желтоқсан көтерілісі, тәуелсіздік күніне, өлең

0
116

Сол желтоқсан неткен суық еді,
Айда сол кезде шалқасынан туып еді,
Құмырсқа екеш құмырсқа ие елеуіне,
Иелікке қаңғыған біреу келіп еді.

Оны естіп халық тағы шошынды,
Ажыраталмай өтірікпен бұл шынды,
Келдіме деп 28 бен 33,
Бұлар тағы қазағымды басынды.

Кетпейді көкіректегі бұл дақтар,
Алаңдағы қанын төккен боздақтар,
Қабанбай мен Бөгенбайдың жалғасы,
Рысқұлбеков Қайратпенен Ләззәттар.

Алдық қайта өзен,көл,тау,шатқалды,
Тарқалып кетуімізге шақ қалды,
Ұғып жүр інім сол жастардың арқасы,
Шүкір құдайға қазақ аты сақталды.