жер, аспан, төсек, көрпе туралы мақалдар, мәтелдер

0
Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.

Аспаннан шұға жауса да,
Сорлыға ұлтарақ тимес.

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.

Жер – төсек,
Аспан – көрпе.

Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.

Аспанға тас атпа,
Тақияң темір емес.

Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.

Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/