Жауынгердің хаты 77 жыл өткесін сүйіктісіне жетті

0

Жауынгердің хаты 77 жыл өткесін сүйіктісіне жетті

Ұлыбританиянық Билл Уокердің 1941 жылы жазған хаты 77 жыл өткесін сүйіктісіне жетті. 

99 жастағы Филлис Понтингге Атлант мұхиты түбінен табылған хат жеткізілген. Хатты Уилтшир полкының жауынгері Уокер жазған. Ол Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі кеме апатынан қайтыс болған.

1941 жылы Филлис Понтинг Билл Уокерге тұрмысқа шығуға келісімін берген хатын жолдаған. Бірақ жауап хат келмеген. Кейін Филлис басқа жігітпен отбасын құрған. Қазір оның 4 перзенті және көптеген немерелері бар. Журналистерге берген сұқбатында Филлис, Уокердің соғыстан қайтпайтынын білгенен кейін барып басқа жігітке тұрмысқа шыққанын айтқан.

Жауынгер хатында сүйіктісіне жақын күндері үйленуден қуанышты екендігін жазған.  «Хатты оқып отырып қасымда болғаныңды қаладым. Сенің үйлену туралы келісіміңнен қуанғаным сонша, төбем көкке жетті. Сен маған зор бақыт сыйлағаныңды білесің бе?», – деп жазылған хатта.

Хат Odyssey Marine Exploration компаниясы тарапынан соғыс кезінде жоғалған заттарды іздестіру кезінде табылған. Уокердің хатынан бөлек тағы да 700 хат табылған. Олардың барлығы Лондондағы пошта музейінде сақталады.


Дереккөз: https://massaget.kz/