Жігіт Сұлтаны

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар

материал балаларды бір-бірімен сайыстыруға машығтанатын көмекші құрал ретінде пайдалуға болады.

Жігіт сұлтаны – 2018 байқауыЖігіт сұлтаны – 2018 байқауының үміткерлері 4 ұл бала қатысадыМақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.Көрнекіліктер: Сурет шарлар, гүлдер.Байқауға қатысатындар: Топ тәрбиеленушілер.Байқаудың қонақтары: ата – аналар, әріптестер, балалар.Байқау барысы.1. Ұйымдастыру кезеңі.Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.Топтың қыздарының орындауындығы биЖүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, әріптестер, балалар!Жігіт сұлтаны – 2018 сайысымызға қош келдіңіздер!
Әділқазы бередіӨздеріңе билектіӨнерде кім жеңедіСол алады сыйлықты- деп ең алдымен Сіздерді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. ___________________________________________________
2.____________________________________________________
3.____________________________________________________Жүргізуші:Ендеше қонақтарды көп күттірмей Жігіт сұлтаны 2018 атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық.Мейірімді жігітіміз Мағжан!Шырайлы жігітіміз Нұрәділ!Салмақты жігітіміз Біржан!Өнерлі жігітіміз Сұлтан!Жігіт сұлтаны – 2018 сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.1. Сәлем – сөздің атасы. Таныстыру.2. Талантты болу – тәңірден. Өнер пародия сайыс3. Үй тапсырмасы. Тәрбиешінің көмекшісі Шайгүл апайларының көмегімен.4. Құпия тапсырмаЖүргізуші:Ақыл – көрік бойларында жетеді,Әлі талай сынақтардан өтеді.Мына отырған баршыңызды өзіменТез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі Сәлем – сөздің атасы кезеңіне береміз.
Жүргізуші: Бірінші сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ – қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіз…..Жүргізуші:2. Екінші кезеңіміз Талантты болу – тәңірден. Өнер сайысы.Бұл кезеңде белгілі бір әншіге пародия салады.Өнерлері1. __________________________________________________________
2. __________________________________________________________
3. __________________________________________________________
4.___________________________________________________________

Жүргізуші: Екінші сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ – қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіз…..
Жүргізуші: Келесі сайысымыз Үй тапсырмасы бұл кезеңде балалар үйден дайындап әкелген фетра матасымен өздері кандай ойыншықты ұнатады сол ойыншықты осы жерде Шайгүл апайларының көмегімен бірге жасайды. Кажетті құралдар осы іштен беріледі. Балалар қандай ойыншық жасағандарын жасалу жолдарын түсіндіріп өтеді.

Жүргізуші: Сайыскерлеріміз жұмыстарын жасап болғанша ата-аналармен ойын Алғыс айта жүрейік ойынын ойнату
Жүргізуші: (Әділ – қазы алқасы үшінші сайыс бойынша баға береді)
4. Жүргізуші: Соңғы кезеңіміз Құпия тапсырма бір конвертті аламыз сол конвертте қандай тапсырма бар сол тапсырманы орындаймыз.

Жүргізуші: (Әділ – қазы алқасы үшінші сайыс бойынша баға береді)Батыр болған бабамнан,Ел қорғауды үйренген.Ару болған анамнан,Ар қорғауды үйренген сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
Марапаттау кезеңі:
1. __________________________________________________________
2. __________________________________________________________
3. __________________________________________________________
4.___________________________________________________________

Жүргізуші:Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз