Жаңа рекорд. Instagram-да ең көп лайк жинаған пост

Бүгін, 14 қаңтар күні, Instagram әлеуметтік желісінде ең көп лайк жинаған пост жаңарды. Пост @world_record_egg атты қолданушыға тиесілі. 4 қаңтар күні жарияланған жай ғана жұмыртқаның суреті бүгінде 22 миллионнан аса лайк жинап, @kyliejenner атты қолданушының рекордын жаңартты. Лайк саны әлі де көбейіп жатыр.
«Бәріміз бірге жаңа әлемдік рекорд орнатып, Instagram-дағы ең көп лайк жинаған пост етейік. Кайли Дженнердің рекордын (18 миллион) бұзайық! Біз бұған жетеміз!», — делінген постта.
Осы уақыт ішінде парақшаға 2 миллионнан аса адам жазылған.
Бұған дейінгі рекорд америкалық модель Кайли Дженнерге тиесілі еді. Оның сәбиінің суреті әзірге 18 миллионнан аса лайк жинаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
stormi webster ????????
Дереккөз: https://massaget.kz/