«Жігіттер» квартеті концертінің билеттерін қайдан сатып алуға болады?

0

2 желтоқсан күні «Жігіттер» квартеті Алматы қаласында 15 жылдығына арнап ән кешін өткізеді. Қазіргі таңда концерт билеттері онлайн сервистерде жылдам сатылуда. Оқырмандар үшін онлайн сервистерден өзге тағы қайдан сатып алуға болатыны жайлы аз-кем ақпарат бере кеткенді жөн санап отырмыз.

Өнердегі 15 жыл — атаулы мерейтой. Осыған арнап «Жігіттер» квартеті аста-төк той жасамаса да, Алатау бөктеріндегі «Алматы Аренада» ән кештерін өткізбек. Тыңдармандар да бұл концертті көптен бері күтіп жүрген еді. Сондықтан да билеттерге сұраныс та жоғары.

«Жігіттер» квартеті ән кешінің билеттерін республика, студенттер сарайының кассаларынан, онлайн тапсырыс беретін сайттардан (kassir.kz, ticketon.kz, zakazbiletov.kz) сатып алуға болады. Сондай-ақ билеттер бойынша +7 701 988 11 22 және +7 705 815 29 29 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.

— «Жігіттер» квартеті концертінің бағасы әртүрлі. Дегенмен халықтың қалтасы көтереді деп ойлаймын. Ең қымбат билеттер — 10 000 теңгеден. 1000 теңге тұратын билеттер де бар. Орта бағамен осы 1000 және 10 000 арасын белгіледік, — дейді квартет продюсері Ерғали Әбдірайымов.

Концертке келген көрермендер үшін өнердің, өлеңнің бағасы жоғары. Сүйікті әндерін тыңдап, бір сергіп қалғанның өзі — бір бақыт, бір тосынсый. Бірақ «Жігіттердің» тағы бір тосынсыйы болмақ. Оны концертке барғанда көретін боламыз.