Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері | Скачать Материал

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері
Жалпы білім беретін мектеп реформасының қайсысы болмасын, оның мүлтіксіз жүзеге асырылуы сапалы оқулыққа тікелей байланысты. Себебі, мектеп оқулығы барлық оқу үрдісінің өзіндік озық үлгісі болып табылады. Ол оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар, жұмыстың әдістемелік тәсілдерін, жалпы бағытын және оқытушы мен оқушының көңіл-күйін анықтап отырады.
Кез келген ғылымда оқулықтарды даярлаудың өзіндік әдіснамасы қалыптасқан, яғни оқу әдебиеті құрылымы мен мазмұнын іріктегенде ғылыми теорияға негізделіп, дидактикалық, логикалық-психологиялық талаптарға сай құрастырылуы қажет.
Қазақстан егемендік алғанға дейінгі кезеңде бізде мектеп оқулықтарын даярлау тәжірибесі тек жеке оқу пәндері бойынша ғана болатын. Олардың кейбіреулері бірнеше рет қайта басылды. КСРО тарағаннан кейін ғылым мен практика дамуының жоғары деңгейіне сәйкес келетін, соның ішінде базистік оқу жоспарының инварианттық бөліміне енген негізгі оқу пәндерінің барлығын қамтитын жаңа буын оқулықтарын даярлау өзектілігі арта түсті.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің қолындағы оқулықтың негізгі білім беру идеясы — еліміздің оқу стандарты талаптарына сәйкес, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, білім мазмұны Отанымызда тұратын халықтардың жетістіктері мен тәжірибесін қамтуын да қажет етеді.
Қазіргі кезеңде «Жаңа буын оқулықтары», «ХХІ ғасыр оқулықтары», «Компьютерлік оқулықтар» деген тәрізді жоғары қарқынды және үдемелі сөздерді көбірек естиміз. Әрине, бұған да негіз жоқ емес. Бірақ ол үшін мұғалім мен оқушыға қажетті терең ойластырылған оқу құралдары кешендерін даярлау керек. Мұндай кешенді құраушылардың негізі оқулық болып табылады. Осыған байланысты мынадай маңызды сұрақ туындайды: бүгінгі оқулық қандай болу керек? Бұл сұраққа жауап іздестіруде біз тәжірибелі педагогтардың пікірлері мен бақылаулары нәтижесінде берген ұсыныстарын және қазіргі қолданыста жүрген оқулықтарды сараладық. Олардың талап-тілектері мынаған саяды.
Біріншіден, оқулық жоғары дәрежелі маман мен мектепте тәжірибесі бар оқытушымен, яғни мұғалім-практикпен бірлесе отырып жазылуы керек. Екіншіден, баланы оқытудан бұрын оқулық тәжірибелік сынақтан өту қажет. Ол бағдарламаға сәйкес, балалардың психологиясы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, кез келген сыныптағы оқушыға керек ақпаратты қамтуы тиіс. Үшіншіден, мұғалім оны «аударып» отырмауы үшін оқушыға оқулықтың тілі түсінікті болуы тиіс. Ал кейбір қазіргі оқулықтарды оқығанда автордың теориялық-әдіснамалық мәдениетінің толымсыздығын, мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған оқу кітаптарын жазуға дайындығының қажетті деңгейде болмауын, мұндай күрделі жұмысқа әзір еместігін байқаймыз. Олардың тілінің күрделілігі сонша, кітаптың мәтіні автордың диссертациялық жұмысына ұқсастығы көрініп тұрады. Мысалы, тарих оқулығының тілі ғылыми монографиядан, болмаса жоғары оқу орындары оқулығынан айырмашылығы аз. 5-11 сынып оқушыларына бірімен-бірі шатасып жатқан, жүйесіз сөйлемдерден тұратын, ұзақ тізбекті саяси-географиялық атаулар ұсынылады. Мәтіндегі ғылыми, кейде шет тілдік терминдер түсініктемесіз беріліп, сан, атау, фактілер мен оқиғалардың көптігі оқушының қабылдауына қиындық тудырып, оқулықты анықтама кітапқа айналдырып жібереді. Оқыту әдістемесін тарихи мазмұнмен көмкеру бағыты байқалады. Авторлар пән мазмұнына көбірек көңіл бөліп, оқулықты дайындауда педагогикалық, көбінесе әдістемелік тәсілдерді ескере бермейді.
Әсіресе, жаңа буын оқулықтарында этникалық бағыт сипат алған. Сараптаулар көрсетіп отырғандай, тарих бойынша материалдар мазмұнын іріктегенде бір авторлар тарихи тұлғаларға көбірек көңіл бөлсе, екіншілері, өлкетану материалдарына, үшіншілері, әлеуметтік-экономикалық тарихқа, төртіншілері, мәдениет мәселелеріне көбірек тоқталады. Мұндай жағдайда, қандай оқулық оқу процесінде қолданылса, мектеп түлегінің де қалыптасуы сол авторлардың түрлі көзқарастары мен әлеуметтік бағыттарына байланысты болып шығады. Тарих пәні оқулықтарында тарихи оқиғалар баяндалғанмен, олардың себеп-салдарын түсіндірмейді. Авторлар оқиғаларды сипаттаумен шектеледі. Мұндай бағыт оқушының тарихи ойлау білігі мен дағдыларын қалыптастырмайды. Тіпті бұл тарихи фактілер мен құбылыстардың өзара байланысын көру мен терең талдауға үйрете алмайды. Сөйтіп, оқулық ойлауға емес, еске сақтауға ғана бағытталады.
