Жер планетасының өзіндік ерекшеліктерін және жердегі тіршіліктің пайда болуына қолайлы жағдайлары

0

Тақырып: Жер планетасының өзіндік ерекшеліктерін және жердегі тіршіліктің пайда болуына қолайлы жағдайлары

Орындаған:Серікқұл Т.Е
Мамандық:Дінтану (1курс,2топ)
Семинар күні:Дүйсенбі

Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер
эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 кмс жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішіндеКүнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі — Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осініңэклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33’22˝, оның өз осіненайналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975::1021 т, орташа тығыздығы 5,517 гсм³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгікосмогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағыкеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қаттыматерия кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген.Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттыңпланета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген. Осы күнгікосмогониялық түсінік бойынша, Жер осыдан төрт жарыммиллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген. Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген. Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді.
Тіршіліктің пайда болуы және дамуы жаратылыстану ғылымындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Тіршіліктің пайда болуы- адам баласын өте ерте кездерден бастап-ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. Ол жайында көптеген болжамдар бар. Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды мазмұндарына сәйкес 5 топқа біріктіруге болады. Оның біріншісі креационистік (лат. Жаратушы) тұжырымдама деп аталады. Бұл тұжырымдаманы идеалист философтар және дін қызметкерлері (теологтер) қызу түрде қолдады. Креационистік тұжырымдаманы қолдаушылар тіршіліктің пайда болуын Жаратушы күшпен байланыстырды. Мұндай пікірлер Ежелгі Қытайда, Вавилонияда, Мысырда кеңінен таралды. Бұл … жалғасы