Жаңа тауарға баға белгілеу | Скачать Курстық жұмыс

0

ЖОСПАР
Кіріспе
І-Тарау.
Баға. Баға құрылымы
Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
ІІ-Тарау.
Баға және баға саясаты.
Бағалардың негізгі функциялары, олардың түрлері мен баға қалыптасудың факторлары.
Кәсіпорынның баға саясатының өңделу жолдары.
Баға қалыптасу тәсілдері және сұранымның қалыптасуы.
Бағаны мемлекеттік реттеу
Бағаны белгілеу тәртібі және кезендері
ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының баға жүйесі
Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері
Қорытынды

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты — Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.
Жалпы курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда — баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық.
Екінші тарауда — толығымен бағаны тұрақтандырудың Қазақстан республикасындағы модельдеу үлгісіне, баға мен сұраныс, ұсыныс түсініктері арасындағы байланыстарға арналды.
Үшінші тарау — Қазақстан Республикасының баға жүйесі мен ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аудардық.
І-Тарау. Баға құрылымы
Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Баға — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм — барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға — ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға — тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша — несие саясаты — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша — несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.
4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.
5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.
Банк функциясының ішкі нысаны — төлем айналымы бойынша әсері — банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар — тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.
Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.
ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың модельдері
Баға және баға саясаты. Бағалардың негізгі функциялары, олардың түрлері мен баға қалыптасудың факторлары. Маркетинг кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Коммерциялық фирма әрекетнің түпкі нәтижесі бағаға байланысты болады. Бағаға тұтынушылар, тауар құны, сұраныс, ұсыныс зор әсерлерін тигізеді. Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын бес қызметі бар. Олар:
1. Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығын керек екендігін көрсетеді. Тауарды өндіру үшін қанша еңбек, шикізат, материалдар, басқа да өндіріс құрал-жабдықтары жұмсалғанын баға арқылы анықталады.
2.Ынталандыру қызметінің мәні әр түрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады. Өндірушінің табысқа жету әрекеті баға арқылы ынталандырылады. Бағаның осы қызметі шығынды кемітіп, пайданы көбейту үшін ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, ресурстарды тиімді үнемдеуге, өнімнің сапасын жақсартуға ынтадандырады. Сапалы және жаңа тауар жоғары бағамен сатылса, пайда көбейеді.
3.Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды. Ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында, қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік топтары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді.
4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы ара қатынасына баға күшті ықпал тигізеді. Баға сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін орнатуда икемді құрал болып табылады.
5. Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі. Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған қандай факторлар әсер етеінін біле отырып, оларды талдау қажет. Ол көбінесе сыртқы себептерден болады. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: шығындар, тұтынушылар, тауар қозғалысына қатысушылар, бәсекелестер, мемлекет. Осы факторларға қысқаша тоқталайық. 1.Шығындар түпкі бағаға аса қатты әсер етеді. Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге, транспортқа, қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты. Бұл шығындар бағаны белгілей кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейі белгіленеді. Баға деңгейі тұрақты болғанда, іс-жүзіндегі шығындар көлемінің өзгерісі пайданың әрқалай көлемде түсуін бейнелейді.
2. Тұтынушылар. Баға және сату көлемінің өзара тәуелділігін екі себеппен түсіндіруге болады. Біріншісі, сұраныс пен ұсыныс заңының әрекеті және баға икемділігі; екіншісі, әртүрлі нарық сегменттері тұтынушыларының бағаға деген жауап әрекеті.
Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағытына қарай тұтынушыларды төрт топқа бөлуге болады:
үнемдеп сатып алушылар тобы — бұл топтағы тұтынушылар тауар бағасына, сапасына, түр-түріне, ассортиментіне көп көңіл бөледі және осы тұтынушыларға жарнама қатты әсер етеді;
дербестендірілген сатып алушылар — бұлар тауар бейнесіне, сатушылардың қызмет көрсету деңгейіне көңіл бөледі;
этикалық сатып алушылар — өздерінің сатып алуымен кішігірім фирмаларды қолдауға әзір және олардың тауарларына қымбат баға төлеуге дайын;
көңілсіз сатып алушылар — тауарды пайдалану ыңғайлылығын және қолайлылығын жоғары бағалайды.
Бағаны белгілеу стратегиясы.