Содан тарих оқулықтарының теориялық-әдіснамалық өзегі әлсіз шығады. Қоғамдағы тарихи білім мен өзіндік таным мәселесі бойынша жаңа ақпарат берілмеген, ежелгі дүние, орта ғасыр, қазіргі кезеңге байланысты мәліметтер жоқтың қасы.
Осылайша, 3 проблема өзгеріссіз қалып отыр: іріктеу, материалдың мазмұны және құрылымы.
Мектептегі тарих пәні мазмұнында мынадай мәселені ескеру қажет деп білеміз:бірінші, қоғам өмірі аспектілерінің арақатынасы. Меңгеру нысаны тек қана саяси, дипломатиялық немесе әскери тарих мәліметтерін ғана емес, өткен дәуірдегі негізгі өмір аспектілерін қамтуы;
екінші, мазмұнның бағыты экономика, саясат, адамгершілік, дүниетаным, өнер, қоғамдық қозғалыстар және т.б. өзара байланыстары мен өзара әсерін түсінуін қамтамасыз етуі керек; үшінші, мазмұнға қойылатын талаптар оқу айналымына «адам факторы» және әр кезеңдегі тарихи үдерістердің әртүрлілігі мен көпқырлылығын, күрделілігін көрсететін тарихи фактілерді енгізуге сұранып тұр; төртінші, тарихты оқытудағы гуманизация, адам рөлін терең де ауқымды тұрғыда қарастыруды көздейді.
Оқытушы өзінің қоғам және балалар алдындағы жоғары жауапкершілігін сезінуі, сондай-ақ мектептегі оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз етудегі оқулықтың мәнін терең түсінуі қажет. Қазақстанда мектеп оқулықтарының теориялық-әдіснамалық проблемаларын зерделеумен айналысатын және барлық білім беру деңгейлеріне, соның ішінде 12 жылдық мектептерге арналған оқу әдебиеттері, оқу-әдістемелік кешендер (электрондық кітаптарды қосқанда) дайындау, сараптау, саралаумен айналысатын «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының құрылуы көңіл қуантады. Әрине, бұл мәселе педагогика ғылымы зерттеулерінің бағыттары екені даусыз, әсіресе әдістеме төңірегінде. Біз мынадай сұрақтарды қарастыруымыз керек: мектеп оқулығы қандай болу керек? Оқу материалы мазмұнын іріктеу және оны құрастыру қандай принциптерге негізделеді? Мектеп оқулықтарының сапасын бағалау өлшемдері қандай? «Кері байланысты» қамтамасыз ететін және оқулықтар сапасы жөніндегі біздің ой-пікірлерімізді жүйелеуге мүмкіндік беретін механизмдер қандай? Мектеп типіне, сыныптарға байланысты әр пән бойынша қанша оқулық қажет және ол бір жағынан оқушының таңдау мүмкіндігін, екінші жағынан құндылық мәнін қамтамасыз ете ала ма? Оқулықта не болуы қажет, ал мұғалімге арналған әдістемелік құрал нені қамтуы қажет?
Оқулықта пәндік мазмұнға сәйкес, міндетті түрде шығармашылықты дамытуға бағытталған тапсырмалардың үлес салмағының көп болуы, оқушының стандартты емес жағдайдағы тапсырманы орындауы, олардың өзгермелі өмір жағдайында білімін шығармашылықпен қолдану біліктерін дамыта түседі. Мұндай талаптар мынадай өмірлік жағдайларға тікелей байланысты:
біріншіден, қазіргі кезеңде оқушылардың оқу мотивациясының ашық прагматикалық бағыт алуы. «Оқулық» орталығының зерттеулері бойынша оқушылардың 62,5 пайызының оқу мотиві — «Болашақта қызықты, қоғамдық маңызды, жоғары ақылы жұмыс табу»; респонденттердің 15,5 пайызы ғана «Білімді өз бетімен алуға үйрену» мотивін көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды — мектеп оқушыларының оқу білігінің төменге қарай даму жағдайын көрсетеді;
екіншіден, оқушылардың құндылық бағыттарының төмендеу тенденциясының байқалуы, әсіресе жеке тұлғалық бейнедегі «мәдениетті және білімді адам», «шығармашыл, жоғары білікті маман», сондай-ақ «өмірде өз дегеніне жеткен адам», «өзінің жағдайын жақсартуға қабілетті адам», «тәртіпті, еңбекқор маман» мәні артуда.
Оқу құралындағы ақпарат пәндік мазмұнды берумен қатар, жүйелі сипатта болу керек. Оқулықтарда теориялық материалдың оңтайлы берілуі, оның кесте, сызба, басқа да көрнекіліктермен толықтырылуы өте қажет. Сонымен қатар, тапсырмалар жүйесі, жаттығулар топтамасы күрделену … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер