Жануарлар дүниесінде психиканың дамуы | Скачать Реферат

0

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ладыгина-Котс эксперименттері және жоғарғы омыртқалылар ойлауының сипаты

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Жоспар

1. Ладыгина-Котс эксперименттері және жоғарғы омыртқалылар
ойлауының сипаты.
2. Жануарлар дүниесінде психиканың дамуы
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ладыгина-Котс
эксперименттері және жоғарғы
омыртқалылар ойлауының сипаты
Жан-жануар затты тек белгілі бір сыртқы ахуалмен, биологиялық
жағдаймен қатысты қабылдайды, ол кезде затқа деген субъективті көзқарас пен
заттың өзінің ара жігі ажыратылмайды: «Заттың өзі шимпанзе үшін тіршілік
етпейді, — деп жазады антропоидтердің «интеллектін» зерттеуші ғалым Н.Н.
Ладыгина-Котс. «Тек тарихи кезеңге дейін өмір сүрген адамның өміріне
араласқан, еңбектің және шығармашылықтың нәтижесінде адамдардың ата-
бабаларының қоғамдық ұйымында пайда болған зат шимпанзе үшін зат ретінде
тіршілік етпейді және өзіндік мағынаға ие болмайды. Қамауда болғанда
шимпанзе әдетте адамдардың қолданатын заттарын қолданудан қашқақтайды. Ол
шар, трапеция сияқты ойын заттарын қолдануын қолданады, бірақ бүл заттардың
бәрін быт-шытын шығарып, олардың сынықтарын ұя салу үшін», яғни
инстинктивті әрекетте қолданады. Зат, сонымен, маймыл үшін дербес
объективті анықтылыққа ие болмайды, маймыл затты не болмаса қорек заты
ретінде, не болмаса конструктивті әрекетінің инстинктивті формасы үшін
материал ретінде, не болмаса төнген қауіп туралы сигнал ретінде қызмет
етеді.
Жан-жануардың психикасы жануардың тікелей ортаға ену, яғни зат алмасу
үдерісі жүре алатындай ортаға ену қызметін атқарады. Бейімделуші ретіндегі
жан-жануардың мінез-құлқының типін анықтайтын дәл осы зат алмасуда оның
психикасының мәні жатады.
Жан-жануар үшін заттардың объективті жағдайы және объективті
байланыстары өмір сүрмейді. Ол үшін өмір сүретін тек оның өзінің ағзасы
және ортаның тиісті компоненттерінің байланысы ғана. Жан-жануар өзі өмір
сүретін ортада бағдар алуға дағдыланады және бүл бағдардың мәні оның өзінің
ағзасының ортаға енуінде, табиғатпен тұтастануында, онымен бірігуінде болып
табылады. Психика не бары осындай тура, табиғи, биологиялық байланыс каналы
ғана.
Мұндай каналдың болуы өздігінен жан-жануар енді табиғаттан бөлініп
шықты дегенді білдірмейді. Психиканың пайда болуымен жан-жануар табиғат
циклінен бөлек ешқандай тіршілік кызметінің циклін бастамайды. Ағза — орта
жүйесінде психика толығымен қызметтік рөл атқарады. Қызметтің бейімделуші
формасына бейімделуші интеллект сәйкес келеді.
Тура осы мінез-құлық формасында, тіршілік әрекеті типінде жануарлар
мен адамның психикалық әрекетін, маймылдың «интеллекті» мен адамның
интеллектін ажыратудың объективті өлшемі жатыр. Жануар мен адамның
психикасына олардың тіршілік әрекетінің типіне қатысты талдаусыз,
абстрактылы тұрғыдан қарастыру адам мен маймылдың интеллектісінің тең
екендігі туралы ғылыми негізсіз қорытындылар жасауға әкеліп соқтырады.
Абстракты түрде алынған психиканың өзін зерттемей, субъективті түрде
сананың өзін өздігінше зерттемей, ал керісінше, субъектің тіршілік
әрекетінің объективті әдісін зерттеу гносеология мен психологияның шын
мәніндегі ғылыми дамуының жолы болып табылады. Дәл осы объективті тіршілік
әрекетінде танымның шын мәніндегі ғылыми теориясын, жалпы идеалдылық
теориясын құру үшін қажетті және жеткілікті нәрсенің бәрі берілген. Бұл
жерде материализмнің бүкіл Маркске дейінгі гносеологиясы жіберген қате және
осы қатемен идеализм бет ажарын сатқан тар шеңбер алынды. Дәл осы шешуші
жағдайды диалектикалық материализм позициясын ұстанбай психиканы, сананы,
танымды зерттеушілердің бәрі түсінбеді.
Қазіргі заманғы буржуазиялық психология үшін жоғары сатыдағы
жануарлардың «интеллектісін» зерттеу, жануардың бүкіл тіршілік әрекетіне
қатысты талдаусыз олардың «ақыл деңгейінің қабілеттеріне» байланысты
эксперименттерді қарастыру жалпы ережеге айналды. Адамға ұқсас жануарлардың
психикасын зерттеуші танымал ғалым В.Келер былай деп жазды: «Шимпанзенің
саналы мінез-құлқы тура адамның мінез-құлқындай» және «ол сондай-ақ адамға
ғана тән мінез-құлықтың формасын көреді»1. Горилла, шимпанзе, орангутанды
зерттеген Иьркс өзінің адамдарға ұқсас маймылдардың мінез-құлқына арналған
кітаптарының біреуін «Адам дерлік» деп атады. Басқа бір кітабында ол
мынандай қорытындыға келеді: егер шимпанзеде попугайдың дыбыс
тітіркендіруші қабілетіндей қабілет болса, онда ол сөйлей алатын еді.
Шын мәнінде жоғарғы сатыдағы жануарлардың интеллектісі мен адамның
интеллектісін теңестіру мағынасыз, өйткені жануарлардың «интеллектуалдық»
әрекеті тек биологиялық стимулдарға байланысты болады. Тіптен егер
жануарлардың психикасын тек оның формальды, «техникалық» жақтарынан ғана
қарастыратын болсақ, онда бұл жағдайда да оның биологиялық
детерминделгендігін көреміз.
«Сан алуан түрлі өсімдік және жасанды материалдармен жасалған көптеген
ондаған мың манипуляцияларды талдау нәтижесінде, — деп жазады Н.Н.Ладыгина-
Котс, — шимпанзенің әрекетінің негізгі формалары, олардың спецификасы және
оның еркін нақты әрекетінің ерекшеліктері де анықталды. Біздің биологиялық
мәліметтер негізінде алынған, антропоидтердің табиғи шарттардағы өміріне
қатысы бар бұл ерекшеліктер шимпанзенің нәрселермен болған әрекетінің әрбір
формасының биологиялық шарттығын айқындады. Қолдану интенсивтілігі, келу
жүйелілігі, әрекеттің түрлі формаларының құрылымы мен динамикасының
айырмашылығы маймылдың мінез-құлқының қалыптасуындағы өмір салтының,
ортаның шарттарының ерекше рөлін оның психикасының детерминділігін оның
тіршілік ету шарттарымен дәлелдей отырып, айқындап берді» .
Шимпанзенің психикасы оның мінез-құлқының сол уақыттағы орта
жағдайының ерекшеліктеріне тікелей қосудың құралы болып қалады. Жануар өзін
қоршаған табиғи ортамен тікелей біріктірілген, теңестірілген болып қалады.
Оның «импульсивті мінез-құлқы сыртқы және ішкі ортаның шарттарын
қиюластырудан шығатын импульстерге толық тәуелді, яғни субъектінің … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz