Жас боксшыны ұрысқа дайындау | Скачать Дипломдық жұмыс

0
422

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Аталмыш дипломдық жұмыс барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізгі алынды.
МББС (ГОСТ) 7.32 – 2001. Ғылыми – зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері
МББС (ГОСТ) 7.1 – 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастыруға қойылатын жалпы талаптар мен ережелер.
Қазақстан Респбұликасының Білім туралы 27 2007 жылғы № 319-III 3ҚР (01.01.2017ж. өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.

АНЫҚТАМАЛАР

Ептілік – адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.
Төзімділік (жалпы) – адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппаратының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті.
Иілгіштік – қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.
Қимыл іс-әрекеттері – Адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқа да мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимылдардың жиынтығы.
Қимыл дағдысы – Құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖДД – жалпы дене дайындығы
ӘТД – әдістемелік техникалық дайындық
АҚҚ – артериялық қан қысымы
БЖСМ – балалар мен жас өспірімдер спорт мектебі
ОЖЖ – оқу-жаттығу жиыны
БДТ – бақылау дисперістік талдау

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі. Қазахстан Республикасының экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған .
Жас жеткіншектерді дене тәрбиесі және спорт арқылы баулу, салауатты өмір салтын құруға үйрету, спорттық жетістіктер арқылы Қазақстанды әлемге таныту қазіргі кездегі маңызды жұмыстардың бірі болып саналады.
Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кездегі республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі мінденттердің бірі болып саналады.
Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Қазіргі спорттық жаттығулар нәтежиесі және ғылыми ізденістер қорытындылары адамның туа біткен қабілеті мен жүре келе үйреткен қаблеттерді ұштастырғанда ғанаспортта үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы дәлелденіп отыр. Спорт саласында баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, қай спорт түріне бейімі, дарыны бар екендігін анықтау ғана болашақта үлкен жетістікке жетуге кепілдік береді.
Қазіргі Қазақстанның спорттық мектептеріндегі қабылданған іріктеу жұмыстары тәртібі кезінде Кеңес өкіметі ұсынған әдістемелер бойынша өзгеріссіз келеді. Бұл іріктеу тәртібі сол кездегі 250 млн халық санына негізделіп жасалған болатын және Кеңес өкіметі атынан бір ғана команда олимпиадалық ойындарға қатынаса алатын. Қазір Қазақстан олимпиада, Әлем және тағы басқа жарыстарға өзі жеке команда ретінде қатысады. Сондықтан қазіргі спорт мектептеріндегі іріктеу жұмыстары 16 млн Қазақстан халқының мүмкіндігін ескеріп, басқаша ұйымдастырылуы қажет деп білеміз [1].
ҚР дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасының 5.6 бөлімі бойынша Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау бөлімінде Дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу -халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгермелі талаптарын, спортшыларды даярлаудың түрлері мен әдістерін үнемі жетілдіруді, жаңадан келгендерден бастап халықаралық дәрежедегі шеберге дейін республика спортшыларын тәрбиелеу жүйесін одан әрі дамытуды ескере отырып, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруға деген жаңа көзқарастарды талап етеді.
Қазақстанның дүние жүзінің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясына қол жеткізуі, республика спортшыларынан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге жетуді талап етеді.
Спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеудегі проблемаларды табысты шешу үшін түпкілікті нәтижеге – әлем, Азия чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін факторларды қатаң ескеру қажет [2].
Осы жердегі бір қатар талаптар: таңдаған спорт түріне мамандану үшін оның арнайы талаптарына жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесінің қатаң түрде сай болуы; спорт мамандығын таңдау, көпжылғы даярлықтың күллі жүйесін әзірлеу, жарыс қызметінің тиімді құрылымын анықтау кезінде нақты әрбір спортшының жеке бейімділігі мен қабілеттеріне барынша ден қою; жаттығу және жарыс жүктемесінің, тынығудың, тамақтанудың, жұмыс қабілетін қалпына келтіру, ынталандыру құралдарының және іс-қимыл мүмкіндіктерін жұмылдырудың қатаң теңгермелі жүйесіне ұмтылу; даярлықтың дәстүрден тыс құралдарын кеңейту – спортшы ағзасының іс-қимыл мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік беретін аспаптарды, жабдықтарды және әдістемелік тәсілдерді пайдалану; спортшылардың жаттығу әсерлерінің факторларына бейімделу процестерін жеделдетуге, олардың басты жарыстарға тікелей даярлығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орташа биіктіктегі және биік таудағы жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін жетілдіру; бүкіл спорттық жаттығу жүйесін жарыс қызметінің оңтайлы құрылымына қол жеткізуге бағдарлау деп көрсетеді [3].
Сондықтан біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі қазіргі Қазақстан жағдайында спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында спортқа дарынды балаларды іріктеудің және жаттықтырудың жаңа тың жолын ұсыну болып табылады [4]
Жас спортшылардың дайындығына педагогикалық бақылау жасау, спорттың әдістемесі мен теория мәселелерінде аз зеріттеліп жүрген тақырып. Әдебиеттерді талдау және алдыңғы қатарлы спорттық тәжірибе көрсеткендей педагогикалық бақылаудың әдістері мен құрамдарының көбінесе әдістемелік негіздері жоқ болып келеді. Жас спортшылардың дайындығын әр қырынан қарағанда қалыпты деңгейі заман талаптарына, спорттық резервтерді дайындауды басқару жүйесіне сай емес. Жас спортшылардың дене-күш дайындығын кезеңді бақылау мәселесі мен қажетті дене-күш даму деңгейін бағдарлау осы уақытқа дейін толық қаралмай келген іс.
Осы көрсетілген мәселелерді шешу, зерттеу жас спортшылардың дайындық деңгейінің көтерілуіне, жаттықтырушылар үшін ізбасарлар дайындығын жетілдіруге тиімді жұмыс болып табылады [5].
Осы зерттеулер өз тараптарынан көтерген мәселені шешудің өзіндік жолдарын ұсынғанымен спортқа дарынды ізбасарды іріктеу, іздеу оны жаттықтырудың жаңа жолдарын ұсынбайды, ізденістердің көбі Кеңес Одағы кезіндегі нормативтік шектеулерден аса алмаған. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып бойынша қазіргі Егеменді Қазақстан жағдайын есепке алып қарастырған еңбектер жоқ болып шықты [6].
Зерттеу нысаны – спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесі.
