жас, жастарға арнау, жастар әні

0
Оян, жастар, оянатын кез келді,
Бұрынғыдай замана жоқ,өзгерді.
Әуел баста ақша болса, құндылық,
Қазіргі таң білім күші тең келді.

Біліміңді дәлелдесең, нақтылап,
Жүрек жұтсаң, тәуекел ет, бақ сынап.
Пайдаң тисе, замана мен қоғамға
Гүлденбей ме, дамымай ма шартарап?

Дарындылар заманасы дәл қазір,
Бәсекелес, өзгеріске бол әзір.
Абай айтқан ақыл, қайрат, жүректі,
Біріктірсең, болмаймысың, дөп әзір.

Әл-Фараби, Қашқариге қарасаң,
Абай атаң, Ахметтерді санасаң,
Өз дарынын дәлелдеген тұлғалар
Дәл соларды ұстаздыққа баласаң,
Арман қуып, мақсат қойып, алға бас,
Ұмтыл, самға, білімдіге жарасаң.

Елімізді қолдай білген, түсе білген араша,
Елбасының сөздері бар айтылған дәл тамаша.
«Қазақстан болашағы — қазір жастар қолында»
Дәстүр сақтап, ғылым қуған, ойлай білген жаңаша