Фирма түпкі бағаны белгілеп, одан кейін оның деңгейін маркетингтік ортаны факторларына қарай анықтайды. Мұнда келесі баға белгілеу тәсілдері қолданылады: жаңа тауарға баға белгілеу, тауар номенклатурасы бойынша баға белгілеу, географиялық принцип бойынша баға белгілеу, жеңілдіктерді қолдана отырып баға белгілей, өтімді ынталандыру үшін баға белгілеу, баға арқылы кемсітушілік. Жаңа тауарға баға белгілеу. Баға құру мәселелері тауардың өміршеңдік кезеңіне тығыз байланысты. Әсіресе тауарды нарыққа енгізу сатысы баға белгілеу процесіне көп талап қояды. Фирма нарыққа жаңа тауарды ұсынған кезде екі түрлі стратегияны қолдануы мүмкін: қаймағын алу стратегиясы және тауарды баянды ету стратегиясы. Қаймағын алу стратегиясы — нарыққа патенттелген жаңа тауарды ұсынған кезде фирма бірден жоғары баға қояды, кейін сату көлемі төмендеген сайын бағаны төмендетіп отырады.
Бұл стратегияны төмендегі жағдайларға қолдану қажет:
тұтынушылардың көпшілігінің сұраныс деңгейі жоғары болса;
өндірістің шағын көлемінің шығындары фирма пайдасын жоққа ұшырататындай асып кетпесе;
алғашқы жоғары баға тауардың жоғары сапалы бейнесін қамтамасыз етсе. Нарыққа тауарды баянды енгізу стратегиясында керісінше, жаңа тауарға көбірек тұтынушыларды тарту үшін және нарық үлесін ұлғайту үшін салыстырмалы төмен баға қояды. Нарықтың керекті үлесіне жеткеннен кейін фирма бағаны көтере бастайды.
Бұл стратегияны қолдану үшін мына жағдайлар ескерілуі қажет:
нарық бағаға өте икемді болса және ол төмен бағаның өсуіне келешекте мүмкіндіктер беретін болса;
өндіріс көлемі өскен сайын шығындар азаятын болса;
төмен бағаның деңгейі бәсекелестерге тартымды болмаса.
Ассортименттік баға белгілеу стратегиясы. Бұл стратегия көбінесе сұранысы бірқалыпты емес, бірін-бірі толықтыратын және ауыстыратын (субститут) тауарлаға қолданылады.
а) Бағалардың номиналдан жоғары стратегиясында негізгі тауарға өте жоғары баға және бірі-бірі алмастыратын тауарға төмен баға белгіленеді. Кәсіпорын негізгі тауардан пайда алады, ал бірін-бірі ауыстыратын тауар есебінен шығынға ұшырайды, дегенмен өндіріс ауқымын өсіруге және сату көлемінің өсуінен пайда алуға мүмкіндігі бар.
ә) Кешенді баға белгілей стратегиясы — екіқұрамды және шығынды лидер, еліктіргішті (приманка) атты бағалардың пайда болуын білдіреді. Еліктіргішті немесе шығынды лидер бағасы танымал маркалы тауарға қолданылады, тауардың бағасы сатып алушыларды дүкенге келтіру мақсатымен төмендетіледі. Ал, сол тауарды құраушы бұйымдарға жоғарырақ баға белгіленеді. Негізгі тауар төменгі бағамен сатылғандықтан, сатып алушы көбінесе қымбат құраушы бөлшекті сатып алуға дайын.
б) Имидж стратегиясы дегеніміз — тауардың негізгі үлгісіне төмен баға, ал оның басқа атаудағы немесе басқа түрдегі үлгілеріне жоғары баға белгілеу. Бұл стратегия фирмалық тауарлар және олардың модификацияларына қойылады, өйткені тұтынушылар үшін тауардың сәндік (эстетикалық) және сезімдік (эмоциялық) құндылықтары маңызды болып келеді. Мұндай саясат көбінесе киім, косметика, кондитер өнімдері сияқты тауарларды өткізу кезінде қолданылады, себебі мұнда тұтынушы үшін тауардың эстетикалық және эмоциялық құндылықтары маңызды болып табылады.
Баға стратегиясын қолдану мынадай шарттарды орындауды талап етеді:
нарықтың оңай сегменттелуі және нақты шекаралары болуы тиіс;
таңдалған нарық сегменттері сұраныстың қарқындылығымен ерекшеленуі тиіс;
бағалары төмен сегменттерден бағалары жоғары сегменттерге тауарды қайта сату мүмкін болмауы тиіс;
тауар жоғары бағамен сатылып жатқан сегментке төмен бағалы бәсекелес еніп кетпеуі керек.
Бәсекелестік баға белгілеу стратегиясы әрқашан бәсекелестерге қарағанда, төмен баға белгілеуге негізделеді.
