Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

0

Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

Жаңа жыл жақындап қалды. Демалысқа шығып, ауыл аймаққа, демалысқа шығатын жандар үшін ауа райын білу аса маңызды.

29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында елімізде күн суытады. Сынап бағанасы -25, -30 градус, кей аймақтарда -33, -38 градус аралығында аяз болады.

2 қаңтардың кешінде шығыста температура -40 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік шығыста жауын-шашын болып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстіктің өзінде -3, -8 градус суық болады деп күтілуде. Кей аумақтарында -15, -20 градус суық болады.

Батыста Жаңа жыл кезінде қар жауады. Тұман мен көктайғақ болады. Бірақ қатты аяз болып, температура төмендемейді.

Осыған дейін Қазгидромет «Республиканың батысынан ауысып келген циклонның ықпалы солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста сақталады. Сондықтан, Жаңа жыл алдында аяздар басылып, қар жауып, бұрқасын соғады», — деп хабарлаған болатын.


Дереккөз: https://massaget.kz/