​Жанар Хамитова екінші мәрте тұрмыс құруға дайын екенін айтты

0

​Жанар Хамитова екінші мәрте тұрмыс құруға дайын екенін айтты

Он жылдам астам уақыт жұрт көзінен таса жүріп, жақында ғана сахнаға қайта оралған Жанар хамитова «Ревю» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты жоспарларымен бөліскен. Әнші он жыл отасқан жолдасымен 2018 жылдың 26 желтоқсанында ресми түрде ажырасқан. Бірақ екі ұлы күйеуінің қолында қалған. Енді өзі екінші мәрте тұрмыс құруға ниетті.


 
«Жиі кездесіп тұрамыз. Балаларым таңнан кешке дейін оқуда. Осында. Күйеуім балаларымның барлық шығындарын төлейді. Балаларым барлық үйірмелерге қатысады. Мысалға қазір олар қала сыртына кетті. Екінші рет тұрмыс құру жоспарда бар. Бірақ білмеймін, бәрі әдемі. Түркияда күйеуімнен кеткеннен кейін ұсыныс жасағандар көп болды. Қайсын таңдасам екен деп ойлаймын. Қазір тұрмыс құруға дайынмын»-дейді әнші.
 
Ал Жанардың жаңа продюсері Сиви Махмуди : «Бәріміз әйел затымыз ғой. Әйел адам бір-бірін түсінеді. Қыз баланың тағдыры тұрмысқа шыққаннан кейін оңай болмайды. Ол қандай жерге шықса да оңай жолы болмайды. Бірақ Жанардікі өзгеше. Тұрмысқа шыққаннан бастап емес, естуім бойынша тағдыры кішкентайынан оңай болмаған. Құдай қаласа, Жанарды тұрмысқа бергенше өзім жауаптымын»-дейді.
 
 

reactor.inform.kz