Нарық құрылымына, бәсекелестердің саны мен мүмкіншіліктеріне қарай фирма мына үш стратегияның біреуін таңдай алады:
1) нарыққа ену;
2) баға лидеріне қарап, баға белгілеу;
3) бәсекелестің бағасынан жоғары баға белгілеу.
Нарыққа ену стратегиясы.
Мұндай стратегия нарық үлесін жаулап алу мақсатымен төмен баға тағайындауды көздейді, ол тек сыйымдылығы және баға бойынша сұраныс икемділігі жоғары нарықта тиімді болып табылады. Бұл стратегия мынадай жағдайларға ғана қолданылады:
баға бойынша сұраныс икемді. Бұл жерде сатып алушылардың кең ауқымын қанағаттандыру мақсатында төмен баға баға белгіленеді;
тауар нарыққа енгеннен кейін шиеленіскен бәсеке туу мүмкін, ал бұл стратегия нарықа енудегі кедергі болып табылады;
сату көлемін ұлғайту арқылы өнімнің бір бірлігіне кететін шығындарды азайтуға болады.
Нарықтық лидерге қарап баға белгілеу стратегиясы олигополистер арасында қолданылады. Фирма өз бағасын олигополист — лидердің баға деңгейімен салыстыру арқылы белгілейді. Бұл стратегия бойынша фирма тауарларына бағаны нарықтағы лидер бағасына сәйкес қатаң белгілеуге тиіс емес, олар белгілі бір шекте лидер бағасынан ауытқуы мүмкін. Осы стратегияны қолдану кейде қауіп туғызып, күрделі қателіктерге әкеледі, себебі лидер — фирма баға қою саясатын үнемі дұрыс жүргізе алмайды немесе өз бәсекелестерін әдейі алдап, адастыруы мүмкін. Кейбір жағдайда лидер — фирма бағалар соғысын жариялап, аутсайдерді нарықтан ығыстырып шығарады.
Кәсіпорынның баға саясатының өңделу жолдары
Тауар қозғалысына қатысушылар бағаны белгілеу процесінде маңызды рөл атқарады. Олардың пікірімен санасуға тура келеді, өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жағымды тауар бейнесін жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді. Тауар тез арада сатылуы үшін өндіруші түпкі бағаны қатаң бақылауға алуы мүмкін, егерде:
1. тауар бағасы алдын ала келісіп белгіленсе;
2. бөлшек саудасы аз болса;
3. консигнация шарттарын пайдаланса;
4. тауар қозғалысына қатысушылар пайда көлемін жеткілікті алса.
Көтерме және бөлшек саудадағы тауар қозғалысының негізгі қатынасушылары бағаны қатаң қадағалауы мүмкін, егер де:
өндірушіге өзінің маңызды екенін көрсете білсе;
пайдасыз тауарды өткізуден бас тартса;
бәсекелес өнімді қоса өткізіп, тұтынушының сатушыға деген адалдығын қалыптастырса.
Маркетинг тұрғысынан фирма әрекетінің ортасы талданады. Баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлінеді:
бағаны артық бақылайтын орта. Онда бәсеке деңгейі жоғары, тауар бір типтес, ұқсас деп сипатталады. Бұл ортада фирма тауарын төмен бағамен ұсынса, ол тауарға сұраныс көбеюі мүмкін, өйткені тұтынушылар бағасы төмендеген тауарларға тез ауады. Ал басқа бәсекелестер жауап қайтару ретінде ұқсас тауарлардың бағасын төмендетуі мүмкін.
Бағаны фирма бақылайтын орта. Оған шектелген бәсеке тән және ұсынған тауарлардың ерекшеліктері болады. Бұл ортада фирманың жұмыс істеуі және іс-әрекеті оңайлау болады. Тауардағы бағасы жоғары немесе төмен болса оны алушы тұтынушылар әрдайым болады.
Бағаны мемлекет бақылайтын орта. Қоғамдық транспорт, энергетика, коммуналды қызмет және де басқа салаларда кездеседі. Мемлекет орындары тұтынушылардан және өндірушілерден жан-жақты ақпарат жинаған соң нақты баға деңгейін белгілейді.
Мемлекет. Кәсіпорынның бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді. Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:
Мемлекет бағаны өзі белгілейді.
Мемлекет баға қою ережелерін бекітеді.
Еркін келісімді бағалар қалыптастырады. Баға белгілеу ісі қиын және көп сатылы процесс болып табылады. оны жалпы алғанда қысқаша былай сипаттауға болады: 1 сурет. Бағаны есептеудегі негізгі процесс Ең алдымен фирма нақты тауар арқылы қандай нәтижеге жетуді көздейтінін білуі қажет. Баға құру стратегиясы негізінде нарық жайғасымын шешу арқылы белгіленеді. Сол жағдайда фирма өзінің түпкі мақсатын белгілеуі мүмкін.
Іс жүзінде жиі кездесетін мақсаттар мыналар:
Фирма өзінің өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл мақсат нарықта өндірушілер көбейіп кеткен жағдайда және тұтынушылардың қажеттері өзгерген кезде қолданылады. Өзінің тауар өтімін қамтамасыз ету үшін және жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін фирма көбірек сату мақсатымен бағаны төмендетеді.
Күнделікті табыс көлемін максималдау. Фирма сұраныс пен шығындарды талдап, жоғары табыс беретін бағаны қояды. Бұл саясатта ұзақ мерзімді мақсаттар шетте қалады да, күнделікті қаржы-қаражат көрсеткіштері фирмаға маңызды болады.
Нарық үлесінде жетекші орын алу. Нарықтағы үлесі ұлғаю арқылы шығындары төмендеп, ұзақ мерзімді табыс көлемі жоғарылайды. Осы мақсатпен фирмалар бағасын мүмкіндігінше төмендетіп, нарықты кеңірек қамтуға тырысады.
Сапа көрсеткіштері жағынан жетекші орын алу. Нарыққа ұсынылған барлық тауарлардың ішінде фирма өзінің тауары жоғары сапалы болуына ұмтылады. Ол үшін ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізіп, тауар көрсеткіштерін жақсартады және тауарына жоғары баға қойып, оның өте сапалы, жаңа технологиямен жасалғанын сатып алушыларға жеткізуі қажет. Сұраныс икемділігне төмендегі факторлар әсер етеді:
өзара алмасушы тауарлардың саны және оларға қол жетерлігі;
тауардың қажеттілікті қанағаттандырудағы маңыздылығы және тығыздылығы;
тауарды қолдануға қажет қосымша заттар саны және олардың бағасы;
тұтынатын тауар мөлшері;
тұтынушылардың табысы және сатып алуға кеткен шығын днңгейі;
бәсекелестер әрекетінің тиімділігі;
өтімді ынталандыру шаралары.
Сұранысқа қарай тауардың максималды бағасын анықтауға болады. Ал максималдық баға фирма шығындарымен шектеледі. Себебі шығыннан төмен баға фирманы шығынға батырып, банкротқа апарады. Фирма шығындары екі түрлі — тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындар дегеніміз — олар өндірілген өнімдер көлемі өзгерсе де өзгермейтін шығындар (мысалы, іимарат шығындары, жалақысы, еңбек құралдарына жұмсалған шығындар). Олар өндіріс пен оның көлеміне тәуелсіз болады.
Айнымалы шығындар — өндіріс деңгейіне тікелей байланысты болады (мысалы, отынға, шикізатқа, еңбек ақы, жанар жағармай шығындары).
Тұрақты және айнымалы шығындардың жиынтығы жалпы шығындар деп аталады. Фирма тауарына баға белгілегенде жалпы өндіріс шығындарын тауарды сатып қайтаруы тиіс. Олай болмаса, өндіріс үзіліп, тоқтайды. Өндіріс дамып кеңеюі үшін баға шығындардан асып, пайда әкелуі қажет. Осыдан шығындарды үнемдеу қажеті туындайды.
Максималды бағаны сұраныс, минималды бағаны шығындар анықталса, орта баға мөлшеріне бәсекелестер және олардың нарықтағы стратегиялары әсер етеді. Сондықтан бәсекелестердің тауарларының өтімін, олардың сапасын және бағасын біліп отыруы қажет.
Ол үшін:
фирма өкілдері бәсекелестердің тауарларымен танысу үшін оларды сатып алып талдайды;
фирма бәсекелестердің прейскуранттарымен танысуы мүмкін;
фирма бәсекелестері қолданатын өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алып, оларды талдап деңгейін білуі мүмкін;
бәсекелестердің тауарлары және бағалары туралы тұтынушылардың пікірлерін сұрап, білуге болады.
Тауардың нақты бағасын жоғарыда айтылған сұранысты, шығындарды, нарықтағы бәсекелестердің жағдайын анықтап белгілеуге болады. Осы факторларды есепке ала отырып маркетинг тәжірибесінде баламалы баға құру әдістері қалыптасқан.
1.Орта шығындарға пайданы қосу әдісі — бұл қолдануға ең оңай және кең тараған әдіс. Бұл әдісте тауардың өзіндік құнына орта пайданы қосып баға деңгейі белгіленеді. Шығынға қосылатын орта пайда әр тауар түріне стандартты (бірдей үлесте) болуы мүмкін. Сонымен қатар, шығынға қосылатын пайда … жалғасы