Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
Мамандығы:музыка мұғалімі
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …3
Негізгі бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..6
І Заманауи мектеп — заманауи мұғалім … … … … … … … … … … … … … … …6
1.1Жаңа қоғам мұғалімі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 6
1.2Мұғалімдерге қойылатын негізгі кәсіптік талап … … … … … … … … … … .8
ІІ Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру … … … … … … … … … … … … … … ..14
2.1 Педагогикалық процес құрылымы … … … … … … … … … … … … … … … 14
2.2 Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру … … … … … … … … … … … ..20
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … 30
Кіріспе
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі — ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу — бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.
Курстық жұмысының өзектілігі. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті — білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. — адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі — рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.
Зерттеу нысаны. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауы туралы жазылған мақалалар мен ой пікірлерді негізге ала отырып жаздық.
Зерттеу пәні. педагогика
Курс жұмысының мақсаты. Педагогикалық үрдістің ғылыми-әдістемелік сипатын ашып, іс-тәжірибе тұрғысынан қарау
Зерттеу міндеттері.
oo Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін талдауда, өзімдік ерекшеліктерін байқату.
oo Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерін өз тәжірибесінде қолданыла алуын қалыптастыру.
oo Өз бетінше жұмыс істеуін күшейту, өзінің іс-әрекеттеріне педагогикалық шеберлікті қалыптастыру қызығушылығын ояту.
oo Мұғалімдердің кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау
oo Педагогтердің ғылыми-әдістмелік негіздерін жасау
Зерттеу болжамы. Жақсы тәлімгер — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады
Зерттеудің жетекші идеясы. Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлін айқындау
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жақсы тәлімгер — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептелетіндігін ашып көрсету, педагогикалық шеберлік пен үрдіс қағидаларын көрсету зерттеу жұмысының жаңалығына жатқызылады. Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Зерттеудің теориялық маңызы. Мұғалім — барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі екендігін толықтай түсіну. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Ғасырлар мақсаты — саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.[1,26] Педогогтік шеберлік — дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет — баланы құрметтеу.
Зерттеудің практикалық маңызы. Оқушылар алдында мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, өзіндік қағадалары мен педагогикалық шеберлік жолдарын талқылау, көру, үйрену. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Заманауи мектеп — заманауи мұғалім
0.1 Жаңа қоғам мұғалімі
Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай — деп Сократ айтқандай егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуына табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау — басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім — ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету — мұғалімнің басты міндеті.
Осы міндетті шынайы өз мәнінде атқару мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгей бойынша оқып алған сертификаттың жауапкершілігі зор екенін түсіндім. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі — баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру[2,46бет].
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға — ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Сабақтардағы басты өзгерістер бұрынғы өткен дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы көбінесе оқушылардың топпен біріге отырып жұмыс жасауында және оқушылар жаңа тақырыпты проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты өздері ашуы және мақсат қоя білуінде. Сондай-ақ басқада өзгерістер әрі қарай үй тапсырмасынан бастап, сабақтың әр кезеңдерінде де, сабақты қорыту барысында да көрініп отырды. Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан, әртүрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын — мүмкін, қате немесе толымсыз — ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін. Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу — оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп, жан — жақты білім алуына көмектеседі[3,89 бет].
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де — білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде.
Ұлағатты ұстаздың осы сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз — ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр.
Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы — ақпараттандырылған, жан — жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектепте мұғалімдерге қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізгі талаптарды толықтыра отырып, жаңа реформалық үлгідегі талаптарды ұсынамыз. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз себептігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекетті субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.
Заманауи сабақ оқушыдан нені талап етеді?
— Оқуда жетекшілікті қабылдау
— Оқуда жетекшілікті іздеу
— Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу
— Өздігінен басқара оқуын көрсету
— Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау
— Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау
— Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету
— Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету
— Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын
— Мектеп өмірінде алған білім — біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу
— Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындай алу
— Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген мерзімде орындап шығу
— Өз оқуын, уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет
— Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну
— Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау
— сәтті оқу үшін кедергілерден өтуі
Заманауи мұғалім — бүгінгі қоғамның да, қазіргі заман мектебінің де сұранысы. Педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері — сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі — сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілікпен жетілдіруге болатынына еңбек жолымда көзімді жеткіздім[4,56бет].
Жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырады.
Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады», — деген болатын.
XXI ғасыр — ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу — әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім — барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер — информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту,
ХХІ ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, оны қолданыста кең пайдалана білуі керек.
1.2 Мұғалімдерге қойылатын негізгі кәсіптік талап
Мұғалім мамандығы — барлық мамандықтың анасы — дегендей, ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Сондықтан, жаһандану үрдісінде шығармашылық ізденістегі әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі-ұстаз.
Ахмет Байтұрсынов өз сөзінде : Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек , — деген пікірі маңызды деп есептеймін. Себебі, әрбір мұғалім өз пәнін сүйетін, әрбір оқушының жүрегіне жол таба білетін, оқушыларды өздігінен білім алуына және сабаққа жеген қызығушылығын арта түсінуіне жол аша білетін өз ісінің шебері болуы тиіс[5,103 бет].
Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы , жүрегі — мұғалім. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен есептеледі. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Әрине, бұл мәселені шешудің кілті- ұстаздардың қолында.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев : Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр, — деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату — екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол себептен, ұстаз болу — жүректің батырлығы деп бағалауға болады.
Қазіргі ақпаратты қоғамда мұғалім бейнесі де, оны оқушылардың қабылдауы да үлкен өзгеріске ие болып отыр. Қоғамның жылдам өзгеруінен болар, үнемі жаңашылдықты, өзгерісті мұғалімдер де , жас ұрпақ та талап етіп тұрады. Қазіргі оқушы білім беруші ұстазының тек ақпаратты жеткізуші, тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар, жаңашыл қөзқарасты тұлға, кеңесші , қолдаушы, олардың жан дүниесін түсінетін жантанушы ретінде көргілері келеді. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оның ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру — мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі , ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Мектеп оқушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін , үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына , сөйлеу мәнеріне еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол , адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай ұстаздар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады. Осылайша, заманауи мектеп мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерід шеш білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген , білім беру үрдісін басқара алатын , бәсекеге қабілетті , шығармашыл тұлға болуы қажет.
Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының , жас ұрпақтың, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады.
Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема — жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру.
Ендеше, ХХІ ғасырддың нағыз ұстазы, яғни заманауи педагог бейнесі ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан , жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, ізгілігі мол , әр іске жаңашылдықпен , улкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, өмір бойы білім алуға дайын, ақпаратық технологияларды толық меңгерген толыққанды құзырлы тұлға[6,78бет].
ХХІ ғасырда, бүкіл ғаламдану заманында, соның ішінде білім беру саласындағы өзгерістердің орын алуына сай мұғалім алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы зор болып отыр. Қазіргі мұғалімдер рухани байлықты бойына жинаған, заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман.
Мұғалім бұрын информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы болса, қазіргі заманда керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оқушының өзін — өзі тануына жол ашу, сыни ойлай білетін, өз білімін кез келген ортада қолдана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, бойындағы қасиетті дамыту, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау — бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу — тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру — заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау — бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: Жаңа формацияға жаңа педагог қажет- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден — бір қызмет етуі керек. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек[7,49бет]. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Ғасырлар мақсаты — саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру, — деген тұжырым жасады[8,12бет]. Атақты педагог — ғалым В. А. Сухомлинский Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым — шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер — ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады. — деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі деген.
Елбасымыз Н. Назарбаев: Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті — білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. — адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі — рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс[9,16бет]. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар, əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар.
Президенттің халыққа жолдаған Жолдауларында айқындық көрсеткен білімді жетілдіруге арналған әлемдік Кембридж тәсілін енгізу кеңінен қолға алынды. Бағдарламаның жаңаша оқу тәсілдерін меңгеріп, оны іс-тәжірибеде қолдану және мұғалімдердің оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындау керектігі жөніндегі мәселені шешуге бағытталды.
Қазақстан Республикамыздың білім беру жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр — Назарбаев Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті ашылып, мектептер e-learning жүйесіне қосылып, мұғалімдерді жаңа әдіс — тәсілдермен оқытуға үйрететін курстар өтіп жатыр, сонымен қатар мектептердің тиімділігін өлшейтін және арттыратын құралдар жылдан жылға дами отыруда (Ұлттық Бірыңғай тестілеу, мектептердің мемлекеттік аттестациясы, ОЖСБ). Бұл — жаңалықтарды енгізудің көрсеткіштері болып табылады. Қазақстан Республикасындағы білім беру жолдарын дамытудың 2011-2020 жылдарға арнаған мемлекеттік бағдарламасының жобасында елімізде оқитын жастарға сапалы білім беріп, рейтингілердегі білім көрсеткішінің көтерілуі мен еліміздің білім беру жүйесін арттыру үшін ұстаздардың мәртебесін көтеру, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамыту жолдарын қамтамасыз ету, сондай- ақ ұстаздардың еңбегіне үкіметіміздің қолдауы мен ынталандыруын арттыру жолдарына үлкен мән берілген . Соған байланысты қазір Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар кез келген ұстаздың ойлануына анық[10,58бет].
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында елімізде деңгейлік курс бағдарламаларын оқыта отырып, жаңа формация мұғалімдерін даярлауда. Бағдарламаның негізгі идесы — ХХІ ғасырда нені оқыту керек? және Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды? Деңгейлі бағдарлама барлық мұғалімдерді оқу тәжірибесін өзгерту үшін НЕ істеу қажет, осы өзгерістерді ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы қарастырады.
Ұстаз — егемен еліміздің жас өркенін білім нәрімен сусындататын, сапалы тәрбие беретін ірі тұлға. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптың жоғары екенін айқын белгілеп отыр. Соған сәйкес мен өз тарапымнан мұғалім ретінде педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын Қостанай қаласының Педагог шеберлік орталығының оқытудағы Кембридж тәсілі негіздерін бойынша шығармашыл пән мұғалімдеріне арналған 3 айлық курсты оқып, сертификатталдым. Кембридждік әдістің теорияларын меңгеріп, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері 7 модульді практикалық түрде қолданып, оның артықшылдықтарына көз жеткізіп жүрмін[11,48бет].
Бүгінгі тaңдa әлeмдeгі білім бeру жүйeсі бір aрнaғa тoғысқaн. Бaтыс eлдeрінің oзық бaғдaрлaмaлaры oқу прoцесіне eніп, eліміздeгі жалпығa білім бeрeтін мeктeптeрдe қoлдaнылып кeлeді. ХХІ ғaсырдa oқушыдaн тaлaп eтілeтін дaғдылaр жaңa дeп aйтуғa бoлмaйды. Мәсeлeн, сын тұрғысынaн ойлaу мeн прoблeмaлaрды іспeн шeшу дaғдылaры eртe зaмaндaғы құрaл жaсaу, aуыл шaруaшылық жeтістіктeрі, вaкцинaны oйлап тaбудaн бaстaп қaзіргі зaмaнғы зeрттeулeргe дeйінгі бүкіл aдaмзaт тaрихының өн бoйындa адaм прогрeсінің сeнімді сeрігі бoлды. Нақтыдaн бaстап кeшенді сaрaптамaлық білімдeрді игeру қaжеттігі дaғдылaры дa бүгін пaйда болғaн емeс. Плaтонның The Republic (Республикa) дeген eңбегінде зият дeңгейінің төрт түрі турaлы сөз болaды. Aл ұжымдық жәнe жeке тaбыстaрдың осындaй дaғдылaрдың бoлу, бoлмауына тәуелді бoлуы турaлы қoрытынды шын мәніндe жaңалық. Oсыған байлaнысты мeктептeр сын тұрғысынaн ойлaуға үйрeтуде, әрбір oқушының жекe дaралығынa қaтысты прoблемаларды шeшу үшін ынтымaқтастық жүргізудe өте мұқият бoлғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін мектеп директорлары өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым құзырлы және тиімді мұғалімдердің ат салысқаны құба-құп.
Қазіргі заманның жаңа формациядағы мұғалімі — баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасай алатын рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс орната алатын, білімнің заманауи жаңа мазмұнымен қаруланған, әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мұғалім болуға тиіс.
ІІ Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру
2.1 Педагогикалық процес құрылымы
Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы.Қазіргі педагогикалық процесс түсінігі бірден қалыптасқан жоқ. М.А.Данилов «Педагогикалық процесс — педагогикалық теорияның обьектісі» деген еңбегінде, ең бастысы, әр түрлі құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын көрсетті.
Ғалымдардың зерттеулеріне байланысты педагогикалық процестің түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды.
Педагогикалық процестің мәнін әлеуметтік-педагогикалық жағынан түсіну бағыты Э.И. Моносзон мен З. Филонов еңбектерінде көрсетілді.
Кеңестер одағы мен бұрынғы социалистік бағыттағы елдерде, ГДР-де шыққан еңбектерде «педагогикалық процесс» оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылады.
Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде (АҚШ, Англия, Австралия) «педагогикалық процее» деген ұғым «оқыту» деген сөздің баламасы ретінде қолданылады.