Зерттеу пәні – спортшының психологиялық ерекшеліктерін және олардың дамуын зерттеу.
Жұмыстың мақсаты – спортшы ізбасарлар дайындау мақсатында Қазақстандағы спорттық мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жұмысты жүргізу әдістемесін өзгерте отырып, спортқа дарынды балаларды іріктеу жолын ұсыну болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1) спортқа дарынды балаларды іріктеу, олардың қай спорт түріне бейімі бар екендігін анықтаудың ғылыми педагогикалық негізін жасау;
2) спорт мектептеріндегі бастауыш дайындық топтарындағы жұмысты ұйымдастырудың мақсаты мен міндетін өзгерту;
3) бастапқы дайындық топтарындағы сабақтың мазмұны мен мақсатын өзгерту;
4) спортшы денсаулығының үлкен жүктемелерді атқаруға қабілеттілігін арттыру, денсаулығына зиян келтірмеу жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері:
oo ғылыми- зерттеу, педагогикалық әдебиеттерге шолу;
oo сауалнама жүргізу;
oo әлемдегі және Қазақстандағы спортшыларды дайындаудағы ерекшеліктерді салыстырмалы түрде зерттеп, спортқа дарынды ізбасарларды дайындаудағы ғылыми зерттеулерді талдау;
oo қазіргі Қазақстан жағдайындағы спорттық ізбасарларды дайындаудың педагогикалық-әдістемелік жолдарын саралау;
oo жаттықтырушылар, спорт мамандары және ата-аналармен осы көтеріліп отырған мәселеге байланысты сұрақ-жауап өткізу;
oo математикалық-статистикалық сараптама жүргізу.
Зерттеу әдіснамасы – Спорт мектептеріндегі алғашқы дайындық топтарына келген жас балалар болашақта қай спорт түріне өздерінің бейімі бар екендігін білмей келеді. Осы жағдайды зерттеу түзету болашақта балалардың спорт түрлеріне бейімділігін ерте кезден анықтауға көмектесіп жаттықтырушыларға балалардың денсаулығын сақтауларына, спортқа дарынды балаларды ерте кезден анықтауға көмектесіп, отандық спорттың сапалы сатыға көтерілуіне көмектеседі.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Әлемдік спорттық көрсеткіштердің өсуін зерттей отырып, Егеменді Қазақстанның қазіргі жағдайында спорттық жетістіктерге жетуді ғылыми негізге сүйенуін қарастыру.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыста ұсынылған тұжырымдарды спортшы дайындау бірқатар жұмыстарында басшылыққа алуға болады: спортшы ізбасарларды іріктеуде, мамандандыруда пайдалануға болады; жоғары оқу орындарында маман дайындау ісінде, арнайы курстарда зерттеу нәтежиелерін пайдалануға ұсынамыз; жылдық цикл кезеңінде жас спортшылардың дайындық деңгейін тестілеу-бағалау; жылдық цикл кезеңінде жас спортшылардың жаттығу процестерін реттеу, ұйымдастыру; БЖСМ, үшін оқу-жаттығу бағдарламалар жасау; спорт мектептері үшін әдістемелік нұсқаулар жазу.
Жұмыс құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тaрaудaн, қорытындылaр мен пaйдaлaнғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.
1 ЖАҢАДАН БАСТАҒАН БОКСШЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

0.1 Бокстың даму тарихы

Бокстың басқа да спорт түрлерi сияқты өзiнiң көне тарихы бар. Бокс – ағылшын тілінен қазақшаға аударғанда қораптың ішінде жұдырықтасу деген мағананы білдіреді. Оның арғы атасы – бұдан шамамен бес мың жылдар бұрын ешбiр ережесiз өтетiн жұдырықтасу болған. Ертедегi Месопотамияда, Египетте, Алжирде табылған жартастардағы суреттерден, қазба жұмыстарының нәтижесiнде табылған заттардан жұдырықтасу көп елдердiң халықтар арасында кең тарағанын көрсетедi. Ежелгi грекия мемлекетiнiң дамуына себепкер болған крит-микен дәуiрiндегi мәдениет қалдықтарында бейнеленген жұдырықтасудың өрнектерi бiздiң заманымызға дейiн жеттi.
Жұдырықтасып сайысу, әсiресе, ежелгi Грекияда кең таралған. Атақты Гомер өзiнiң Илиадасында Троя қаласы үшiн шайқаста қаза болған жауынгерлерге арналған естелiгiнде жұдырықтасу жарысын өткiзгенiн баяндайды. Әрине, ол уақытта ринг болмаған, жарыс ережелерi де өте төмен, ұрыс кезiнде құшақтау, аяқпен тебу рұқсат етiлген, уақыт белгiленбеген. Сайыскерлердiң бiрi ессiз құлағанда, немесе жеңiлгендiгiн мойындап, үлкен бармағын ашып бiр қолын жоғары көтерген кезде ғана сайыс тоқтатылатын болған. Салмақ дәрежелерi болмаған, қолға киетiн қолғап та жоқ, ұрыс жалаңаш жұдырықпен жүргiзiлген. Кейiн келе жұдырықтарын жұмсақ былғарымен орауды қолданды. Әдеби естелiктерден қалған нұсқалар ертедегi Грекиядағы бокстың әдiстерiн, тәсiлдерiн көрiп танысуға мүмкiндiк бередi. Сайыскерлер тiк тұрып сайысқан. Оларға ең керегi жылдамдық, ептiлiк болған. Сайысқа шыққан адамдар туралы сол кездерi аңыздар, өлеңдер шығарып, олардың бейнелерiн ыдыстарға, үйлерге салды.
Жұдырықтасумен ақындар, мемлекеттiк қызметкерлер және жазушылар да шұғылданды. Мысалы, атақты математик Пифагор өте күштi сайыскер болып, Олимпиада ойындарына қатысқан.
