Желілі жануарларды жіктеу

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Желілі жануарларды жіктеу

Автор: Козыбаева Улжан Калдыбековна

Бағыты: Биология Бөлімі: Презентация Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-29



Материал туралы қысқаша түсінік

Мұғалімге көмек







. Білу: Оқушылар желілі жануарлардың басқа жануарлардан айырмашылығын біледі, түрлерін ажырата аладыТүсіну: Желілі жануарлардаң табиғаттағы адам өміріндегі маңызын түсінедіҚолдану: Оқулықпен өз бетінше жұмыс жасай алады, өз еңбегін қорытындылауға, жауапкершілікке, өзін және сыныптарстарын бағалай білуге үйренеді. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.1) “Суреттер сөйлейді” 2) “Жылдам жауап”ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруЖұптық жұмысТоптық жұмыс3) Жеке жұмыс (Блум таксономиясы)ІV. БекітуV. Үйге тапсырмаҮІ.Бағалау № Қандай жануар? Жауабы Суреті 1 Арал теңізі маңында кездесетін,ерекше қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік. Толық зерттелмеген жәндік. Бұл қай жәндік? 2 Бұл инелік қонған кезінде қанатын жайып қонбайды,көбелектер сияқты қанатын жинап қонатын жәндік? 3 Күйенті тұқымдасына жататын, қанатының бірі ұзын,бірі қысқа болатын жәндікті табыңдар? 4 Аналығы аталығын жеп қоятын,ең қомағай, ең жалмауыз жәндік.Бұл қандай жәндік? 5 Өте сирек кездесетін, шырылдамайтын, жыртқыш жәндік,тек партеногез жолмен көбееді. Тапшы қандай,жәндік? 6 Бұғының мүйізі сияқты мүйізі бар, тек қана Жайық өзенінің бойында тіршілік ететін жәндік.Бұл қандай жәндік? «Жылдам жауап» 1) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым? Энтомология 2) Үйірлі шегіркелер дернәсілінің тығыз топтасуы? жаушоғыл 3) Нәзікбас кенелер жануарларда қандай аурулар туғызады? қансигек 4) Буынаяқтылар сыртқы қаңқасының негізі хитин 5) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар неше санатқа бөлінеді? V санатқа 6) Әлі толық зерттелмеген, ерекше қорғауды қажет ететін, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген инелік Нәзікқұйрық инелік 7) Ірі қарада қарасан ауруын тудыратын аналығы ғана қан соратын қан сорғыш ірі шыбын? сона 8) Зиянды бунақденелілерді жоятын улы заттар? инсектицид 9) Тағамға пайдаланылатын ұлулар типі Қосжақтаулы ұлулар 10) Толық түрленіп дамитын бунақденелілер? Көбелектер,қоңыздар 11) Өте зиянды,қауіпті зиянкес, егіншілікке үлкен зиянын тигізеді? Азиялық шегіртке 12) Ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденелілердің шығуы? Тура даму 13) Тағамға пайдаланатын ірі денелі теңізқияры трепанг 14) Қандай тікентерілерде тыныс алу мүшелері болмайды? жыланқұйрықтар 15) Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбекті екі жұп түйін қалай аталады? ганглий Жұптық жұмыс: жануарлар дүниесіне тірек- сызба құрастыру Жануарлар дүниесі Біржасушалылар Қарапайымдар Көпжасушалылар Омыртқасыздар Желілілер типі қабықтылар омыртқалылар Ішек қуыстылар,құрттар,Ұлуларбуынаяқтылартікентерілер типтері балықтар ҚосмекенділерЖорғалаушыларҚұстарсүтқоректілер шалажелілілер бассүйексіздер Хордалылар типі Бассүйексіздертип тармағы Қабықтылар тип тармағы Омыртқалылартип тармағы Желілі жануарлардың негізгі өкілі-қандауырша ІV. Топтық жұмыс. Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:1-топ: мәтнді оқып сұрақтар дайындау2- топ: мәтінді оқып, жаңа түсініктер мен термин сөздерді жазып, анықтама беру3-топ: мәтінді оқып, тірек- сызбалар құрастыру Қандауыршаның тіршілік ету ортасы Қандауыршаның 30-ға жуық түрлері Атлант,Тынық мұхиттың жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.Қара теңізде еуропалық қандауырша өмір сүреді Қандауыршаның сыртқы құрылысы Дене тұрқы 5-8 см, екі бүйірі қысыңқы, арқа жүзбеқанаты жіңішке ол құйрық және құйрықасты жүзбеқанатымен тұтасып кеткен. Құйрық жүзбеқанаты медицина құралы-қандауырға (ланцет) ұқсас болғасын, “қандауырша” деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты-эпидермис (грекше “эпи”-сыртқы,”дерма”-тері,сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді.Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік-терісінің сыртында жұқа сірқабықтың (кутикуланың) болуы.Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады. ҚОРЕКТЕНУІ Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады.Аузы көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Ауыз қуысының айналысындағы ұсақ қармалауыштар үнемі қозғалып, суды ауыз қуысына өткізеді. Сумен бірге ұсақ қарапайымдар жұтқыншаққа, одан ішекке өтеді. Қорытылмай қалған қалдық заттар аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. ҚОРЕКТЕНУІ 1.диатомды балдырлар 2. қарапайымдар 3. Ұсақ шаянтәрізділер 4.дернәсілдер Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысы 1-желі; 2-жүйке түтігі; 3-желбезек саңылаулары; 4-жыныс бездері; 5-арқажүзбеқанаты; 6-атриопор;7- аналь тесігі; 8-ішек; 9-бауыр өскіні. Қандауыршаның қанайналым жүйесі және ас қорыту жүйесінің құрылысы Қандауыршаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Мұхиттардағықоректік тізбектің негізі Омыртқасыз жәнеомыртқалы жануарлардыбайланыстырушы Кейбір елдердеқандауыршаны тағамғапайдаланады. АСЦИДИЯ Асцидия-қабықтылар тип тармағына жатады, теңіз түбінде орнықты, жалғыз дара, кейде шоғырланып тіршілік етеді. Қабықтылар тип тармағын қатты құрамы жасуныққа жақын заттар қаптайды, сондықтан “қабықтылар”деп атайды. Денесі кубі пішінді,тұрқы 1мм-ден 30 см дейін, ауыз сифоны дененің жоғарғы жағында,қажетсіз заттарды шығаратын клоакалық сифоныболады. Асцидияның адам және табиғаттағы маңызы БАЛАНОГЛОСС Шалажелілілер типіне жататын жануарлар тобы. Бұлардың денесі еттұмсықты бас, жаға және тұлғадан тұрады. Еттұмсық пен жаға ұласқантұста ауыз орналасқан. Ауыз жағаны бойлай созылған жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақтың арқа жағынан еттұмсықтың ішіне қарай тұйық өскін-желі бұлтиып шығып, еттұмсықтың ортасына денін жетеді. Сондықтан бұл топқа жататын жануарларды-шалажелілілер деп аталған. 1774 жылы П.С.Паллас-қандауыршаны тауып, ұлулар типіне жатқызды. 1834 жылы А.О.Ковалевский-омыртқасыздар мен омыртқалыларды байланыстырушы қандауырша екенін дәлелдеді. Блум таксономисы Білу 1б-2б Түсіну 3б-4б Қолдану 5б-6б Талдау 7б-8б Жинақтау 9б-10б Бағалау11б-12б Білу 1б-2б Түсіну 3б-4б 1.Тип неліктен желілілер деп аталады?2.Желілілер типі неше тип тармаққа бөлінеді? Аттарын жаз. 1. арқа жағында ішкі қаңқа қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілілер деп аталады2.