«Педагогикалық процесс» анықтамасын ең алғаш Каптерев П.В. анықтады. Ол оны «білім беру процесі» ретінде қолданды. Ондағы өзіндік іс-әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Каптерев ұсынып отырған анықтамада «педагогикалық процес» ұғымы біртұтас үлкен бір құбылысты көрсететіні, оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды. Түйіндей келе, П.Ф. Каптерев педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие бірұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде болуы. Сонымен бірге, бұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастары туралы ой байқалады[11,72бет].
Кеңестік педагогикада «педагогикалық процесс» ұғымын Н.К Крупская., С.Т.Щацкий, А.П.Пинкеевич, А.С.Выготский, А.Г Калашников толықтырып зерттеді.
Н.К. Крупская өзінің алғаш жазған еңбектерінің бірінде «болашақ мектебі ерікті оқушылар ассоцияциясынан болуы қажет, олар өз алдына мақсат етіп бірлескен әрекеттері арқасында ойлар патшалығына жол салуды қояды. Бұндай мектепте мұғалім тек қана бай тәжірибесі мен білімдері бар жасы үлкен жолдас, ол оқушылардың өз бетімен оқып білім алуға көмектеседі.» Осы айтылған пікірде мұғалімнің рөлі мен оқушылардың өзара қатынастарына назар аударылады.
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Егер әр оқушының өз ықылас-ынтасы, қызығушылығы бірінші орынға қойылса, онда ол өз бетімен ойын дамытып, білімін толықтырып отырады. Бала мектепте бір пәнді өте жақсы көріп, қызығып оқып, енді біреуіне мүлде назар салмауы мүмкін. Осы назар аудармаған сабағының болашақта өзіне керек екенін ол түсіне бермейді. Баланы кез-келген пәннен жалықтырып алмау, оның қызығушылығын арттыру үшін қандай әрекеттер жасау керек? деген сұраққа жауап іздеу көптеген әдістемелерді, әдіс-тәсілдері дүниеге әкелді[12,15бет].
Сондықтан қазіргі кезде педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналуда. Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы сабақтың артықшылығы, оның жеке топтық және фронталды жұмыстарды қолайлы түрде үйлестіру мүмкіндігінің кең болуында. Сондай -ақ ол мұғалімге материалды жүйелі және дәйекті түрде беруге мүмкіндік береді. Сабақпен ұштасып келетін сыныптан тыс және үйдегі оқу жұмыстарында, оқушылар білім мен әдет-дағдыларды ғана меңгеріп қоймайды, сонымен бірге танымдық іс-әрекеттің түрлі әдістерін меңгереді. Сабақ педагогикалық іс-әрекеттің мағынасы мен мазмұны, әдіс-тәсілдері арқылы тәрбие тапсырмаларын да нәтижелі шешуге мүмкіндік береді.
Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қаблеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М. Абдильдин).
Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның кереге көзі бастапқы абстракция болып қалыптасудың қас қағым сәті (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Нақгылы шындыктан тыс алынған педагогикалық, тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретінде, бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына толық сәйкес келеді, қатынасушылар негізгі қарама — қайлықгардың ерекшеліктеріне.
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.
Педагогикалық шындыкқа тән көп жақы болады, нақгылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп- салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылдрдың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс — әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, қалыптасудың қас қағым сәті арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады (1 суретті қараңыз).
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жән -ересектер ( ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған ( опредмеченных ) іс -әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің
I — педагог
II — сынып ұжымы
III — қосаркы сыныптарының ұжымы
IV — жалпы мектеп ұжымы заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс — әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.
Белгілі бір уақытқа дейін окушы өз бетімен әлеуметтік тәжірбиені іс — әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайдьі, яғни мазмұннан іс — әрекет тәсілдерін ала алмайды (бұны қалай істеуге болады). Сондықтан ол басқа ұстаз — оқушы жүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін — өзі бағалауды қалыптастыра алмайды. Өзін бағалау басында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым — қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа оқушы -оқушылар жүйесі пайда болады. Ол бұл алғашқы ұжым сатысы, онда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді (И. Кон) [13,59бет].
Барлық мәдени байлықтарды және іс — әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім сынып ұстаздары элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекеттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе сынып ұстаздары сынып оқушылары пайда болады.
Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігіңде көптеген іс — әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе мектеп ұстаздары — мектеп оқушьшар коллективі қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, мектеп-оқушылар жүйесінің өмір сүруі қызметі (жағдайыньщ өзгеруі) мектептің педагогикалық процессі болады
Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан (қалыптасу қас қағым сәті) бірінші деңгейдегі жүйеге (адам) көтерілу арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz