасаңыз , бір аптадан соң денсаулығыңыздағы оң өзгерісті байқалады.
- Қаржыны үнемдейді .
- Жасыл экологияға септігін тигізеді .Ауаны ластауға жол бермейді . Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) билігі қалалық жерлерде велосипед мәдениетін көтеруді қолға алмақшы. Ел билігі мұндай қадамға салауатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру мақсатында барып отыр. 2020 жылдан кейін қала тұрғындары мен меймандары көліктерін ттұраққа қойып, екі доңғалақты
көлікпен қозғалатын болады. Ал, Дубайда 100 шақырымға созылып жатқан велосипед жолы пайдалануға берілді .
2.5. Қандай жандарға велосипед тебуге болмайды ?
- Арқа омыртқасының қисаюы және омыртқа арасындағы жарық байқалған жандарға;
- Простатит пен простат кальцинатымен ауыратындар
- Остеохандроз, варикоз
- Жүрек және жүрек қан тамырлары сырқаты табылған жандарға велосипед тебуге болмайды .
2.6. Велосипедшілерге қажетті заттар
3.Қорытынды3.1.Жұмысты қорытып айту3.2.Пайдаланған әдебиеттер Қорытынды:3.1.Жұмысты қорытып айту Мен зерттей келе отырып, мынадай мәліметтерге көз жеткіздім: — Велосипедтің адам денсаулығына пайдасы бар екенін түсіндім; — Жасыл экологияны қорғауда велосипедтің зияны жоқ екендігін білдім; — Веломәдениетті көтеруге мән беру керектігін білдім ;-Ақшаны үнемдеуге септігін тигізеді ; Қазақ халқымыз «Жақсылық қылсаң халыққа , Бір қайырымын аларсың » -деген екен. Велосипедтің адамға тигізер пайдасы көп. Велосипед-денсаулығымызды сақтауға мүмкіндік берсе , веломәдениетті көтеруіміз керек , екінші вело жолдары мен велотұрағын салса , жасыл экология оң септігін береді , үшініші ата-анамыздың еңбегімен тапқан қаржыны үнемдейміз, кез-келген жерге барғанда , велосипед бізден жол ақы сұрамайды . Велосипедтің пайдасын тереңірек біліп , халқыма пайдалы іс жасап , өз үлесімді қосқым келеді.
3.2.Пайдаланған әдебиеттер 1. «Қазақстан мұнай өнеркәсібінің тарихы» Телеканал 24KZ 2. Ғаламтор беттерінен . Халықаралық ақпараттық агенттiгі. 03 Қазан 2014ж3.Азаттық радиосы . Жарияланған уақыты: 16.07.2014
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.