Желілілер үш тип тармаққа бөлінеді: бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар 1.Ғаламшарымызда желілілердің қанша түрі бар?2.Желілілерге қандай жануарлар жатады? 1. 40-45мыңдай2.Қандауырша, асцидиялар, баланоглосс, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер Сұрақтар мен тапсырмалар жауаптары 1.Бассүйексіздердің қандай маңызы бар?2.Қандауырша аралық жануар деп аталу себебі неде? Теңіз суларындағы ұсақ жәндіктермен, микроағзалармен қоректенеді, теңіз жағалауы тұрғындары тағам ретінде пайдаланады, кейбір түрлерінен дәрумендер алынады Қолдану 5б-6б Қандауырша мен асцидияны салыстырыңыз (Венн диаграммасы) Қандауырша ұқсастығы Асцидия Талдау 7б-8б Пішіні: қандауыршаға ұқсас, арқа жүзбеқанаты, құйрық жүзбеқанаты бар,терісінің сыртын сірқабық қаптайды, қантарату жүйесі-тұйық, зәршығарумүшесі-түтікшелер, дара жынысты, тек жынысты жолмен көбейеді, Желілілер типіне жатады,суда өмір сүреді,желбезек саңылаулары бар Пішіні:күбі тәрізді , Денесіңнің сыртын тығыз қабықпен қапталған, ауЫз сифонЫ, клоакалық сифоны,бар, зәр шығару жүйесі жоқ, қантарату жүйесі –тұйық, қос жынысты,жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді Жинақтау 9б-10б Бағалау11б-12б Желілер тақырыбы бойынша берілген нақты ұғымдарды жинақтап жаз Желі, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары, тұйық қанайналым жүйесі, кутикула, сырттай ұрықтану, эпидермис, бассйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар, нағыз тері. Желілі жануарларға тән белгілерді анықтауда қанадай ғалымдар үлес қосты? Желілілер типі- жануарлар дүниесінің тарихындағы ең жоғарғы топ дегенді қалай бағалайсың? Желілі жануарларды зерттеген ғалымдар:А.О.Ковалевский, И.Мечников,И.Мюллер, И.Эшшольц, В.Шимкеевич, В.А.Догель, т,б бұл ғалымдар желілілер типінің алатын орнын нақтылап, олардың кейбір түрлерін егжей-тегжейлі зерттеді. Желілілер типінің жоғоғары топ болып есептелеуі дұрыс деп бағалаймын себебі: олардың барлық мүшелері, мүшелер жүйесі жақсы дамыған және тіршілік ортасына өте жақсы бейімделген, 1) Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым кім? Орыс ғалымы А.О.Ковалевский 2) Желілілер қандай тип тармақтарға бөлінген? Бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар 3) Қабықтылардың негізгі өкілі қандай жануар? Асцидия 4) Баланоглосс қандай класқа жатады? Ішектыныстылар класы 5) Қандауыршаның сыртқы қабаты қалай аталады? Эпидермис 6) Қандауырша қайда,қай мұхиттарда тіршілік етеді? Атлант,Тынық мұхиттарда 10-30 метр тереңдікте тіршілік етеді 7) Омыртқалы және омыртқасыздарды байланыстырушы жануар? Қандауырша 8) Қандауыршаның адам өміріндегі маңызы қандай? Оңтүстік –Шығыс Азия елдерінде тағамға пайдаланады. 9) Ішектыныстылар дернәсілі қалай аталады, оны кім ашқын? Торнария деп аталады, 1850 жылы И.Мюллер ашқан. 10) Қандауыршаның қандай сезім мүшелері дамыған? Жарық сезгіш жасушалар. Желілілердің өзіне тән белгілері Желілілердің жәндіктермен ұқсас белгілері Дененің соңғы қуысы болады.2. Желісі бар.3. Қантарату жүйесі- тұйық.4. Көптеген желбезек саңылаулары бар.5. Денесі үш қабаттан тұрады.6. Денесі екіжақты симметриялы.7. Жүйке түтігі бар.








Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.


Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз