Жер бетіндегі ең ыстық жерлер

0

Жер бетіндегі ең ыстық жерлер

Аптап ыстық десе, бірден Сахара шөлі немесе Араб Әмірліктері келеді көз алдымызға. Бірақ өзге құрлық пен аймақтарда да адам төзгісіз жоғары температуралар тіркелген. Назарыңызға Жер бетіндегі ең ыстық аймақтарды ұсынамыз.

Даллол, Эфиопия

©wikiway.com

Даллол атырабына 1960-66 жылдары орташа 34,4°С тіркелген. Содан бері ауа температурасы үдеп келеді. Мұнда ыстық тек Күннен емес, Жер астынан да тарайды. Өйткені Даллол атырабы жанартауларға жақын орналасқан. Мұнда әйгілі Даллол жанартауы бар. 

Тират-Цви, Израиль 

©Flickr

Тират-Цви – Бейт-Шеана алқабында орналасқан діни кибуц (Израильдегі кооперативтік ауыл шаруашылық кәсіпорын). 1942 жылдың 21 маусым күні мұнда Азия тарихындағы ең жоғары температура тіркелді – 53,9°С. Иордан өзені аймақты суландырып тұрғанына қарамастан, жазда күн сәулелері өңірді жандырып жібере жаздайды екен.

Кебили, Тунис

©Flickr

Кебили – Тунистегі шөлді оазис. Мұнда тұрғындардың әр күні ыстықтан қашумен өтеді. Жаздыгүні оазистегі ауа температурасы 55°С Эль-Джерид көлі болса, жаз келісімен құрғай бастайды екен.

Тимбуку, Мали

©Flickr

Қаланың бай тарихы бар. Дегенмен бұл өлке біртіндеп шөлге айналып бара жатыр. Қала ішінде құмтөбелер пайда болып, көшелерді жел айдаған құмдар басып қалып жатыр. Бірақ қаланың басты проблемасы бұл емес, ыстық климат. Мұнда ауа температурасының максимал көрсеткіші 55°С-қа дейін жеткен.

Эль-Азизия, Ливия

©Flickr

1922 жылдың 13 қыркүйегінде ливиялық Эль-Азизия қаласында көлеңкедегі ең жоғары температура (57,7°С) тіркелді. Бірақ бұл әлемдегі ең ыстық жер емес. Мұндағы жылдық орташа көрсеткіш бұл топтамадағы бірқатар аймақтан кішірек. Одан бөлек Әлемдік метеорологиялық ұйым Эль-Азизиядағы рекордты мойындамайды, себебі ондағы температураны өлшейтін құралдарға сенім жоқ. Бірақ метеорологиялық ұйым Өлім алқабында 1913 жылы 13 шілдеде тіркелген 56,7°С рекордты мойындайды. 

Өлім алқабы, АҚШ

©Flickr

Бұл Солтүстік Америкадағы ең ыстық әрі құрғақ жер. Оның қорқынышты атына қарамастан, мұнда тіршілік иелері бар – бұталардан бастап ұсақ кеміргіштерге дейін.

Деште-Лут, Иран

©Flickr

Ресми рекорд Өлім алқабына тиесілі болса да, жер бетіндегі ең жоғары температура 2005 жылы Деште-Лут шөлінде тіркеліті. Иранның оңтүстік-батысында орналасқан бұл шөлде темепратура 70,7°С-қа жеткен. 

 

 


Дереккөз: https://massaget.kz/