Жұдырықтасуды 23-шi – Олимпиадаға (бiздiң дәуiрге дейiн 688 ж.) кiргiзумен байланысты ұрыс жүргiзудiң ережелерi шықты. Смирна деген қаладан шыққан Ономаст деген боксшы заңдар жиынтығын шығарған. Заңға байланысты құшақтауға, аяқпен тебуге, белбеуден төмен соққы жасауға, қолдың iшiнде қатты заттарды қысып ұстауға т.б. тыйым салынған. Осы ережелердi Ономаст өзi үшiн шығарған деген лақап таралған. Себебi, осы олимпиадада өзі жеңiмпаз атанған. Кейiн осы ережелер жаңартылып ары қарай жетiлдiрiлген. Жеребе тартып жұптар құрастырылған, кездесу уақыты жеңiс анықталғанға дейiн өткiзiлген, төрешiлер жасы қырықтан асқан сайыс ережелерiн жақсы бiлетiн адамдардан тағайындалған. Бiзге жеткен суреттерде төрешiлердiң қолында жүзiм бұтағы бейнеленген. Соған қарағанда, оны төрешi ұрыс жүргiзу кезiнде пайдаланған. Кейiн келе жұдырықтасу барлық елдерге тараған. Қазiргi таңда бокс Азия құрылығында ұлттық спорт түрлерiнен кем дамымаған [35].
Бiздiң дәуiрiмiзге дейін 650 жылдарда Қытайда да жүдырықтасу кеңінен тарады. Соның бір дәлелі Шао-Линь және Тай-Ки жұдырықтасу мектебі болған.
Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 616 жылдары 41 олимпияда ойындарында алғаш рет жастар арасында жұдырықтасудан жекпе-жектер өткізілді.
Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 400 жылдар арасында кәсіпқой атлеттер пайда бола бастады.
Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 300 жылдары көтеген дәлелдерге сәйкес Үндістанда да жұдырықтасу дамыған.
Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi IV ғасырда жұдырықтасуды үйрену мен жаттығу жасау арнаулы мектептерде жүргiзiлдi. Онда жылдамдық пен ептiлiк басты қасиет болып есептелдi. Жұдырықтасушылар жарақаттан сақтану үшiн қолдарын май сiңген терiмен орап алған. Жекпе-жектiң уақытына шек қойылмады. Қарсыластар салмақ дәрежесiне бөлiнбеген. Жекпе-жек бәсекелестердiң бiреуi жарысты жалғастыра алмай қалған жағдайда ғана тоқтатылған. Ежелгi Элладада жұдырықтасу көрермендер тамашалайтын қызық ретiнде өткiзiле бастады. Сол кезден бастап жекпе-жектi өткiзу тәртiбi де өзгерiп, сайысшыларға арнайы қолғаптар жасалды. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн III ғасырда Ежелгi Римде де жұдырықтасу кеңiнен тарады. Ол жерде жұдырықтасу сайыстары амфитеатрларда өткiзiлдi. ІІ ғасырда император Октавиан Августың құрметiне Рим қаласының маңында жұдырықтасудан арнайы жарыс өткiзiлдi.
Ежелгi Түркі елдерiндегi сайыстардың дамуы. Ежелгi түркi халықтары арасында да сайыс ойындары дами бастады. Сол кезде-ақ балаларды жасынан атқа мiнуге, садақ атуға, күштi және шыншыл болуға үйреткен. Жұдырықтасу сайыстары ежелгi түркi халықтар арасында да кеңiнен тарады. Мұндай жарыстар сайысшылардың жас ерекшелiктерiне қарай өткiзiлдi. Ежелгi үйсiн, керей, найман мемлекеттерi тұсында түркi халықтары жұдырықтасуды батылдыққа, ептiлiкке, табандылыққа, шапшаңдық пен күштiлiкке тәрбие құралы ретiнде пайдаланған. Жұдырықтасу сайыс кезiнде жалаңаш жұдырықпен де, қолғап киiп те сайысқа түсуге рұқсат етiлiп, жұдырықтың қатты тиюiне себеп болатын заттарды пайдалануға тыйым салынды. Сайысшылар бiрiн-бiрi аяқтан шалуға немесе баспен соғуға, жығылған кезде ұруға және тебуге рұқсат етiлмедi. Ереженi бұзғандарды сайысшылардың өздерi- ақ жазалап отырды. [36]
Ағылшын боксы. Қазiргi кездегi бокстың шыққан отаны Англия деп саналады. Себебi, ХVI-ХVII ғасырларда қала тұрғындарына, шаруаларға қару асынуға тыйым салынған. Сондықтан олар өздерiнiң дау-жанжалдарын жұдырықтасумен шешкен. Бокстың алғашқы ережелерiн цирк иесi Джеймс Браутон ойлап шығарды (1743ж.). Ереже жетi талаптан тұрды. Бiрақ ұрыс мерзiмi шектелмедi. Тұңғыш рет қолға қолғап кию енгiзiлдi. Брайтон өзiнiң бокс мектебiн ашып, онда көптеген атақты боксшылар дайындап шығарды. Сондықтан ол бүкiл Англияға атақты кiсi ретiнде танылды. Содан жүз жыл өткен соң 1838 жылы Лондонның жүлделi рингi деген жаңа ереже пайда болды. Ереже 29 тараудан тұрды. Жарыстың заңдылық жағы да ескерiлдi. Бiрақта дөрекi әдiстермен, жалаңаш жұдырықпен өтетiн жекпе-жек Англия патшайымын бейжай қалдырмады. Виктория патшайым бокспен айналысуға тыйым салды. 1867 жылы Квинсбери мырза боксты спорт түрiне айналдыратын жаңа ереже шығарды. Бокстың созылу уақыты раундтарға бөлiнiп, үзiлiстер пайдаланылды. Құшақтасу, аяқпен шалу тоқтатылды. Ұрыстың жүргiзiлуi ширақ, жылдам өтетiн болды. Қолға қолқаптар кию мiндеттелдi. Бұл жекпе-жектi ұпай санымен аяқтауға әкелдi. Спортшыларды салмақ дәрежелерiне бөлу жеңiстi ауыр салмақтан басқа да боксшылардың жеңуiне мүмкiндiк бердi. Бокспен қарапайым адамдар ғана емес үстем тап өкiлдерiнiң де айналысуы басталды. Жақын арада бокспен айналысу ақсүйектер үшiн өздерiн-өзi қоғамдық жерде сыпайы ұстаумен бiрдей болды. Көптеген атақты адамдар боксшылардың еңбегiн мырзалықпен төлеп, болашақтан үмiткер спортшыларды дайындайтын мектептер ашып, өз көмектерiн көрсеттi. Ағылшын боксшылары әлемдегi күштiлер деп есептелдi. Сондықтан да оны ағылшын боксы деп атады. Квинсбери ережелерi қазiргi кездегi әуесқой және кәсiпқой бокстың негiзiн қалады. Бокстың осы заманғы олимпиада ойындарына енгiзiлуi үшiншi Олимпиада 1904 жылы Сент-Луис (США) қаласында өттi. Бұған тек америкалық спортшылар қатысты. Осы ойындардан кейiн бокс көптеген Европа елдерiнде дами бастады.
Ресей боксы. Ресейде бокс ХIX ғасырдың соңында дами бастады. Ол жерге де боксты алып келген ағылшындар болды. Ресейде боксты алғашқылардың бiрi болып М. Кистер Мәскеудегi атлеттер ұйымында ұйымдастырды. Осы ұйымда Франциядан Петербургке көшiп келген Э. Лусталло бокспен шұғылданды. Мәскеуде алғаш рет бокстан жарыс 1895 жылы 15 шiлдеде өткiзiлдi. Кейiнгi жарыс Петербургте 1898 жылы 31 мамыр айында өткiзiлдi. 1913 жылы тұңғыш рет Ресей бiрiншiлiгi өткiзiлiп, оған 15 боксшы қатысты. Бұл бiрiншiлiкте боксшылар жеңiл, орта және ауыр үш салмақ дәрежесiнде жарысқа шықты. Ресейде бiрiншi ресми бокс ережесi 1915 жылы Санитас спорт қоғамының бөлiмiнде шығарылды. Бұл ережелер халықаралық жарыстарда қолданылып жүрген тәжiрибеге сай сегiз салмақ дәрежесiн бекiттi. Қолғаптың салмағы да белгiлендi. Оның салмағы 227 гр (8 унций) болып, ұрыс мерзiмi үш минуттан үш раунд болды. 1916 жылы Петроград қаласында кезектi Ресей бiрiншiлiгi өткiзiлдi. Бұл жарысқа 23 боксшы қатысып, ұрыс мерзiмi үш минуттан төрт раунд болды. [37]
Кәсiпқой бокс. Қолғапсыз жұдырықтасудағы көптеген қатыгездiктердi көрермендер ұнатпады. Квинсберри 1867 жылы бокстың жаңа ережесiн қабылдаған соң, ағылшын боксының орнына кәсiпқой бокс пайда болды.Квинсберри ережесi бокста бетбұрыс жасады. Боксшылар соққының күшiн азайтатын жұмсақ қолғап кидi. Қорғану әдiстерi мен тәсiлдерiне де өзгерiстер енгiзiлдi. Күресуге, аяқтан шалуға тыйым салынды. Ал боксшылар рингте сайыс кезiнде еркiн қозғалуға мүмкiндiк алды. Сондықтан да бокс спорт түрi ретiнде қалыптаса бастады. Квинсберри ережесi кәсiпқой және әуесқой бокстың жаңа ережелерiнiң негiзi болып саналады. Кәсiпқой бокс ХVIII ғасырдың аяғынан бастап Америка құрылығында және Еуропа мемлекеттерiнде (Германия, Франция, Англия) дами бастады. ХIХ ғасырдың аяғында кәсiпқой бокстың халықаралық ассоциациясы құрылды. Бұл ассоциация әр елдердегi ережелердi жинақтап, бiр жүйеге келтiрдi. Кәсiпқой бокстағы кездесулер бiрнеше раундтан тұрып, әр бiр раунд үш минутқа созылды. Кәсiпқой бокс ережесiнiң әуесқой бокс ережесiнен айырмашылығы – бокс қолғабының кiшкене болуы мен сайыстың ұзаққа созылуы. Ал шабуыл мен қорғаныс кезiнде ережеден тыс кейбiр әдiстерге де рұқсат берiлетiн. Мұндай жағдайлар кәсiпқой бокста тәртiпсiздiк пен қатыгездiктiң көбеюiне алып келдi. Кәсiпқой бокстың негiзгi мақсаты мол пайда табу. ХХ ғасырдың ортасынан бастап АҚШ-та және Еуропа елдерiнде (Англияда, Германияда) кәсiпқой бокс зор қарқынмен дамыды. Атақты кәсіпқой боксшылар Мухамед Али, Формен, Патерсон, Холлифильд, Тайсон, Льюс, Джонс, Головкин т. б. КСРО өкiметi құлағаннан кейiн ТМД елдерiнде де кәсiпқой бокс дами бастады. Әсіресе Украиндық боксшылар ағайынды Кличколар, Маскаев сынды былғары қолғап шеберлері кәсіпқой бокста жоғарғы жетістіктерге жетті.
Қазақстанда да ХХ ғасырдың соңында кәсiпқой боксшылар саны көбейе бастады. Қазақстандық алғашқы кәсіпқой боксшылар Мирошишенко, Ружников, Абдрахманов, Хакимов, Присяжнюктар өнер көрсетті. В. Жировта Олимпиада жеңiмпазы болғаннан кейiн, кәсiпқой боксқа ауысып, әлем чемпионы атанды. Алғашқы қазақ боксшысы М. Мәзiмбаев 2005 жылы Алматыда өткен кәсiпқой боксшылар арасында әлем жеңiмпазы болды. Әлем бiрiншiлiгiнiң жеңiмпазы және 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi Г. Головкин де кәсiпқой бокске ауысып әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанды. Ал Қазақстан боксының түлегi қарағандылық О. Маскаев 2006 жылы ең ауыр салмақ дәрежесiнде кәсiпқой боксшылар арасында әлем бiрiншiлiгiнде топ жарды. Азия чемпионы Б. Шүменов те соңғы кездері кәсіпқой бокстан үлкен жетістіктермен көрініп жүр. 2009 жылы қарашада академияның түлегі М. Жақсылықов кәсіпқой бокстан Азия чемпионы болды.
