Жел энергиясы | Скачать Реферат
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіИнженерлік-технологиялық факультет
(факультет атауы)
Техникалық физика және жылуэнергетика
(кафедраның атауы)
5В071700- Жылуэнергетика
(шифр,мамандықтың атауы)
СӨЖ
Мамандыққа кіріспе
(пән аты)
Орындаған: Тексерген:
ТЭ-701 тобының студенті: аға-оқытушы Нургалиев Д.Н.
Асанова Н.
Семей
2017 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Дәстүрлі энергетика 4
1.1 ЖЭС 4
1.2 СЭС 4
1.3 АЭС 5
2 Дәстүрлі емес энергетика 6
2.1 Күн энергиясы 6
2.2 Жел энергиясы 7
2.3 Биоэнергетика 7
3 ЭКСПО-2017 8
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер 11
Энергетика: бөлімдері және даму перспективалары
Кіріспе
Энергетика — энергетикалық ресурстарды өндіруге, қайта құруға , беруге және энергияның әр түрлерін қолдануды қамтитын салалық кешен. Энергетика саласы кез-келген мемлекеттің даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Мысалға, Қазақстандағы энергетиканың дамуы мемлекеттің экономикасының дамуына зор ықпалын тигізіп отыр. Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 23-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады. Бүкіл әлем энергетика саласын қарқынды дамытуға тырысқанымен, қазіргі таңда осы сала бойынша проблемалар туындап отырғаны анық. Мысалға,
* Жер бетіндегі отынның бағасы осы бойда қарқынды өсе берсе, қалпына келетін энергия көздерін пайдалану мәселесі өзекті бола түспек
* Жер бетіндегі шикізат қоры шексіз емес, оны үнемдеу керек
* Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты.
1 Дәстүрлі энергетика
Дәстүрлі энергетика — энергияны қазба отындардан — көмірден, мұнайдан, шымтезектен, сондай-ақ жасанды отын алуда ағаштардан, ағып жатқан судан алу. Дәстүрлі энергетикаға жылу электр станциялары,атом электр станциялары және гидроэлектр станциялары жатады.
1.1 ЖЭС
ЖЭС — отынды жағуда бөлінетін жылу энергиясын түрлендіру нәтижесінде электр энергиясын бөліп шығарады. ЖЭС үшін отынның негізгі түрлеріне газ,мазут,көмір және торф сияқты табиғи ресурстар жатады. Жылу электр станциясының түрі — жылу энерго орталығы болып табылады. ЖЭО — тек электр энергиясын ғана емес,сонымен қатар батареядан жылу желісі арқылы өтетін ыстық су түріндегі жылуды бөлетін жылу электр станциясы болып табылады. ЖЭО артықшылықтары болып табылады: турбинада жұмсалынған бу немесе ыстық су жылытуда,өндірістік және коммуналдық ортаны ыстық сумен қамтамасыз етуде қайтадан қолданылады. Ыстық су және будың эффективі тасымалдануында көп жылуды жоғалту салдарынан құбырларда 20-25 км арақашықтыққа тасымалдау мүмкін болғандықтан ЖЭО сәйкесінше ірі қалаларда салынады. Одан бөлек, жылу жоғалтуды азайту үшін, ЖЭО тұтынушыға жақын орналасатын шағын станциялармен толықтырып отыру қажет.
1.2 СЭС
Су электр станциясы — электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і,1934 жылы Үлбі СЭС-і салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа су электр станциясы салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді. Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады. Су энергиясының қоры жөнінен Қытай, АҚШ, Канада дүние жүзіндегі алғашқы орындарды иеленеді.
1.3 АЭС
Атом электр станциясы — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск қаласында салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Америкада тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының 23-ін, Францияда 75-ін, Жапонияда 48-ін АЭС береді. Кейбір елдерде жедел нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар іске қосылған. Оның ең алғашқыларының бірі Қазақстанда салынған. Төменде бүкіл әлемдегі мемлекеттердің атом электр станциялары көрсетілген(сурет 1).
Сурет 1
Әлем бойынша АЭС
2 Дәстүрлі емес энергетика
Дәстүрлі емес қуат көздері — Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікірінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл — құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр. Энергетика проблемаларын шешу үшін және де бұл саланы одан әрі дамыту үшін бүкіл әлем баламалы энергия көздерін пайдалануды қолдады. Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес,күннен,геотермиялық көздерден температураны және т.б. алу.
2.1 Күн энергиясы
Күн энергетикасы дегеніміз — дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі — Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы — күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн тұрақтысы шамамен 1370 Втм²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн сәулеленуі шамамен 370 Втм² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000 Втм²-қа тең энергия ғана келіп түседі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі — Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік … жалғасы