Жігіттерге ғана арналған кеңес |

0


Оқылды:
3

* Саған тікелей қауіп төндірмеген адамға зарар келтірме. 
* Әр баскиімді өз мақсатына сай ки. 

* Сақал-мұртты сабындап барып қырынуды үйрен. 
*Жақсы тігілген әдемі костюм кию – жігіттің көркі. 
* Бірінші рет түктің бағытына қарай қырыну керек. 
* Адаммен сөйлескенде көзіне тік қара. 
* Вантуз қажет болмай тұрып сатып алып қой. 
* Спортпен шұғылдану жігітті бақытқа бөлейді. Жүгіру, штанга көтеру, гантельмен жаттығу, футбол, баскетбол және т.б.
*Галстук тақпас бұрын тісіңді шаюды әдет қыл. 
*Жалақыңның бір бөлігін жинап жүр. 
* Әке-шешеңе апта сайын қоңырау шал. 
* Ешқашан түймеленетін галстук тақпа.
* Адамдардың қолын қатты қысып амандас. 
* Әйелдің аяқкиіміне қатысты мақтау айт. 

* Бірдеңеге сенімің болмай тұрса да сенімді қалып таныт. 
* Адамды мазалайтын нәрсесі арқылы тануға болады. 
*Тәннің тілін жақсы меңгер. Әсіресе, өзіңдікін (ым-ишара, жүріс-тұрыс). 
* Нысанаға алдың ба – шүріппні бас. 
* Біреудің қолын қыспас бұрын орныңнан міндетті түрде тұр. 
* Айырлып қалуға қорқатын нәрсені қарызға берме.
* Жауап бергеннен сұрақ қоюға пейілді бол. Адамның бәрі өзі туралы айтқанды ұнатады. 
* Кеңседе артық киім сақтауды әдет қыл. 
* Құрал-жабдық алғанда ең сапалысын таңда, әйтпесе қайта-қайта сатып алуға тура келер. 
* Азаматтық — өзіңді ғана ойлау емес, айналаңа қамқорлық таныту. 
* Ертесі қысылмай айта алатын шешімдерді ғана қабылда. 
* Түрегеп жүргенде түмпиіп жерге қарама, алдыңа қарап жүр. 
* Көңілді жігіттер аттандаушылардың алдын орап әкетеді. 
* Көңіліңе жағатын істі тап, одан қалай пайда табуға болатынын біл.

* Өмірлік мәртебесі мен қызметіне қарамастан әр адам сенің құрметіңе лайық. 
* Ең бастысы — жеке бастың жауапкершілігін меңгеру. Әр кездің өз түйткілі бар, сенің мақсатың – соның бәрін шешу. 
* Бірінші ашуланған адам жеңіледі. 
* Ешқашан жұмыс пен мойынға жүктелген парыз дүниеге ренжіме. Ренжігеннен басқа біреу келіп істеп бермейді. 
* Ешқашан оқып-ізденуден шаршама. 
* Елдің алдына шығатын кезде өмірлік махаббатыңды қарсы алуға шыққандай киініп жүр. 
* Біреудің бақыты үшін өзіңді өзгертуге талпынба. Өзің үшін ғана өзгер. 
* Егер осы бөлмеде ең ақылды сен болсаң, онда сен дұрыс емес бөлмеде отырғаның. 
* Шын күткен адамға ғана сәттілік бұйырмақ. 
*Жігіттің сенімді болуы оған көрік береді дейді әйелдер. 
* Қалауыңның бәрін жаса, тек ниетіңді кірлетпей жаса, ең дұрыс жолын таңдай біл. 
* Ажал құшар алдында ешкім жұмыс істей тұрайын демеген. Өмірден ләззат ала біл.

Аударған Шынар Әбілдә