Әуесқой бокс. Әуесқой бокстың кәсiпқой бокстан ең басты айырмашылығы, ол сайысқа қатысушылардың денсаулығын сақтау және қауiптi әдiстердi қолдануға жол бермеу болып табылады. Әуесқой бокс ассоциациясы алғаш рет 1881 жылы Англияда құрылды. 1888 жылдан бастап Солтүстiк Америкада әуесқой боксшылар арасында да жарыстар өткiзiле бастады. 1903 жылы Францияда да әуесқой бокс ассоциациясы пайда болды. Әуесқойлар жарысын кеңейту мақсатымен бокс 1904 жылы Сент-Луис қаласында өткен Олимпиада бағдарламасына кiргiзiлдi. Бiрақ, бұл ойынға басқа елдердiң келе алмауына байланысты, тек АҚШ боксшылары ғана қатысты. 1906 жылы Әуесқой бокста жарысқа қатысу үшін дәрігерлік тексеруден өту ережесі пайда болды. 1920 жылы Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы құрылды. Бiрақ бұл ұйымның сол уақытта дүниежүзiлiк спорттық қоғамда беделi төмен болды. 1925 жылы Швецияда алғаш рет он елден 45 боксшының қатысуымен Европа біріншілігі өткізілді. 1946 жылы қазанда Лондонда өткен конгресте беделдi жаңа ұйым әуесқой бокстың Халықаралық ассоциациясы (АИБА) құрылды. Сол кезде оған 24 ұлттық ассоциация мүше болды. Ал, қазiр оның құрамына 200- ге жуық елдiң ұлттық ассоциациялары кiрдi. АИБА барлық халықаралық төрешiлердi бiрiктiру, әлем және құрлық бiрiншiлiктерi өтетiн орындарды белгiлеу, жарыс ережелерiн жасау, дәрiгерлiк қамтамасыз ету және жарыс өткiзудi ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. АИБА – ның ресми түрде бiрiншi президентi болып Э. Гремо (Франция) сайланған. 1966 жылы Римде өткен АИБА конгресiнде әрбiр құрлықта бюро құру шешiмi қабылданды. 2006 жылы Доминикан республикасында өткен АИБА конгресiнде алдыңғы АИБА президентi пәкiстандық А. Чаудридiң орнына тайвандық Чинг- Куа Ву АИБА президентi болып сайланды. 1992 жылы Қазақстан АИБА-ға мүше болды. 1994 жылы өткен АИБА конгресiнде Бекет Махмутов АИБА-ның вице- президентi болып сайланды.[38,39]
Әйелдер боксы. 1993 жылы АИБА-ның Туниста өткен жиналысында әйелдер боксы туралы өкім шығарылды. Әйелдер боксы соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде, әсiресе Еуропада, Азияда зор қарқынмен дамуда. Әйелдер арасында құрлық және әлем бiрiншiлiктерi өткiзiлiп жатыр. Елiмiзде де соңғы жеті жыл аралығында боксшы қыздар республикалық және халықаралық рингтерде өнер көрсетуде. 2006 жылы Үндістанда әйелдер арасында өткен әлем бiрiншiлiгiнде Н. Боранбаева үшiншi орынды иелендi. 2011 жылы академия студенті С. Хасенова Азия біріншілігінде бірінші орынға, ал 2009 жылы Ветьнамда өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Әйелдер боксы 2012 жылы Лондонда өтетiн Олимпиада ойындарының бағдарламасына кiргiзіліп, (үш салмақ дәрежесі 51, 60, 75кг) сол Олимпияда ойындарында Қазақстандық бокысшы Вольнова 75 кг. салмақ дәрежесінде 3 орынды иеленді. Соңғы жылдары Қазақстандық боксшы қыздар әлемдік додада үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Соның бір дәлелі әйелдер арасында өткен әлем біріншілігінде академияның студенті Қызайбай Н алғашқы әлем чемпионы атанды, сонымен қатар қыздар арасында да қыздарымыз Азия және Әлем біріншіліктерінде үлкен жетістіктерге жетті. Солардың арасында қыздар арасында әлем чемпионы Гауһар Ермекбай және әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Муздиман Балауса бар.
WSB тұжырымдағы бокс. Т. Құлыбаев АИБА вице- президенті болып сайланғаннан кейін, әлемде боксты қызықтыру және нығайту мақсатында жаңа WSB тұжырымдағы боксты АИБА бағдарламасына енгізді.
Бұл тұжырымда жұдырықтасудың алдынғы бокстар ең басты ерекшеліктері:
1 Жекпе-жектер командалық есепте жүргізіледі.
2 Раунд ұзақтығы 5 раунд (ақтық сында 7 раунд)
3 Қолғап өлшемі және киім кешек жабдықтары (майкасыз)
Сонымен қатар рейтингі жоғары боксшылар әр бір салмақта Олимпиядаға жолдама алу үшін ақтық сында бокстасады.
WSB тұжырымда да Қазақстан боксшылары, яғни Астана арландар командасы үлкен жетістіктерге жетті. 2010 жылы Қ. Абуталипов 7 раундттық жекпе-жекте WSB тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып, Лондон олимпиядасына жолдаманы ұтып алды. 2013 жылы Астана арландары командасы ақтық сында Украина командасын тізе бүктірді. Астана арландары командасын жасақтауда және дамытуда Б. Мәнкенов пен Б. Есжанов зор еңбек атқарды. Қазіргі кезде команданың президенті Олимпияда чемпионы С. Сапиев сайланды. Бапкерлік тізгінін Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы М. Жақиев қолына алды.

3.1 Жаңадан бастаған боксшыны оқытудағы жас мөлшерi ерекшеліктерiнiң есебі

Жаңадан бастаған спортшыларды еске алғанда жасөспірімдерді елестетеміз. Сондықтан да, оларды оқытып, жаттықтырғанда жас мөлшерi ерекшеліктерiн еске алу керек. Жасы бойынша боксшы төменгі (12-14 жас) және жоғары (15-16 жас) жасөспірімдер тобы болып бөлінеді. Жеткіншіктер (17-18 жас) және ересектер (19 дан жоғары). Бұл топтардың әрбірі жарыс ережесіне әсер ететін ерекшеліктерге ие. 14-18 жастағылардың ағзасы қызу дамиды, күш жиналады, ептілікті жетілдіреді, төзімділіктi шыңдайды, барлық мүшелерінің жұмысы жақсарады. Бірақ омыртқа кеуде клеткасының қатаюы аяқталмайды. Байланыс аппараттары үлкендерге қарағанда созылмалы болады. Сондықтан 14-16 жаста бұлшық ет жаттығуларын беру керек. 17-18 жастағы жеткiншектердiң бұлшық еттері өседі, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметі жетіледі, жүрек соғу ырғағы азаяды, қан тамырлары төмендейді. Осы кезеңдегi бұлшық еттің тек бір тобының дамуы ішкі мүшелерінiң дұрыс дамымауына және олардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Бокстағы әдiстiк және тәсiлдiк дағдыларды игеру ұзақ денелік және психикалық шиеленіспен байланысты. [7]
Жасөспірімдерімен жұмыс кезінде, егер олар тым жас болса, белсенді тежеу үрдісiнен қозу үрдісі көп болатынын ескеру керек. Ұзақ күштену немесе алынған соққылар тежеу жағдайындағы жүйке жүйесіне жиі әкеп соғады. Сондықтан да, жеке жаттығулар арасында ересектерге қарағанда жиі және ұзақ демалыстар болуы керек. Күшті соққыны толық алып тастау қажет. Барлық ағзаның өсуімен қатар жүректің бұлшық еттері де өседі. Басқа мүшелерге қарағанда жүректің дамуы артта қалады. Егер бұлшық ет жүйесінің жүктемесі жоғары болса, онда ішкі мүшелер қойылған талаптарға бейімделеді, жүрек күшпен жұмыс істейді. Мұндай жағдайда жүректің гипертрофиясы пайда болады. Қан айналымы жүйесінің жұмыс қабілеті деңгейін көтеру, табиғи жаттығулар арқылы, жүру, жүгіру, шаңғымен жүру, жүзу және осы жаттығулар, жүйке және дене жүктемесін біртіндеп көтерумен жалпы дене дайындығына көмектеседі.
Күре тамыр қысымы балалар мен жасөспірімдерде жас өскен сайын біртіндеп көтеріледі, қан қозғалысының жылдамдығы азаяды. Бір қалыпты қан қысымы деңгейi 18 жаста болады. Қан айналымы жүйесі қызметінің көтерілуі тыныс алу жүйесінің әрекетімен жүргізіледі: пульс және тыныс алу жақсарады . Олардың арасындағы үйлесімнің бұзылуы ағзаның қалпына келуіне теріс ықпал етеді, әсіресе, бокс сабағында ерекше көңіл бөлу қажет. 16-18 жаста өкпенің өсуі бастап, оның өмірлік сиымдылығы кеңейеді. Газ айналым қарқындылығы балалар мен жасөспірімдерде ересектерге қарағанда едәуір көп. Бұлшық ет қызметі белсенді болған сайын, бұлшық ет қызметі үшін қан көп қажет. Сондықтан бокс сабағында, мысалы, оқу-ұрыс кезінде тыныс алуы нашар, бұлшық еті жеткіліксіз жаттыққан боксшы тез шаршайды. Ұрыс кезінде жас боксшылар, ересектерге қарағанда тез шаршайды. Сондықтан да, таза ауада көп жаттығуы керек, ересектерге қарағанда жастар оттегін өте көп қажет етеді.
Оқыту мен жаттықтырудың басты факторларының бірі-жастық психологиялық ерекшеліктердің есебі болып табылады. Жасөспірімдердің психикалық қасиеті үлкендердің психикасынан едәуір айырықшаланады. Жасөспірім жаста бұл қасиеттер қалыптасады, сондықтан да боксшыларды жеңіске дайындауда жаттықтырушы әрбір шұғылданушыға жеке-жеке дұрыс педагогикалық жақындау керек.
Жасөспірімдерде жыныстық даму кезеңінде көруі, есте сақтауы жақсы болады. Осы жаста спортшылар жоғары үйлесімге жетеді және тәсілдік дағдыны жақсы игереді.
Жасөспірімдер ойлаудың бірізділігін және өзінің әрекетіне бақылау жасауды біртіндеп игереді.
Жасөспірімдердiң қабылдау түйсігі тұрақты емес, олардың күші мен тұрақтылығы жеке ерекшелігіне байланысты. Жақсы көшіре білуде олар жаңа тәсілдерді тез үйренеді. Рингтегi жақсы спортшының ұрысын көрген, жас боксшылар оның әрекетін есте сақтап, солай қайталауға тырысады.
Қарсыласты елестетіп ұрысты құру, оның және өзінің әрекетін елестетуден құрайды. Жаттықтырушы тәсілдік әдістерді дұрыс көрсетуі тиiс, кейде жоғары дәрежелі боксшымен жаттығу жасап тұруы керек. Жасөспірімдер әр түрлі тәсілде жасалған жаттығуды есте жақсы сақтайды. Боксшыда білім мен іскерлік көп болған сайын, кешенді әрекетті тез және нақты есте сақтайды. Бұл қағида бойынша арнайы дайындық жаттығуларын оқытуға болады.[8,9,10]
Оқытылған пәнге көңіл бөлуi оның қабылдауы және әрекет қасиетіне байланысты. Бокс спортшыдан жарыс кезінде, оқу-жаттығу үрдісі кезінде жоғары көңіл бөлуді талап етеді. Сәл ғана көңіл аудармаушылықтан соққы алуы мүмкін. Боксшылар өзінің әрекетіне ғана тоқталмай, қарсыласының әрекетін бақылап тұру керек. Жас боксшылар жаттығу кезінде бір тапсырмаға тоқтала алмайды, олар жиi көңілдi басқаға аударады. Сондықтан, жаттықтырушы тапсырманы жиі ауыстырып шұғылданушыларды қызықтыратын тапсырма беру керек. Тапсырманы орындау ұзақ болмауы керек.
Жаттықтырушы боксшылардың көңіл аударуын дамыту үшін ең бірінші тапсырманы орындауда тәртіпті талап етiп, сабақты қызықты, жеңіл өткізу керек.Жаттығу жасауда серіктесті таңдай білу маңызды.
Жасөспірім шақтағы басты міндет – жан-жақты денелік даму, бокс дағдысын табысты игеру болып табылады. Сабақта спорттық және қозғалыс ойындарын, гимнастикалық жаттығу үйлесімін, жылдамдыққа, жүгіру, секіру, эстафетаны қиыстыруды жоғары қою керек. Құралмен жаттығуларға үлкен көңіл аудару қажет. Бокс тәсілі қарапайым бірізділікпен оқытылады, бірақ әдістемелік тәсілдер шұғылданушының қызығуын туғызуға ықпал етуі керек.
Жаңа келген боксшыны үйрету. Боксшыларды оқыту мен үйрету барысында негізгі талап жаңа келген боксшыларды оқыту және тәрбиелеуден тұрады. Бокспен жаңа шұғылданған боксшының мақсаты бокстың әдіс-тәсілдерін үйреніп, арнайы жарыстарға қатысып, III дәрежедегі спорттық көрсеткішті орындау. Бұл уақыт 8-12-айға созылады. Ол қандай бокс мектебін бітіргеніне, жан-жақты дайындығына, өзіне тән әдіс-тәсілдерді ізденуіне, спортшы ретінде қандай тәрбие алуы, оның болашақ спорттық шеберлігіне байланысты болады. Сондықтан, бірінші жылғы оқуда оның негізгі спортқа қажетті психологиялық дайындылығы, мақсаты, тәртібi, көңіл күйі, еңбекқорлығы анықталады. Мұның бәрі жаттықтырушының балаларды спорт секциясында қалай тәрбиелеп, қалай жаттықтыруына байланысты. [11]
Жаңа боксшылармен жұмыс істейтін жаттықтырушы жоғары дәрежедегі педагог, ғылым және білімнің маманы болуы қажет.
Жас бастаушылардың алдына қойылатын негізгі талаптар:
oo боксқа қызықтыру, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
oo жан-жақты дайындық, денсаулықты жақсарту;
oo боксшыға қажетті қасиеттерді дамыту (жылдамдық, күш, төзімділік, ептілік, т.б.);
oo қозғалыс, соққы, қорғаныс әдістерінің негізін оқыту;
oo қарапайым әдіс-тәсілдерді алыс, орта және жақын қашықтықтарды үйрету;
oo құралдарда арнайы жаттықтыруларды игеру;
oo бокс туралы мағлұматтармен таныстыру;
oo ішкі жарыстарға қатысып ұрыстық тәжірибе алу;
oo III спорттық дәреженің талабын орындау.

3.2 Жаңа бастаушы боксшыларға оқу-жаттығу жұмысын өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тыңғылықты жалпы арнайы дайындық әдіс пен тәсілді игерудің негізі болып табылады. Боксшының оларды қалай меңгергеніне байланысты, оның келешек спорт жұмысының нәтижесінде көрінеді. Жан-жақты дайындықтың құралдарын қолданудың негізгі мақсаттары – жалпы жан-жақта дайындау, бұлшық ет жүйесін бірқалыпты дамыту, тепе-теңдікті сақтау, жүрек жұмысын және тыныс алуды жетілдіру. Әр түрлі жаттығуларды таңдағанда біз олардың боксты жаңа бастаушылар екенін, әсіресе, жастар екенін есімізден шығармауымыз керек. Сондықтан, олардың жас ерекшеліктерін, анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Кейбір жаттығулар бокстағы мамандықты дамытуға бағытталған. Сапта жүріп орындайтын жаттығуларды да игеру керек.
Жан-жақты дамытатын жаттығулар: жүріп, тұрып, отырып, жатып орындайтын жаттығулар, қолды, иықты, денені, аяқты, мойын еттерін дамытатын заттармен және заттарсыз орындайтын жаттығулар, одан басқа спорттық ойындар мен де шұғылдану.
Жалпы күшті дамыту үшін жылдамдықты, икемділікті, төзімділікті шыңдау үшін гимнастикалық аспаптарда, сырықта, арқанда өрмелеу, кермеде жаттығу жасау, т.б., жеңіл атлетикалық жаттығулар, биіктікке секіру, ядро итеру, лақтыру және жүгіру керек (қысқа қашықтыққа, әр түрлі биіктіктегi жерлерде жүгіру, спорт ойындары: футбол, баскетбол, қол добын ойнау).
Арнайы жан-жақты дайындық. Арнайы жан-жақты дайындық боксшының өзіне тиісті дайындығына арналған. Ол боксшының әдіс, тәсілді үйренуiмен бірге жүреді. Жаттықтырушы жаттығуларды таңдатқанда боксты жаңа бастаушы өзіне қажетті әдістемелік жаттығуларды таңдап алуы қажет. Одан ұзақ уақыт төзімділікке, қабілеттілікке арналған жаттығуларды үйретіп және қозғалысты, әдіс-тәсілді, жетілдіретін жаттығуларға көңіл бөлу керек.
Жас боксшыны көптеген жаттығулармен қинай берудің қажеті жоқ. Оның бокспен шұғылдануына уақыты қалмайды.[12,13]
Оқыту барысында жан-жақты дайындыққа арнайы күн, арнайы сағаттар белгіленеді (аптасына 3 рет, 2 сағаттан). Жалпы және арнайы жан-жақты дайындауда жоспарланғанда, жаттығудың бүкіл мерзіміне арнау қажет. Арнайы сабақтар арнайы жаттығулармен қамтамасыз етіледі.
Әдіс-тәсілдікке дайындау. Боксшыны үйретуде әдіс-тәсілді оқыту үлкен орын алады. Жаңа бастаушыларды оқытудағы негізгі талаптар – жаттығулардың әдістерін игеру. Олар боксшыға қажетті (жылдамдық, игіліктік, ептілік, тепе-теңдік, арнайы төзімділік күш, т.б.) әдістік шеберлікті, соққыларды, қорғаныстарды, қарсы соққыларды игеруге көмектеседі. Сондықтан бұл жаттығуларға көңіл бөліп, дұрыс орындалуын талап ету қажет. Алғашқы 2-3 ай жаттығу кезінде ерекше көңілді бокс қимылдарының биомеханикалық негіздеріне көп көңіл бөлу қажет. Жас боксшы еркін қозғалысты игеруі керек. Ол қарсыласын әр түрлі қашықтықтан еркін және қарсы шабуылдап әрекет жасайды. Бұл үшін қозғалып жүріп шабуылға, қорғануға арналған жаттығуларды орындауы қажет. Алдымен бiр орнында тұрып жасалады. Алға, артқа адымдап, жанға шеңбермен қозғалады. Бірнеше соққы қимылдарын біріктіріп орындау қажет. Бұл жаттығулар еңкеюлерді, сүңгулерді, алға, артқа адымдауды, қолмен қорғануды үйретеді. Бірінші күннен бастап боксшыны екі қолмен бірге жұмыс істеуге үйрету қажет. Себебі, кейбір боксшыларда бір қол әдет пайда болады. Бір қолдық әдет боксшылардың мүмкіндіктерін тежейді. Әдістемелік нәтижеге жету үшін оқытуды біртіндеп үйрету керек. Алдымен алыс ара қашықтықта дара соққылармен басқа, денеге тіке және қапталдан соққы жасау және олардан қорғану.
Жас боксшы қозғалысты, соққыларды және қорғаныстарды игергеннен кейін, қарсы шабуылды игеруге кіріседі.
Қарсы соққыларды үйрету төмендегідей жүргізіледі:
а) Басқа жалғыз тіке, қапталдан соққы, немесе оң қолмен басқа, денеге тіке соққы берілгенде қажетті қорғаныс қолданылып, қажетті қарсы соққыны басқа немесе денеге жасайды.
ә) Бір соққымен шабуылдағанда қорғаныс және екі соққымен қарсы соққы беру
б) Екі соққымен шабуылдағанда-қорғаныс және екі соққымен қарсы соғу.
Ең негізгі ойды соққылар мен қорғаныстарды дұрыс орындауға бөлу керек. Қарсы соққыларға тап болып қалмауға тырысу қажет.
