Жасуша жапсарының патологиясы | Скачать Реферат
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жасуша жапсарының патологиясы
Орындаған: Абдихани Д.С
Тобы: 310А ЖМ
Қабылдаған:
Шымкент 2018
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
* Жасуша жапсары
* Жасушалардың өзара тұтасуына (адгезия) қатысты өзгерістер
* Жасушааралық тығыз қатынасқа байланысты өзгерістер
* Тіндік бөгендер жасушаларының мембранааралық арақатынасының бұзылуы
* Жасушалық жапсарлар құрылысының өзгерістері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жасушааралық байланыстар (межклеточные контакты); (лат. junctiones intercellulares junctiones — байланыс, жанасым; грек, inter — аралық, cellula — жасуша) — жасуша кабықшалары — плазмолеммалар араларындағы өзара жанаса байланыс. Плазмолеммадағы липопротеидтер мен гликокаликс арасындағы өзара байланыс жасушааралық байланыстарға әсер етеді.
Жасуша байланыстары үш — айырғыш, механикалық, химиялық түрлерге бөлінеді. Айырғыш түріне жай (қарапайым, simplex), «құлып» тәрізді, десмосома, механикалыққа тығыз, ал химиялыққа саңылау арқылы қосылатын байланыстар жатады.
Жай байланыста көршi жасушалар қабығы арасындағы кеңістік 15-20 нм жетіп, гликокаликс қабаттарымен өзара iс-қимыл жасап, гликопротеидтер бiр түрлердегiнi тани алады. «Құлып» тәрізді, немесе тісті байланыс эпителий ұлпасында көп кездеседі. Оны жасушалар плазмолеммаларының ішіне тартылуы (жымырылуы, инвагинация) арқылы қосылуынан көруге болады. Десмосома байланысы кезінде жарғақ арасындағы тығыз орналасқан затарға жасуша плазмасынан электронды-тығыз орналасқан жіңішке талшықтар (тонофибриллдер) келіп, түйіседі. Десмосоманың 3 типі — нүктелі, қоршауланған, гемидесмосомалар болады.
Десмосомалар кадгериндер, байланыстырушы (бейімделген) ақуыздар тұқымдастарының жасушалық жабысу ақуыздарынан тұрады да, олар аралық филаменттермен қосады. Жасушалық жабысу ақуыздары десмоглеин және десмоколлин десмосомаларын қалыптастырады. Басқа кадгериндердей, бұл трансжарғақты ақуыздар бес жасушадан тыс домендер тұрады да, кальциймен байланыстырушы болып келеді. Олар жасушалардың гомофильді қосылуын — ақуыздардың екі бірдей молекулаларының өзара қосылуын қамтамасыз етеді. Жасушаіші ақуыз десмоплакин (тағы екі ақуыз плакофиллин, плакоглобин қатысуымен) жасушаіші десмоглеин домендерімен аралық филаментпен қосады. Аралық филаменттер типі жасушалар типіне байланысты: көптеген эпителий жасушаларында олар кератинді, ал жүректік бұлшықет жасушаларында — десминді, тағы басқа.
Нүктелінің көрші жасушалар жарғақтарын қосатын аумағы 0,5 мкм шамасындай, олар механикалық қызмет атқарады, қажалатын, созылатын, басқа да механикалық әсерлерден жасушалар арасында (эпителий, жүректік көлденең жолақ жасушалары) құрылады. Нүктелер саны 2000 жетеді. Цитоплазма жағынан десмосомаларға аралық филаменттер жабысып, онда аса берік үзілмейтін тор құрады.
Тығыз байланыста да 2 плазмалемманың сыртқы беттері бір-біріне түйісіп, қалыңдығы 2-3 нм бір қабат түзеді. Түйіскен жерлер — нүкте деп аталады. Бұл байланыста молекулалар мен иондар алмасуы жүрмейді. Олар эпителий, эндотелий, мезенхима жасушаларының аралықтарында байқалады. Тығыз байланыстар үш негізгі қызметтер: 1) эпителий жасушаларын механикалы қосады; 2) ақуыздардың бүйірлік араласуы үшін тосқауылмен қамтамасыз етеді де, эпителий жасушаларының қарама-қарсылығын сақтайды. Төбелік (ағзаның қуысына немесе дене бетіне қарайтын) бетінде бір ақуыздар, ал негізгі-төбелігінде (төменгі-бүйірі) басқа ақуыздар орныққан.
Сондықтан, мысалы, ішек эпителийі жасушалары белсенді ағымдағы заттарды сіңіре алады немесе эндоцитоз жүреді де ішек қуысынан оларды қанға бөледі; 3) көптеген заттар жолын тосқауылмен қамтамасыз етеді, сондықтан бұл заттар организмге жасушалардың жарғақтары мен цитоплазмасы арқылы тасымалданады. Кейінгі заттар тасымалдануын бақылауға (жасуша аралыққа қарағанда жоғары деңгейде) мүмкіндік береді.
Саңылаулы байланыстар жасуша аралық қатынастарды, химиялық заттардың алмасуын, дамып келе жатқан жасушалар байланысын күшейтіп, төменгі молекулалы қосылыстардың бір жасушадан екіншісіне өтуін реттейді. Бұл организмдегі жасушалар байланысын ақуыз өзегі (коннексон) көмегімен өткізетін тәсіл. Олар арқылы тікелей жасушадан жасушаға электрлік белгілер, кіші молекулалар (молекулалық массасы 1.000 Д) енеді. Осылармен саңылаулы байланыстар плазмодесмалардан ерекшеленеді, олар арқылы макромолекулалар, тіпті тұрақты қосындылар тасымалдана алады.
Саңылаулы байланыстар жасуша аралық қатынастарды, химиялық … жалғасы