Алыс ара қашықтықта қажетті соққыларды, қорғаныстарды игерген соң, жас боксшы орта қашықтықта ұрыс жүргізуге кіріседі. Орта қашықтықта көбінесе қапталдан, төменнен соғуды, олардан қорғануды үйренеді.
Жас боксшыларға үйрету кезінде олардың қабілетін, икемділігін, жеке қабілетін, шешімділігін, әдіс-тәсілді игергенін анықтау қажет.[14]
Қозғалыстар. Жаттықтырушының талабына байланысты шұғылданушылар алға, артқа, жанына адымдап қозғалады. Жаттықтырушы боксшылардың қозғалыс кезіндегi салмағын аяқтарға дұрыс ауыстыруын қадағалау керек.
Бір адым, екі адым, үш адым қозғалыстарды алға-артқа жасауды меңгерген соң аралас адымдарды үйреніп шыңдауға кіріседі. Жалпы саптағы қозғалыстарды игерген соң қозғалысты жұптасып орындауға әрекет жасайды. Жұптасып істейтін жаттығуларды өз беттерімен орындайды. Әрбір жұп өзіне берілген орнында барлық бағытқа қозғалады. Жаттықтырушы бақылау кезінде ескертулер жасап тұрады.
Орта және жақын ара қашықтағы қозғалыстар кезінде адымдар қысқа болса, боксшы жинақы болып, аздап алға еңкейген күйде болады.
Қозғалыс әдісін үйренудің алғашқы кезеңінде жиі кездесетін қателіктер төмендегідей:
а) дененің, бастың және қолдардың дұрыс жағдайда болмауы;
ә) қозғалыс кезінде аяқ арасы қашықтығының бұзылуы;
б) қозғалыс аяқ ұшымен емес, барлық табанмен орындалуы;
в) аяқ пен дене қозғалыстарының келіспеуі;
г) табандардың дұрыс орналаспауы қозғалысты қиындатады;
д) дұрыс қозғалғанда тепе-теңдікті жоғалту.
Қозғалысқа үйренудің алғашқы кезеңінде көп көңіл бөлу қажет.
Соққы әдісін дұрыс үйрену үшін ұратын қолдың жұдырығын дұрыс ұстап, оны орау қажет. Алдымен соққыны үйрету бiр орнында орындалады, сосын бір адым алға адымдап, артқа адымдап, жанына қарап шеңбер бойымен қозғалып орындалады. Соққыға үйреткенде көңіл аударатын жәй, оның дәлдігі, жылдамдығы. Шұғылданушыларға ескертетін тапсырма: соққыларды қолды артқа созбай орындау қажет. Өйткені, ол қарсыласына ескерту болады.
Жиі кездесетін қателіктер:
а) Соққыны орындағанда қозғалыстың дұрыс орындалмауы;
ә) Алға, артқа, жанға қозғалғанда қолдың қимылдарымен дене қозғалыстарының үйлеспеуі;
б) Шабуыл кезінде жинақтылықтың жоқтығы: дененiң, бастың қарсы соққыға дайын тұруы;
в) Соққы қолдың ішкі жағымен орындалу;
г) Боксшы тырысып, өз қимылдарын орындай алмайды;
д) Соққылар тек бір ғана бастапқы жағдайлардан орындалады;
ж) Соққы күшті, бірақ дәл емес.
Қозғалыс әрекеттер. Боксшылар соққыларды үйренумен бірге қорғаныс әдістерін де үйренеді. Қорғанысты жұптасып үйренуден бұрын, әрбір қорғанысты жеке-жеке үйреніп, айнаның алдында тексеріп, жаттықтырушының ескертулерін тыңдайды. Оқу жүйесі қорғанысты үйретуге көп көңіл бөлуі керек. Оған жаттықтырушы да, шұғылданушы да әрбір жаттығуда белгілі көңіл бөлу және оның дұрыс орындалуын әдет болуға дейін жеткізуi керек.
Қорғаныс қимылдарын үйреткенде төмендегі ұсыныстарды орындаған жөн: жанға адымдау, артқа шалқаю. Бұл қорғаныс түрі алыс ара қашықтықтарда орындалады.
Соңынан күрделі қорғаныстарды үйренуге кіріседі. Денемен қорғану, еңкею, соққылардан сүңгу, артқа кетіп қалу. Соңынан қорғаныс қосылыстарын қолдану, т.б. Жаттығулар боксшылардың бірі – дұрыс соққылар орындағанша, екіншісі – дұрыс қорғануды қолдағанша жүргізіледі. Соңынан қосынды қорғаныстарды үйренеді.
Жиі кездесетін қателіктер: а) Қолданатын соққыға қарсы алдын ала қорғану; ә) Қорғануды кешігіп орындау; б) Еңкейіп, сүңгіп орындайтын қорғаныстарды үлкен қимылдармен орындау, в) Артқа кетіп қорғанғанда алысқа кетіп қалу; г) Қарсыласымен жақындасқанда қолдардың дұрыс орналаспауы; д) Өз шабуылы кезінде қорғанысты ұмытып кету.
Жақын ара қашықтықта ұрыс жүргізу. Оқудың бірінші кезеңінде жақын ара қашықтықта ұрыс жүргізуге көңіл бөлінбейді. Сонда да әрбір жас боксшы қарсыласымен жақындасқанда қандай әрекет жасау керектігін білуі қажет. Жақын арада ұрыс жүргізудің әдістерін жұптасып үйренуі қажет. Екі боксшы да жинақы тұрысты қабылдап, қолдарды ыңғайлы жағдайда ұстауға тырысады. Қандай жағдайда ұрыс жүргізуді бағдарламайды. Қолдардың арасынан және үстінен соққы жасауды үйренеді.[15,16,19]
Жас боксшыны ұрысқа дайындау. Арнайы жарысқа қатысу жас боксшыға алғашқы сын болып табылады. Мұнда оның не үйренгені, қабілеті көрінеді. Бірінші кездесуде жеңген-жеңілгеніне қарамастан оған дұрыс баға беру керек. Жарысқа дайындықсыз шықпау керек. Жарысқа екі апта қалғанда жас боксшыны ұрыс ережесімен бұрыштағы көмекшінің жұмысымен, ринг ішіндегі ілтипаттармен таныстыру керек. Үйренушi ұрыстарға дайындалғанда төмендегі ережелерді ұмытпау шарт:
а) Ұрыс алдында денені жақсы қыздыру;
ә) Ережеге … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz